Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...
ДОГОВОР №__________________________

2018 жылғы 7 ақпандағы № 89 АЕО Бұйрығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БҰЙРЫҚ

 

 

 

Электрондық сатып алу-сату шартының

үлгілік түрін бекіту туралы

 

 

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына және Қоғамның директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 66 Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентінің 68 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1.   Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сатушы және сатып алушымен қол қойылатын Электрондық сатып алу-сату шартының қоса берілген үлгілік түрі бекітілсін.

2.   Осы бұйрық Қоғам Басқармасының хаттамалық шешімі болып табылады және қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді.

 

 

Басқарма Төрағасы

Ж. Оспанов

 

                                                                 

 

 

 

 

 

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

2018 жылғы 7 ақпандағы №89 бұйрығына

қосымша 

 

№___ Үлгілік сатып алу-сату шарты

__________________________________________

(объектінің атауы)

 

___________ қаласы

20 ____ жылғы «___» _______________

 

                                   

 

Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын _________(сатушының атауы)___________, 20__ жылғы «___» _____ № _____ __________________ бекітілген 20__ жылғы «___» _____ № _____ ______(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____негізінде әрекет ететін Басшы бір тараптан және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ______(сатып алушының атауы)______ атынан ____(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_____ екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», төмендегілер туралы осы Сатып алу-сату шартын жасасты:

 

1. Шарттың мәні

 

1.1. Осы Шартқа сәйкес «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында (бұдан әрі – Портал) Мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне сәйкес (бұдан әрі – Регламент), Сатушы ___________ (бағаны көтеру немесе төмендету аукционы, тендер, конкурс) әдісімен өткізілген электрондық аукцион нәтижелерінің ___жылғы __ ________  № _______  хаттамасына сәйкес _________ (объектінің атауы) (бұдан әрі - Объект) сатады, ал Сатып алушы сатып алады.

1.2. Объектінің сату бағасы ___________(_____________) теңгені құрайды.

1.3. Сатушы Объектіні мынадай шарттар бойынша бөліп төлеуге рұқсат етеді: ______.

 

 

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

2.1. Сатушы:

2.1.1. Объектіні осы Шарттың 1.2-тармағында белгіленген Сату бағасы бойынша сатуға;   

2.1.2. Сатып алушы аукционға қатысқаны үшін ___________ (_____________) теңге мөлшеріндегі аударған кепілдік жарнаның сомасын аванстық төлемді төлеу есебіне есептеуге;

2.1.3. Сатып алушы осы Шарттың 2.3.1-тармақшасы бойынша Сатушы алдындағы, оның ішінде егер мұндайлар орын алған болса, өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындаған кезде Объектіні Сатып алушының меншігіне күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша немесе акциялардың мемлекеттік пакетін сатқан жағдайда бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою арқылы беруге міндеттенеді (алғашқы жарнаны төлегеннен кейін тиісті тіркеуге жататын кепіл шартын бір мезгілде жасасқан сату объектісін қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы беру жүзеге асырылатын жағдайдағы объектіні бөліп төлеуге сатудан басқа).

 

2.2. Сатушы:

2.2.1. Сатып алушыдан осы Шартпен көзделген барлық міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге;

2.2.2.  Осы Шарттың 2.3.1-тармақшасымен көзделген міндеттемелерді Сатып алушы 10 (он) жұмыс күнінен астам мерзімде орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда, осы Шартты біржақты бұзуға;

2.2.3. ______________________ (өзге) құқылы.

2.3. Сатып алушы:

2.3.1. Объекті үшін ақы төлеудің мынадай тәртібін сақтауға:

- осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде __________ (___________) теңге сомасында аванстық төлем аударуға (егер аванстық төлемнің сомасы Сатып алушы аукционға қатысқаны үшін аударған кепілдік жарнаның сомасынан артық болған жағдайда);

- осы Шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде _________ (__________) теңге мөлшеріндегі қалған соманы осы шарттың 8 бөлігінде көрсетілген Сатушының деректемелеріне аударуға;

2.3.2. Объекті үшін ақы төлеген кезде төлем бойынша төлем тапсырмасына немесе түбіртекке «төлемнің мақсаты» деген жолақта мынадай мәліметтерді:

          - Сатып алушының ЖСН-ын немесе БСН-ын;

          - www.gosreestr.kz веб-порталы беретін осы Шарттың сәйкестендіргішін (нөмірін) енгізуге;

2.3.3. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқықты ресімдеуге (жылжымайтын мүлікті сатқан жағдайда);

2.3.4. Өз қаражат есебінен тіркеуші органдарда Объектіге құқықты тіркеуді жүзеге асыруға;

2.3.5. Шарт бойынша міндеттемелерді Сатып алушының орындамауына және/немесе тиісінше орындамауына байланысты осы Шарт бұзылған жағдайда осы Шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Объектіні Сатушыға қайтарып беруге, сондай-ақ  Сатушыға қайтаруға жатпайтын кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде шеккен шығыстарды өтеуге;

2.3.6. Осы Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді;

2.3.7. Міндетті түрде орындалатын тендерлік/конкурстық шарттар: (Порталдан жүетеледі).

