Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

                             

"Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ
2015 жылдың 1 шілдесіндегі № 201
бұйрығымен бекітілген

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында сауда-саттықтарды өткізу бойынша электрондық қызметтерді көрсету туралы типтік шарт

 

(Күшін жойған)

                                              

 

Астана қ.                             

201   жылғы «___» _______

 

                                              

Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «________________________» АҚ-ның атынан Жарғының негізінде әрекет ететін директор ___________ бір тараптан және бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның атынан Жарғының негізінде әрекет ететін Басқарма Төрағасы Ж.Оспанов екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар, мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында сауда-саттықтарды өткізу бойынша электрондық қызметтерді көрсету туралы шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді.

 

1. Шарттың мәні

 

1.1. Осы шартқа сәйкес Ұйымдастырушының «Сатушылар мен олардың мүліктерін ақшаға айналдырудың электрондық дерекқоры» электрондық ақпараттық ресурсында (бұдан әрі- Ресурс) орналасқан және директорлар Кеңесі шешімімен бекітілген мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне (бұдан әрі - Реттеме) сәйкес, Ұйымдастырушы электрондық сауда-саттықты өткізуде Сатушының мүліктерін сатумен және оны ұйымдастырумен байланысты қызмет көрсетеді.

1.2. Аталған Шарт Тараптардың электрондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша қатынастарын реттейді және бұл Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Сатушының шексіз лоттар санына байланысты шексіз сауда-саттықтарды өткізуге мүмкіндік береді.

1.3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды, атап айтқанда:

1) Шарт;

2) Ұйымдастырушының директорлар Кеңесі шешімімен бекітілген Баға тізбеге сәйкес (Ресурста орналасқан) қызметтердің құны;

3) Реттеме (Ресурста орналасқан).

           

2. Ресурсқа және Жеке кабинетке қол жетімділік

 

2.1. Сатушыға мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін www.gosreestr.kz мекен-жайындағы Ресурста Сатушының Жеке кабинеті (бұдан әрі Жеке кабинет) арқылы Ресурстың функционалына қолжетімділік, Электрондық санды қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭСҚ) қолдану арқылы Сатушымен тіркелу өтішіне қол қойылған соң, аталған Шарттың жағдайларымен Сатушының келісімін куәландыратын және оның өзге де қосымша жағдайынсыз қол қойғаннан кейін және Сатушымен бұл Шарттың 4.1. тармағына сәйкес Ресурсқа қосылу үшін бір төлеммен төлегеннен кейін беріледі.

  2.2. Жеке кабинетті қолдану арқылы Сатушымен өтінімге қол қойылуы келесідей ретпен жүзеге асырылады:

2.2.1. дербес тіркелу (ar.gosreestr.kz ғаламтор бетінде) жасалады:

- Сатушы ретінде (заңды тұлға): заңды тұлғаға берілген ЭСҚ қолдану арқылы және «Заңды тұлға қызметкерінің жұмыс орны, оның ішінде Мемлекеттік мүлік тізілімі және/немесе қаржылық есептілік депозитарийінде» тіркелу арқылы;

- Сатушы ретінде (жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер): жеке тұлғаға берілген ЭСҚ қолдану арқылы және «Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкердің жұмыс орнын» қолдану арқылы;

2.2.2. Жеке кабинете Сатушымен келесідей мәліметтер енгізіледі:

- жеке тұлға үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

- заңды тұлға үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

- сатып алушының сатылым бағасын төлеу үшін және Ұйымдастырушымен өзара есеп айырысуды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банкте банктік есеп-шоттың деректемелері;

- байланыс мәліметтері (пошталық мекен-жайы, сымтетік, факс, e-mail);

2.2.3. Сатушы «Мүлікті сатушы» бөлімшесіне кіреді, бұл жерде:

- немесе электрондық үкімет төлем шлюзін (бұдан әрі – ЭҮТШ) қолдана отырып on-line төлемдерді жүзеге асыру үшін «Бір жолғы төлем төлеу» батырмасын басады, яғни Ұйымдастырушының есеп-шотына 1-2 минут ішінде мұндай төлем түсуді кепілдік етеді. ЭҮТШ арқылы ақша аударылған соң, Ресурс автоматты түрде тіркеу өтінішін қалыптастырады, оны Сатушы ЭСҚ арқылы қол қояды;

