Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2015 жылдың 

9 ақпанындағы шешімімен бекітілген (№72 хаттама)

                                                                      

 

Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату

бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне

толықтырулар мен өзгертулер

 

 

1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2014 жылдың 23 мамырындағы шешімімен бекітілген мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне (№66 Хаттама), келесі толықтырулар мен өзгертулер енгізілсін:

 

1)   1 тармақтың 6) тармақшасы келесі басылымда оқылсын:

«6) кепілдік жарна – жеке немесе заңды тұлғаның сауда-саттықтарға қатысу үшін салатын 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен көп емес сатылу объектісінің бастапқы бағасынан 15% мөлшеріндегі қаражат сомасы;»;

 

2)   13 тармақ келесі басылымда оқылсын:

«13. Тізілім веб-порталында аукционды өткізуге кері әсерін тигізетін техникалық кемшілік болған жағдайда, ұйымдастырушы бұл жөнінде сатушыны хабардар етіп және ұйымдастырушымен техникалық кемшілікті түзеткен күннен бастап үш күн ішінде қатысушының тізілім веб-порталында көрсетілген электрондық мекен-жайына және тізілім веб-порталында осы аукционның жалғастырудың откізілу күні мен уақыты жөніндегі ақпаратты орналастырып аукционға қатысушыларды алдын-ала міндетті ескерту арқылы аукционды жалғастыруды ұйымдастырады.»;

 

3)   17 тармақ келесі басылымда оқылсын:

«17. Тізілім веб-порталында сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламаны жариялау үшін, сатушы әрбір сатылу объектісі бойынша қазақ және орыс тілдерінде қосымша келесі мәліметтерді енгізеді:

1)   сауда-саттықтардың уақыты мен күні;

2)   сатылу объектісінің аталуы;

3)   сауда саттықтардың әдісі мен түрі;

4)   сатыл объектісінің бастапқы бағасы, ал сауда-саттықтарда голланд әдісі қолданылған аукционды өткізу кезінде сатылу объектісінің ең төменгі /минималды/ бағасы;

5)    (тиындарды көрсетусіз) кепілдік жарнаның көлемі;

6)   алынып тасталсын;

7)   алынып тасталсын;

8)   кепілді жарнану аудару үшін ұйымдастырушының банктік реквизиттері;

9) тендер (конкурс) шарттары, сондай-ақ, мүлікті сатып алушыға және/немесе тендерге (конкурсқа) қатысушыға қолйылатын қосымша талаптары;

10) өтінімдерді қабылдау мерзімдері;

11) ұйымдастырушының мекен жайы мен телефоны;

12) сатушының мекен жайы мен телефоны;

13) сатуышының шешімі бойынша қосымша ақпарат.»;

 

4)   24 тармақ келесі басылымда оқылсын:

«24. Қатысушы өтінім бергенге дейін сауда-саттықтың өткізілуі туралы хабарламасында көрсетілген ұйымдастырушының есеп шотына кепілдік жарнаны аударады.»;

 

5)   29 тармақ келесі басылымда оқылсын:

«29. Дерекқорда ұйымдастырушының есебіне кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталы өтінімді қабылдайды және қатысушыға сауда-саттықтарға қолжетміділікті береді. Дерекқорда ұйымдастырушының есебіне кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінім орындаусыз кері қайтарады.»;

 

6)   30 тармақтың 2) тармақшасы келесі басылымды оқылсын:

«2) сауда-саттықтардың басталуына екі сағат қалғанда – кепілдік жарнаның қолма-қол ақшасыз төлеуінің басқа әдістерін қолданғанда.»;

 

7)   36 тармақ алынып тасталсын;

 

8)   37 тармақ келесі басылымда оқылсын:

«37. Сауда-саттықтарда қатысуына өтінім бермеген тұлғалардың кепілдік жарналары осы тұлғаның ЭЦҚ пайдалану арқылы  тізілім вбе-порталында қалыптастырылатын кепілдік жарнаны қайтару өтініміне қол қойған күннен бастап ұйымдастырушымен үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Ұйымдастырушының есебіне кепілдік жарнаның түскен күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін сауда-саттықтарға қатысуға өтінім бермеген тұлғаға кепілдік жарнаның қатарылуы өтініміне қол қою мүмкіндігі беріледі.»;