2.4. Сатып алушы:

2.4.1. осы Шарттың 2.3.1-тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындағаннан кейін Объектіні меншігіне күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қабылдап алу-беру актісіне қол қою арқылы немесе акциялардың мемлекеттік пакетін сатқан жағдайда бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою арқылы алуға;

2.4.2. осы Шарттың 2.3.1-тармақшасында көзделген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға;

2.4.3. Сатушыдан осы Шартпен көзделген барлық міндеттемелердің орындалуын талап етуге;

2.4.4. _____ (өзге) құқылы.

 

3. Тараптардың жауапкершілігі

 

3.1.  Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

3.2. Тараптар осы Шартқа қол қойғаннан кейін табиғи және апатты құбылыстар; әскери қимылдар және басқа да сол сияқты төтенше жағдайлар мен еңсерілмейтін жағдайлар (форс-мажор) орын алғанда, міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. 

3.3. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде осындай жағдайлардың туындауына байланысты осы Шартқа сәйкес қандай да міндеттемелерді орындау мүмкін болмаған Тарап форс-мажор жағдайы туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап дереу (осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмауын дәлелдей отырып және негіздеме бере отырып) екінші Тарапқа жазбаша түрде осы жайында хабарлауы тиіс.

3.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау осындай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау форс-мажордың тиісті жағдайынан тікелей туындаған жағдайды қоспағанда, осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде форс-мажордың кез келген жағдайына сілтеме жасау құқығынан айырады. Форс-мажор жағдайының басталуы және тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажор жағдайларының жалпыға белгілі және жаппай сипатқа ие және дәлелдерді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда, осындай жағдайды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің құжатымен не болмаса куәлігімен расталуы тиіс.

3.5. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор жағдайлары, сондай-ақ осындай жағдайдан туындаған салдарлар орын алған уақытпен бірдей мерзімге ұзартылады.

 

4. Құпиялылық

 

4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік айналым ережелеріне сәйкес осы Шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде және одан туындайтын барлық салдарларда құпиялылықты сақтауға өзара міндеттемелерді айқындады.

 

5. Дауларды шешу

 

5.1. Осы Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады және одан туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешілуі тиіс. Дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының сот органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

 

6. Өзге де ережелер

 

6.1. Егер кепілдік жарнаның сомасы Объектіні сату бағасынан артық болса, онда бірыңғай оператор («Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ) Порталда Сатып алушы мен Сатушы осы Шартты жасасқан (қол қойған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Сатып алушыға айырмасын қайтарады.

6.2. Сатып алушы және Объектінің уәкілетті тұлғалары (теңгерім ұстаушысы) осы Шарттың 2.3.1.-тармақшасы орындалғаннан кейін Объектіге түгендеуді жүргізеді. Түгендеу нәтижелері бойынша мүлік құрамы туралы деректерді және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, Объектіні қабылдап алу-беру актісі рәсімделеді. Қабылдап алу-беру актісіне Сатып алушы, теңгерім ұстаушы қол қояды және Сатушы бекітеді. Қабылдап алу-беру актісі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. (Осы тармақтың ережесі мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды сатқан жағдайларда қолданылады).

6.3. Сатып алушы сату бағасын, оның ішінде егер мұндайлар орын алған болса, өсімпұлдарды төлеу бойынша толық төлеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Объектіні қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда, Сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

6.4. Түпкілікті төлемді төлем мерзімінен өткізіп алған жағдайда сатып алу-сату шартын біржақты тәртіпте бұзуға рұқсат етіледі. Түпкілікті төлемді төлем мерзімінен өткізу салдарынан сатып алу-сату шартын бұзған жағдайда аванстық төлем қайтарылмайды.

6.5. Осы Шартты біржақты бұзған жағдайда Сатушы осы Шарттың 2.2.2 және 2.4.1-тармақтарында көзделген мерзімдерге дейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей Сатып алушыға  Порталда олар көрсеткен электрондық мекенжайға тиісті хабарламаны жолдайды.

6.6. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде жасалса және оларға Тараптар қол қойған болса жарамды болады. Тараптардың тиісті қосымша келісімдері осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

6.7. Осы Шартпен қарастырылмаған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

6.8. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Электрондық шартың өзекті түрі Порталдан басып шығарылады.

 

7. Шарттың қолданылу мерзімі

 

7.1. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

7.2. Осы Шарт Сатушы мен Сатып алушының осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерін орындаған сәтінен бастап өз күшін тоқтатады.

7.3. Осы Шарт мерзімінен бұрын осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда бұзылуы мүмкін.

 

8. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары

 

 

 

 

8

САТУШЫ:

 

___________________

___________________

 

_______________      ____________________

          (қолы)                          (тегі, аты, әкесінің аты

                                                      (болған жағдайда)

М.О.

САТЫП АЛУШЫ:

 

___________________

___________________

 

_______________       ___________________

         (қолы)                           (тегі, аты, әкесінің аты

                                                    (болған жағдайда)

М.О.

 

Generated in 71ms