Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Жоба туралы
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
Директорлар кеңесінің
2021 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен
(№116 хаттамасы) бекітілген

Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату
бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне
өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен (№116 хаттамасы) бекітілген, Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу Регламентіне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

 

1) 1 -тармақта:

5), 8), 9), 11), 12), 13), 15) және 20) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі - тізілім веб-порталы) - сатушылардың электрондық деректер қорына және олармен өткізілетін мемлекеттік меншік, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік емес мүлік объектілеріне (бұдан әрі - деректер қоры) қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

8) электрондық конкурс (бұдан әрі - конкурс) - мүлікті сату бойынша сауда-саттық, сондай-ақ проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін тізілімнің веб-порталында жеке инвесторды іріктеу бойынша рәсімі, бұл ретте конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушыларға бағасын арттыру аукционында өз баға ұсыныстарын арттыруға мүмкіндік беріледі;

9) конкурстық өтінім - сауда-саттық туралы хабарламасы мен сатушының өзге де құжаттарына сәйкес жасалған, комиссия конкурсқа қатысушыларды бағасын көтеру аукционына жіберу туралы шешімін қабылдауы үшін сату объектісін сатып алу не жеке инвесторды іріктеу шарттарының кешенді сипаттамалуын қамтитын конкурсқа қатысу үшін өтінімнің құрамында қатысушымен ұсынылатын ұсыныс;

11) бастапқы баға - тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін есепке ала отырып сатушы белгілейтін баға немесе жеке инвесторды іріктеу кезінде уәкілетті ұйым белгілейтін баға;

12) сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) – ұйымдастырушымен жасалған сауда-саттықты тізілім веб-порталында өткізу бойынша электрондық қызметтерін көрсету туралы шартта белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға (сатылу объектісінің меншік иесі және/немесе ол уәкілеттік берген тұлға), уәкілетті ұйым;

13) сатылу объектісі - сатушы сауда-саттыққа шығарған мүлік немесе құрылыс жобасы;

15) жеңімпаз - сатылу объектісі үшін ең жоғары бағаны ұсынған және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған аукционға қатысушы; тендерлік шарттармен келіскен және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған тендерге (жабық тендерге) қатысушы; бағасын арттыру аукционында сатылу объектісі үшін ең жоғары бағаны ұсынған және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушы, бірінші электрондық өтінімді берген және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған астық қолхатын сату бойынша тендерге қатысушы, бағасын арттыру аукционында жоба үшін ең жоғары баға ұсынған және сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойған, проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторды іріктеу кезінде конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушы;

20) сауда-саттық - мүлікті сату түрі/жеке инвесторды іріктеу рәсімі;»;

 

12-1), 13-1) және 16-1) тармақшалары келесі редакцияда толықтырылсын:

«12-1) уәкілетті ұйым - жергілікті атқарушы орган жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрған заңды тұлға, оның негізгі функциялары тартылған қаражат және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін немесе құрылысы жоспарланған тұрғын үй құрылысы объектісін салуды аяқтау, құрылыстың барысын үйлестіру және бақылау болып табылады;

13-1) құрылыс жобасы (бұдан әрі - жоба) - проблемалы объектінің немесе құрылысы жоспарланған тұрғын үй құрылысы объектісінің салынуын аяқтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені;

16-1) жеке инвестор - проблемалы объектілердің құрылысын аяқтауға немесе жаңа тұрғын үй кешендерін салуға қаражатты инвестициялау мақсаты бар, уәкілетті ұйыммен бірлескен қызмет туралы шарттың тарапы болатын жеке кәсіпкер, заңды тұлға немесе консорциум;»;

 

2) 2 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатушыға меншік құқығы тіркелмеген не ауыртпалық салынған мүлікті сатуға жол берілмейді.

Осы тармақтың талаптары «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы мен «KAZKOM Realty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қолданылмайды, олар заңнамада белгіленген тәртіппен «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына және/немесе «KAZKOM Realty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тіркелген және ауыртпалық салынған мүлікті сатушы болуға құқылы.

