Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

2014 жылдың 7 қарашасындағы

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген (№69 Хаттама)

 

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне /регламент/ өзгерістер

 

 

1.   2014 жылдың 23 мамырындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының директорлар Кеңесі шешімімен бекітілген (№66Хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне /регламент/ келесі өзгерістер енгізілсін:

1)      43 тармағының 4), 5), 6) тармақшалары келесі басылымда мазмұндалсын:

«4) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы ағылшын әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 2,5 пайыз мөлшерінде және голланд әдісі қолданылған  сауда-саттықтарында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

5) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы ағылшын әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 1 пайыз мөлшерінде және голланд әдісі қолданылған  сауда-саттықтарында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

6) сату объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгеннен бастап және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы ағылшын әдісі қолданылған сауда-саттықтарында 0,5 пайыз мөлшерінде және голланд әдісі қолданылған  сауда-саттықтарында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;»;

2)   45 тармақтың 1), 2) тармақшалары келесі басылымда мазмұндалсын:

«1) егер аукцион басталған сәттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда сату объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, сату объектісінің бастапқы бағасы осы Реттеменің 43-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сату объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, сату объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.».

2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы директорлар Кеңесі шешімімен бекітілген осы өзгерістер 2014 жылдың 8 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Generated in 32ms