- немесе Шарттың 8-бөлімінде көрсетілген төлем шотын алу үшін және кейіннен Ұйымдастырушының есеп-шотына төлем жасау үшін, «Төлем шотын алу» батырмасын басады. Төлем жасалғаннан кейін 2-3 күні Сатушы тіркеу өтініміне қол қою батырмасын басады және Ресурстың мәліметтер дерекқорынан (Банктің төлем жүйесімен біріктірілген) төлемін іздеуді жүзеге асырады. Ресурстың мәліметтер дерекқорында ізделінген төлемді (төлем Ұйымдастырушының шотына құралдар түскеннен соң қол жетімді болады) Сатушы көрсеткен кезінде Ресурс автоматты түрде, Сатушы ЭСҚ қолдана отырып қол қоя алатын тіркеу өтінішін қалыптастырады;

2.2.4. Тіркеу өтінішіне ЭСҚ қолдана отырып Сатушымен қол қою кезінде, аталған шарт Тараптармен Жеке кабинетте автоматты түрде қол қойылады, күшіне енеді және Сатушы Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша қағаз түсінде алынуы мүмкін.

2.3. Тіркеу өтініміне қол қойылған соң, Сатушы (заңды тұлға) Жеке кабинетте келесі тізімді көрсетеді:

- Ресурста және Жеке кабинетте Сатушының (заңды тұлға) атынан және оның тапсырмасымен жұмыс істеуге уәкілетті сенімді өкілдерді;

- Сатушымен жарияланған тендерге (конкурсқа) қатысушылардың өтінімдерін қарауға және тендерге (конкурсқа) қатысты электрондық хаттамаларға қол қоюға уәкілетті тендерлік (конкурстық) комиссия мүшелерді.

2.4. Ресурста және Жеке кабинетте жұмыс істегенде:

- Сатушының (заңды тұлғаның) сенімді өкілдері заңды тұлғаға (Сатушыға) берілген ЭСҚ қолдану қажет.

- Сатушының (заңды тұлғаның) тендерлік (конкурстық) комиссия мүшелері жеке тұлғаға берілген ЭСҚ қолдану қажет.

 

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Сатушы құқылы:

3.1.1. осы Шартпен көзделген мерзімде және кезегінде Ресурсты пайдалану құқығын толық көлемде жүргізуге;

3.1.2. Ұйымдастырушыға Ресурс жұмысының технологиялық ерекшеліктеріне қатысты, ЭСҚ құралдарын қолдану және Ресурс жұмысымен байланысты өзге де сұрақтарға қатысты ауызша және жазбаша түрде консультациялық кеңес алуға;

3.1.3. «Құжатты тексеру» функционалын қолдана отырып, өзінің электрондық мекен-жайынан алынған Ұйымдастырушының басып шығарылған құжаттарын, яғни Сатушының  ЖСН/БСН, құжаттардың жекелей нөмірін көрсете отырып, Ресурспен генерацияланған Ұйымдастырушының барлық құжаттарының шынайылыған салыстыру (Шартты, орындалған қызметтерінің Актісін, төлем шотын, Сауда нәтижелері туралы электрондық хаттаманы және т.б.).

3.1.4. осы Реттеменің 2.2.2 тармағына сәйкес Жеке кабинетке енгізілген мәліметтерді ақысыз өзгертуге.

3.2. Сатушы міндеттенеді:

3.2.1. осы Шарттың 4 бөліміне сәйкес ретімен және мерзімінде Ұйымдастырушының қызметтер құнын қабылдауға және төлеуге;

3.2.2. электрондық сауда-саттықта мүлікті сату кезінде Реттемені басшылыққа алуға;

3.2.3. Жеке кабинетте өзінің сенімді өкілдері мен тендерлік (конкурстық) комиссия мүшелері туралы ақпаратты енгізуге (сатушы - жеке тұлғалар мен сатушы жеке кәсіпкерлерден басқа);

3.2.4. ЭСҚ қолдана отырып Жеке кабинетте келесідей құжаттарға:

1) сауда нәтижелері туралы электрондық хаттамаға - аукцион, тендер, конкурстқа қатысушылар ортасындағы аукцион өткізілген күні қол қоюға;

2) аукционның өткізілмегені туралы актіге - сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың күні мен уақытынан кейін жиырма төрт сағат ішінде қол қоюға;

3) сауда-саттық нәтижелерін жою туралы актіге (Егер жеңімпаз Реттемеде көрсетілген мерзімі ішінде сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қоюдан бас тартса) – сауда саттық аяқталған соң 24 сағат ішінде қол қоюға;