 

9)      52 тармақ келесі басылымды оқылсын:

«52. Аукционға қатысуға жіберілген қатысушыларды анықтау мақсатында конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері тізілім веб-порталында комиссия мүшелерімен қаралады.»;

 

10)    60 тармақтың 2) және 4) тармақшалары келесі басылымды оқылсын:

«2) аукцион басталған сәттен бастап, қатысушыға осы Реттеменің 43 тармағына сәйкес бекітілген қадамына басқа қатысушының ағымдағы бағасын максималды ұлғайтуға мүмкіншілік беріледі;

4) егер аукцион басталғаннан кейін жиырма минут ішінде аукцион залындағы қатысушылардың біреуі сатылу объектісін осы Реттеменің 43 тармағына сәйкес басқа қатысушының ағымдағы бағасын бекітілген қадамына максималды  ұлғайту жолымен сатып алуға ниет білдірсе, онда ағымдағы баға бекітілген қадамға ұлғайтылады;»;

 

11) 65 тармақ келесі басылымды оқылсын:

«65. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы комиссияның шешімі тендер өткізілген күні қабылданады және тендерге қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларды автоматты түрде электрондық пошта арқылы хабардар етіп тендерге қатысуға рұқсат ету хаттамасына комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойған уақытынан бастап тізілім веб-порталында автоматты түрде жарияланады.

Осы Реттеменің 67 тармағымен бекітілген мерзімінде тендер жеңімпазы және сатушы сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хаттамасына тендер аяталған соң қолдарын қояды.»;

 

12)    67 тармақ келесі басылымда оқылсын:

«67. Әрбір сатылған объект бойынша тендердің нәтижелері сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хатамасымен рәсімделіп, тендерге қатысуға рұқсат ету хаттамасына комиссия тарапынан қол қойылғаннан кейін тізілім веб-порталында жеңімпаз және сатушы өздерінің ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қояды.»;

 

13)    68 тармақ келесі басылымда оқылсын:

«68. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы электрондық хаттамасы аукцион немесе тендер (конкурс) нәтижелерін тіркейтін және жеңімпаз бен сатушы арасындағы объектіні сатылу бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қоюларын міндеттейтін құжат болып саналады.

Тізілім веб-порталымен сауда-саттықтарды қорытындылау күнінен бастап он күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімде сату-сатып алу шартына жеңімпаз тарапынан қол қойылады (тізілім веб-порталында сауда-саттықтарды қорытындылау күнінен бастап алпыс күнтізбелік күннен аспайтын тараптармен келісілген мерзімінде жеңімпазбен сату-сатып алу шартына қол қойылатын конкурсты санамағанда).»;

 

14) 2 қосымшаның 2 тармағы келесі басылымда оқылсын:

«2. Мен (Біз) ________________жалпы соммасы ___________

                                                                                       (сандармен)      

(___________) теңге көлеміндегі

   (жазбаша)

қаражатты құрайтын  сауда саттықтарға қатысу үшін  кепілдік жарнасын (-ларын)» сауда-саттықтарды ұйымдастырушының есеп шотына __________________________________ аудардым (-дық)»;

      (есеп шот реквизиттері көрсетіледі)

 

15) 2 Қосымшаның 8 тармағы келесі басылымды оқылсын:

«8. Сауда-саттықтардың ағылшын тәсілі бойынша откізілген аукционның барысында және нәтижесінде қалыптасқан сату объектісін конкурста белгіленген мен (біз) ұсынған ең жоғары бағасымен сатып алуға келісетіндігімді хабарлаймын және конкурста белгіленген бағаның өзгертілу қадамымен келісемін (-міз)» (конкурс қатысушысымен толтырылады).»;

 

16) 3 Қосымша алынып тасталсын.

 

2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген осы толықтырулар мен өзгертулер «2011 жылғы 9 тамызындағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 920 қаулысына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 10 ақпанындағы № 46 қаулысы күшіне енген күннен бастап жүзеге асырылады.

Generated in 81ms