Осы тармақтың талаптары проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторды іріктеу кезінде қолданылмайды.»;

 

3) 4-тарма қтың 5), 6) және 10) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«5) сауда-саттыққа шығарылатын сатылу объектісі туралы мәліметтердің анықтығын қамтамасыз ету;

6) сатып алу-сату шартын сауда-саттық жеңімпазымен жасасу мен оның орындалуын бақылау (проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторды іріктеу жағдайларын қоспағанда);

10) мүлікті сатуды жүргізу үшін не проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін қажетті басқа да іс-шараларды өткізу.»;


4) 6 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

« 6. Сатушы (заңды тұлға) конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайтын конкурстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құра алады. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

Қатысушыны конкурсқа жіберу туралы комиссияның шешімі комиссия мүшелері жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.»;

 

5) 8-тармақтың 3-1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен бекітілген, АҚҰМЭТ-ін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес, тіркеушілік ақпараттық жүйенің веб-порталында астық қолхаты иесінің ЭЦҚ-мен қойылған электрондық бұйрыққа сәйкес, астық қолхатын бағасын арттыру әдісімен аукционға немесе астық қолхатын сату бойынша тендерге шығару;»;

 

6) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Ұйымдастырушы тізілім веб-порталында орналастырылған сатушы сауда-саттыққа шығарған сатылу объектісі туралы ақпаратқа және тізілім веб-порталының қызметін регламенттейтін ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.»;

 

7) 14-тармақтың 2) және 8) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«2) сатылу объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасы анықталады (астық қолхатын қойған жағдайда, оның сату бағасы анықталады);

8) сатып алу-сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады (проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторды іріктеу жағдайларын қоспағанда).»;

 

8) 15-тармақтың сегізінші және тоғызыншы абзацтары келесі редакцияда жазылсын:

«Сатушы енгізілген мәліметтерге қосымша келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін деректер қорына енгізуін қамтамасыз етеді (проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторды іріктеу жағдайларын қоспағанда):

1) «Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 501 бұйрығына сәйкес бағалау стандарттарына немесе халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес жасалған сатылу объектісін бағалау туралы есеп (астық қолхатын сауда-саттыққа қою жағдайларын қоспағанда);»;

 

9) 16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«16. Сатушы мәліметтер деректер қорына енгізілген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сатушы ұсынған құжаттардың сканерленген көшірмелері мен ақпаратта қателердің (грамматика, пунктуация, орфография) болуын Ұйымдастырушы тексереді. Сатушы осы Регламенттің 15-тармағына сәйкес ұсынған құжаттар сенімді болып саналады және ұйымдастырушының олардың мазмұнын тексеру қажеттілігін болдырмайды.»;

 

10) 35-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«35. Сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатады және сатушы тізілім веб-порталында ЭЦҚ-мен кепілдік жарнаны аудару өтінішіне қол қойған күннен бастап ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде сатушының шотына аударады.

Проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторды анықтау бойынша сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын сатушы тізілім веб-порталында ЭЦҚ-мен кепілдік жарнаны аудару өтінішіне қол қойған күннен бастап ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде сатушының шотына аударады.

Осы тармақта көзделмеген басқа жағдайларда ұйымдастырушы кепілдік жарналарды сауда-саттық өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қатысушының ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған, тізілім веб-порталы қалыптастыратын кепілдік жарнаны қайтару үшін өтініш негізінде қатысушыларға кері қайтарылады.

Егер кепілдік жарнаның сомасы сатылу бағасынан асатын болса, онда сатушы мен сатып алушы тізілім веб-порталында сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұйымдастырушы айырманы жеңімпазға кері қайтарылады.

Егер сатушылар мен сауда-саттыққа қатысушыларға кепілдік жарналарды аудару мен кері қайтару бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, соның ішінде Қоғамның серіктес-банкінің кепілдік жарналарын аудару мен қайтару бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамауы болса, онда Қоғам өз активтерімен жауапты болмайды.

Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Қоғам мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы хабарламасын сауда-саттыққа қатысушы мен сатушының электрондық поштасына дереу жібереді, сондай-ақ міндеттемелерді орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіру мен іске асыруын жүзеге асырады.»;


11) 42 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«42. Егер аукцион басталған сәтте сатылу объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген болса, онда осы сатылу объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады.»;

 

12) 44 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«44. Бағасын арттыру аукционы:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сатылу объектісін бастапқы баға бойынша сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы сатылу объектісі бойынша аукцион өтпеген болып танылады;

2) егер аукцион залында бастапқы баға расталғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі бастапқы бағаны арттыру жолымен сатылу объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда бастапқы бағаны растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сатылу объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер қатысушы бастапқы бағаны растаса, тек бір қатысушы қатысқан аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер бастапқы немесе ағымдағы баға расталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірі бастапқы немесе ағымдағы бағаны растау арқылы сатылу объектісін сатып алу ниетін растаса, онда бұл баға осы Регламенттің 43-тармағында белгіленген қадамға артады.