3.2.5. Реттемеде көрсетілген мерзімі ішінде тендерге (конкурсқа) қатысты электрондық хаттамаға, оның құрған тендерлік (конкурстық) комиссиямен қол қоюды қамтамасыз етуге;

3.2.6. үшінші тұлғаға (сенімді өкілдер мен тендерге қатысушылар немесе конкурстық комиссиядан басқаларға) ЭСҚ мен Жеке кабинетке қолжетімділік паролін бермеуге;

3.2.7. Ресурста қызметтерді іске асыру үшін, соның ішінде Жеке кабинетте тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Реттемеде көзделген талаптарға сәйкес сатылу объектісі мен өзі бойынша мәлімет пен шынайы құжаттарды ұсынуға;

3.2.8. Жеке кабинетте деректер өзгерген жағдайда, бір жұмыс күні ішінде, Шарттың 2.2.2. тармағына сәйкес мәліметтерді өзгертуге;

3.2.9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес өзге де міндеттерді алып жүруге.

3.3. Ұйымдастырушы құқылы:

3.3.1. осы Шарттың 3.2-тармағына сәйкес,  міндеттемелер бұзылған жағдайда Сатушының Ресурсқа қолжетімділігін өшіруге;

3.3.2. осы Шарттың 4.3 тармағына сәйкес, ұйымдастырушының алдында қарызды және қосылу үшін шотын төлеген соң Сатушыға Ресурсқа қолжетімділікті қайта беруге;

3.3.3. жалпы қолжетімді әдіспен (оның ішінде: Ұйымдастырушының Ресурсында, веб-сайтында және/немесе Ұйымдастырушының кеңселерінде ақпаратты орналастыру жолымен) Сатушыны бұл жөнінде хабарландыра отырып, Реттемеге, Баға тізбеге және осы Шартқа өзгертулер (толықтырулар) енгізуге. Егер жоғарыда аталған құжаттарға өзгерістер енгізу туралы Сатушыны хабарландырған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, Ұйымдастырушы мұндай өзгертулерді (толықтыруларды) қабылдануынан бас тарту туралы жазбаша хат алмаған жағдайда, Реттемеге, Баға тізбеге және осы Шартқа өзгертулер (толықтырулар) Сатушымен қабылданды деп есептеледі;

3.3.4. көрсетілетін қызметтердің тізімін және жағдайларын дербес анықтауға және оларға сәйкесінше төлем алуға.

3.4. Ұйымдастырушы міндеттенеді:

3.4.1. Ресурстың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етуге;

3.4.2. осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және осы Шарттың жағдайларына сәйкес Ресурсқа Сатушының қолжетімділігін қамтамасыз етуге;

3.4.3. Реттемедегі бекітілген ретте және мерзімде Ресурста Сатушы тіркеген сатылу объектілері және сауда-саттық бойынша бұйрықтарды орындауға немесе мұндай бұйрықтарды орындаудан бас тартуға;

3.4.4. Реттемеде бекітілген мерзімге сәйкес, сауда-саттықтарға қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдау және қайтару, сауда-саттықтарда жеңімпаз болып табылған қатысушының сатушыға кепілдік жарнасын аудару;

3.4.5. осы Шарттың жағдайларына сәйкес,  орындалған жұмыс Актілерін және шот-фактураны Жеке кабинетте көрсетілген Сатушының электрондық мекен-жайына (өткен күнтізбе айынан соң), келесі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынуға;

3.4.6. Сатушыларға Ресурстың технологиялық ерекшеліктеріне қатысты республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында орналасқан аумақтық бөлімшелері арқылы немесе форум арқылы (forum.gosreestr.kz мекен-жайында орналасқан) кеңес беруге.

 

4. Есеп айырысу тәртібі

 

4.1. осы Шарттың 2.2. тармағына сәйкес, сатушының Ресурсқа қосылуға бір жолғы төлемі Ұйымдастырушының қойған төлем шоты негізінде Жеке кабинетте Сатушы тіркеу туралы өтінімді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылады;

Сатушының Ресурсқа қосылуға арналған шот-фактураны Ұйымдастырушы, Сатушының Жеке кабинетте көрсетілген электрондық мекен-жайына, Жеке кабинетте Сатушымен Тіркеу өтініміне қол қойылғаннан кейін бес күнтізбе күні ішінде жолдайды.

