Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Жоба туралы
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің

2016 жылғы 22 маусымдағы шешімімен

(№ 81 хаттамасымен) бекітілді

 

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне толықтырулар

 

1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№ 66 хаттамасымен) бекітілген, Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне, мынадай толықтырулар енгізілсін:

1)     8-тармақ келесі басылымдағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен бекітілген, Астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жасақтау мен оны жүргізу қағидаларына сәйкес, астық қолхаттары ақпараттық жүйесінің www.minagro.kz веб-порталында астық қолхаты иеленушінің ЭЦҚ қол қойылған, электрондық бұйрыққа сәйкес, астық қолхатын бағаны көтеру әдісімен аукционға немесе тендерге қою;»;

2)     68-тармақ келесі басылымдағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«1-1) ұйымдастырушы астық қолхатын бағаны көтеру әдісімен аукционға немесе тендерге қою кезінде;»;

3)     келесі басылымдағы 72-1 тармағымен толықтырылсын:

«72-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен бекітілген, Астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жасақтау мен оны жүргізу қағидаларымен анықталған тәртібінде, астық қолхатын сату бойынша сауда-саттықтың ұйымдастырушысы мен жеңімпазы, астық қолхаты иеленушісінің арасындағы есеп-айырысу жүзеге асырылады:

- астық қолхатының бастапқы бағасынан он бес пайыз мөлшерінде жеңімпаздың кепілдік жарнасын, ұйымдастырушы сауда-саттық өткізілген күнінен бастап үш күнтізбелік ішінде, астық қолхаты иеленушінің есеп-айырысу шотына аударады;

- сауда-саттық өткізілген күнінен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, жеңімпаз сату бағасын (кепілдік жарнаны шегеріп тастап) ұйымдастырушының есеп-айырысу шотына аударады;

- астық қолхаттары ақпараттық жүйесінің www.minagro.kz веб-порталында, астық қолхатын есепке алу/есептен шығару электрондық бұйрыққа жеңімпаздың ЭЦҚ қол қойылған күнінен бастап үш күнтізбелік күні ішінде (бірақ сауда-саттық өткізілген күнінен бастап отыз үш күнтізбелік күнінен кешіктірмей), ұйымдастырушы сату бағасын (кепілдік жарнаны шегеріп тастап) астық қолхаты иеленушінің есеп-айырысу шотына аударады.».

 

2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, осы толықтырулар 2016 жылдың 23 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Generated in 34ms