Сатылу объектісі бойынша бағасын арттыру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған барынша жоғары бағаға дейін өткізіледі.»;

 

13) 45-тармақты келесі редакциядағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Егер қатысушы бастапқы немесе ағымдағы бағаны растаса, тек бір қатысушы қатысқан аукцион өткізілген болып танылады.»;

 

14) келесі редакциядағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

«6-1. Жеке инвесторды іріктеу»;


15) 46-1, 46-2, 46-3, 46-4, 46-5 және 46-6 тармақтары келесі редакцияда толықтырылсын:

«46-1. Жеке инвесторды іріктеу осы Регламенттің 8-тарауына сәйкес конкурс нысанында тізілім веб-порталында өткізіледі.

46-2. Егер конкурсқа қатысу үшін бір әлеуетті инвестор жіберілген жағдайда, конкурс өткізілген болып танылады.

46-3. Жеке инвесторды іріктеу бойынша конкурс қорытындылары сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, конкурс өткізілген күні тізілім веб-порталында қол қояды.

Уәкілетті ұйым мен жеке инвестор арасындағы бірлескен қызмет туралы шартын жасасу рәсімі жергілікті атқарушы орган белгілеген тәртіппен регламенттеледі.

46-4. Конкурс келесі негіздердің бірі бойынша өтпеген болып танылады:

1) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінімдердің болмауы;

2) егер конкурсқа қатысу үшін бірде-бір әлеуетті инвестор жіберілмеген болса.

Осы Регламенттің 46-4-тармағында көрсетілген жағдайларда сатушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың уақыты мен күнінен кейін 24 сағат ішінде ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын өткізілмеген сауда-саттық туралы актіге қол қояды.

46-5. Жеңімпаз осы Регламентте көрсетілген мерзімде сауда-саттық қорытындылары туралы электрондық хаттамаға қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттық қорытындыларының күшін жою туралы актіге қол қояды.

Жеңімпаз бірлескен қызмет туралы шартқа қол қоймаған не жеңімпаз бірлескен қызмет туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық қорытындыларының күшін жою туралы актіге қол қояды.

46-6. Егер конкурс өткізілмеген болып танылса, сатушы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізеді.»;

 

16) 50 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«50. Егер тізілім веб-порталымен қабылданған конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінің не комиссиямен аукционға жіберілген конкурсқа қатысушылардың саны екеуден аз болса, сатылу объектісі бір ғана қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші және кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, конкурс өткізілмеді деп жарияланады.

Егер конкурс өткізілмеді деп жарияланса, осы сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді ашу жүргізілмейді және сатушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың уақыты мен күнінен кейін 24 сағат ішінде ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, тізілім веб-порталында қалыптастырылатын өткізілмеген сауда-саттық туралы актіге қол қояды.»;

 

17) 50-1 тармақ келесі редакцияда толықтырылсын:

«50-1. Сатылу объектісі бойынша тендер (жабық тендер) басталған кезде тіркелген қатысушылар болмаған не сатушы жіберген тендерге (жабық тендерге) қатысушылар болмаған жағдайда, онда тендер (жабық тендер) өткізілмеген болып танылады.

Егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, онда бір ғана қатысушы қатысқан не сатушы тендерге қатысу үшін бір қатысушы жіберген тендер өткізілген болып танылады.

Егер тендер (жабық тендер) өткізілмеді деп жарияланса, сатушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттық уақыты мен күнінен кейін 24 сағат ішінде ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, тізілім веб-порталы қалыптастыратын өткізілмеген сауда-саттық туралы актіге қол қояды.»;

 

18) 72-1 тармақты келесі редакциядағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«- ұйымдастырушы сатылу бағасын (кепілдік жарнасын шегере отырып) астық қолхатын иеленушінің есеп-айырысу шотына жеңімпаз ЭЦҚ-мен тіркеушілік ақпараттық жүйе веб-порталында астық қолхатын есепке алу/есептен шығару электрондық бұйрығына қол қойған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде (бірақ сауда-саттық өткізілген күннен бастап күнтізбелік отыз үш күннен кешіктірмей) аударады.»;

 

19) 2-қосымшаның 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«5. Егер мен (біз) сауда-саттықтың жеңімпазы (-дары) болып анықталған жағдайда, өзіме сауда-саттық өткізілген күні (тендер қорытындылары туралы хаттамаға электрондық өтінім берілген күннен бастап 24 сағат ішінде қол қойылатын астық қолхатын сату бойынша тендерді қоспағанда) сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қою және мемлекеттік мүлік тізілім веб-порталы сауда-саттық қорытындыларын шығарған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін аламын (проблемалы объектілерді салу мен жаңа тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторды іріктеу жағдайларын қоспағанда).».


2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген осы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Generated in 33ms