4.2. Есептік айдан соң келесі айдың бірінші күні Ұйымдастырушы Жеке кабинетте көрсетілген сатушының электрондық мекен-жайына, Ұйымдастырушының ағымды мерзімде (өткен күнтізбе айынан соң) көрсетілген қызметтер тізімін қамтитын ЭСҚ-мен қол қойылған көрсетілген қызметтер актісі мен шот-фактура жолдайды.

Орындалған қызметтерінің Актісі Жеке кабинетте ЭСҚ қолдана отырып алынған төлем шотын берілген күннен бастап жиырма күн ішінде Сатушымен қол қойылады. Алынған төлем шоты бойынша жүргізілген төлемі туралы ақпаратты орындалған қызметтерінің Актісіне енгізілуімен.

Көрсетілген қызмет Актісі бойынша шот-фактура Жеке кабинетте көрсетілген Сатушының электрондық мекен-жайына, Сатушының Жеке кабинетте көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған мерзімнен бастап, Ұйымдастырушымен бес күнтізбе күні ішінде жолданады.

Егер есепті кезеңде (өткен күнтізбе айынан соң) Ұйымдастырушымен көрсетілген қызметтер болмаған жағдайда, Сатушыға Ұйымдастырушы тарапынан ай сайын көрсетілген қызметтер актісі қалыптастырылмайды және жолданбайды.

4.3. Ресурсқа Сатушының қолжетімділігін қамтамасыз етудің жыл сайынғы төлемі Сатушы тарапынан Жеке кабинетте қосылу үшін өтінімді қалыптастыру кезінде, Ұйымдастырушының берілген төлем шоты негізінде Ресурсқа қолжетімділікті созу немесе қайта жаңғырту кезінде жүзеге асырылады.

Жеке кабинетте қосылу үшін өтінімді қалыптастыру келесідей болуы мүмкін:

- Ресурсқа қолжетімділікті созу кезінде: Сатушымен Ресурсты қолданылуы бірінші күнтізбе жылы аяқталғанға дейін 30 күн бұрын;

- Ресурсқа қолжетімділікті қайта жаңғырту кезінде: Ресурсқа қолжетімділіктен Сатушыны өшіру мерзімінен бастап.

Қосылу үшін өтінімді Сатушымен қалыптасқаннан соң, Сатушы төлем шотын берілген күннен бастап жиырма күн ішіндеЭСҚ қолна отырып қол қояды, алынған төлем шоты бойынша жүргізілген төлемі туралы ақпаратты қосылу өтініміне енгізілуімен.

Қайта қосылу өтінімі бойынша шот-фактура Жеке кабинетте көрсетілген Сатушының электрондық мекен-жайына, Сатушының Жеке кабинетте көрсетілген, Қайта қосылу өтініміне қол қойылған мерзімнен бастап Ұйымдастырушымен бес күнтізбе күні ішінде жолданады.

4.4. Сатушымен төлем жасау теңгеде қолма-қол емес түрде жүзеге асырылады:

- немесе ЭҮТШ қолдана отырып on-line төлемдерді жүзеге асыру үшін Ұйымдастырушының есеп-шотына 1-2 минут ішінде мұндай төлем түсуді кепілдік етеді;

- немесе осы Шарттың 8 бөліміне сәйкес Ұйымдастырушының есеп шотына төлем жасау.

4.5. Шот-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері және төлеу үшін шоттарды Жеке кабинетте басып шығаруға болады немесе Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша қағаз түрінде Сатушымен алынуы мүмкін.

 

5. Жауапкершілік

 

5.1. Тараптар Реттемеге және Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес осы Шартың жағдайларын сақтауға жауапкершілік алады.

5.2. Ұйымдастырушы кінәсінен емес Ресурсты қолдану кезінде пайда болған келеңсіздіктерге, оның ішінде Сатушының Интернет жүйесінің дұрыс істемеуінен және үзіліспен жұмыс істеуінен, Компьютерлік техникалар  істен шығуы әсерінен, болмаса  Компьютерге залал келтірші бағдарламаларың әсерінен, сонымен қатар басқа да Компьютерлік техникаларға байланысты ақаулар үшін Ұйымдастырушы жауап бермейді (оның ішінді және үшінші жақтың алдында да).

5.3. Сатушы Ресурспен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (зиянды бағдарламалық қамтамасыз етумен күрес бөлігінде) жауапты.

5.4. Үшінші тұлға алдында сауда-саттық бойынша процедураларды тиісті емес түрде орындауға Сатушы жауапты болады, оның ішінде Реттемеде бекітілген мерзімдерді сақтау бөлігінде.

5.5. Егер Сатушы өз міндетін атқаруы мүмкін болмаған жағдайда яғни Ұйымдастырушы шарттың талаптарын, Регламентті (Реттемені) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын  бұзған жағайда яғни Ұйымдастырушышының жауапкершілігі туындайды.

5.6. Осы шартты орындау кезінде пайда болған барлық келіспеушілікті және одан туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешілуге тиісті, ал келісімге келмеген жағдайда даулар соттық тәртіппен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде Ұйымдастырушының орналасқан мекен - жайына байланысты Астана қалалық экономикалық соты арқылы шешіледі.

 

6. Форс-мажор

 

6.1. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Ұйымдастырушы мен Сатушының есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Ұйымдастырушы мен Сатушы тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен қызметтерді көрсетуге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

6.2. Тараптар шарасыз күштердің салдарынан (форс-мажор), немесе Тараптардың саналы бақылауынан тыс және Тараптардың өз міндеттемелерін орындауды осындай жағдайларда мүмкінсіз деп есептеуге негізді болатын кез келген уақиғалар шарасыз күш жағдайларына жатады, соның ішінде:  оқыс оқиғалар, соғыс,   осыған ұқсас мемелекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарымен қаралғандай оқшаулау әрекеттері кездерінде, осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін,  жауапкершіліктен босатылады.

6.3. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Ұйымдастырушы Сатушыға мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Сатушыдан өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Ұйымдастырушы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.

6.4. Ұйымдастырушы және Сатушы, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

6.5. Егер форс-мажор жағдайы 20 (жиырма) күнтізбе күнінен созылып жатса, онда осы Шарт бойынша әрбір Тарап әрі қарай міндеттемесінен бас тартуға құқығы бар және бұл жағдайда да басқа Тараптан ықтимал шағындарды өтеуге Тараптардың ешбірінде де құқығы болмайды.

 

7. Басқадай жағдайлар

 

7.1. Осы Шарт жариялы болып саналады және Ұйымдастырушының Ресурсында еркін қолжетімді орналастырылады.

7.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздері бойынша, тоқтағанға дейінгі кезеңде әрекет етеді.

7.3. Сатушы кез келген уақытта осы Шартты бір ждақты бұзуға құқылы (бір жақты бас тарту). Ұйымдастырушыға осы шартты бұзу туралы өтініші Сатушымен жазбаша хат түрінде ұсынылуы қажет. Ұйымдастырушымен нақты қызмет көрсетілуінің тоқсатылуы Сатушының хатта көрсетілген мерзімінен бастап жүзеге асырылады. Алайда осы Шартты бұзу Сатушының бар қарыздарын төлеу міндеттемесінен босатпайды.

7.4. Осы клісім шартының немесе, Регламент (Реттеме)  қағидаларын Сатушы бұзған кезде, және басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылғандай, Ұйымдастырушы осы шартты бір жақты тоқтатуға құқылы (біржақты тоқтату), Сатушының Жеке кабинетте көрсетілген электрондық мекен жайына, Ресурстан ажыратылғандығы туралы, оның  ішінде қатысушы ретінде де қатыса алмайтынтындығы туралы  электрондық ескертпе хабарлама жолдау арқылы ескертіледі.

7.5. Осы Шартта немесе Реттемеде реттелмеген барлық жағдайларды, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарында басшылыққа алады.

7.6. Осы Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Мемлекеттік және орыс тілдерінде мәтіндерінде қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.

 

8. Тараптардың деректемелері мен қолдары

 

Сатушы:                

 

Ұйымдастырушы:

«Ақпараттық-есептеу  орталығы» 

акционерлік қоғамы

010000, Астана қ., Республика даңғылы, 29 үй

Тел. (7172) 55-29-81, iac@gosreestr.kz

Банктік деректемелер:

БСН

БСК

ЖСК

Банк:

 

Директор

 

___________________  

М.О.

Банктік деректемелер:

БСН 050540004455

БСК KZKOKZKX

ЖСК KZ52 9261 5011 0203 2004

Алушы Банк: «Казкоммерцбанк» АҚ

 

Басқарма Төрағасы

 

____________________ Ж. Оспанов

М.О.

 

Generated in 112ms