Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің

2017 жылғы 6 наурыздағы шешімімен

(№ 87 хаттамасы) бекітілді

 

 

Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу реттемесіне өзгерістер мен толықтырулар

 

 

1.   «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№ 66 хаттамасы) бекітілген, Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)  преамбула келесі басылымда жазылсын:

«Осы Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесі (бұдан әрі - Реттеме), Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес әзірленді және жеке, заңды тұлғалардың мүлкін аукцион, тендер, астық қолхатын сату бойынша тендер, жабық тендер мен конкурс нысанында сату тәртібін анықтайды.»;

 

2)  1-тармақтағы:

6), 15) тармақтары келесі басылымда жазылсын:

«6) кепілдік жарна – сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде (АҚҰМЭТ бекітілген, астық қолхатын сату бойынша бірінші бағасынан) жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ақша сомасы;

15) жеңiмпаз – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға және сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қойған қатысушы; тендерлік талаптармен келіскен және сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қойған тендерге (жабық тендерге) қатысушы; жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары бағаны аукционда ұсынған, конкурстың талаптарына сәйкес келетін және сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қойған қатысушы; электрондық өтінімді бірінші болып берген, астық қолхатын сату бойынша тендерге және сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қойған қатысушы;»;

келесі басылымдағы 22-4) тармақшасымен толықтырылсын:

«22-4) астық қолхатын сату бойынша тендер – астық қолхатын ұстаушысымен АҚҰМЭТ бекітілген, қатысушы сатылу бағасымен келіскен, сауда-саттықтың нысаны;»;

 

3)     14-тармақтың 2) тармақшасы келесі басылымда жазылсын:

«2) сатылу объектісінің құнын бағалау бойынша есебін есепке алумен сатылу объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағасы анықталады (астық қолхатын қою кезінде, оның сатылу бағасы анықталады);»;

 

4) 17-тармақтың:

1) тармақшасы келесі басылымда жазылсын:

«1) сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты (астық қолхатын сату бойынша тендерін қоспағанда);»;

4-1) тармақшасы келесі басылымда жазылсын:

«4-1) астық қолхатын сатылу бағасы;»;

 

5) 20-тармақтың бірінші бөлімі келесі басылымда жазылсын:

«20. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялануы тиiс (астық қолхатын сату бойынша тендерін қоспағанда, ол туралы хабарламасы ұйымдастырушы бұйрықты АҚҰМЭТ орындау күні жарияланады). Сатушы сауда-саттықты өткізу хабарламасын өзгерткен жағдайында, сауда-саттық өткiзiлетiн күні кемiнде күнтізбелік он бес күнге ауысады.»;

 

6) келесі басылымдағы 23-1 тармағымен толықтырылсын:

«23-1. Қатысушы тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін сатып алу бағасымен электрондық өтінімін беру арқылы, астық қолхатын сату бойынша тендерге қатысушы хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялау күнінен бастап тізілімнің веб-порталында тіркеледі.»;

 

7) келесі басылымдағы 7-1 тарауымен толықтырылсын:

«7-1. Астық қолхатын сату бойынша тендер»;

 

8) келесі басылымдағы 51-1, 51-2, 51-3 және 51-4 тармақтарымен толықтырылсын:

«51-1. Астық қолхатын тендерге қойған кезінде астық қолхатын сатылу бағасы бұйрықты АҚҰМЭТ тіркеу арқылы, астық қолхатын ұстаушысымен өзгертілуі мүмкін.

51-2. Егер хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялаған күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бірде-бір электрондық өтінім тіркелмесе, онда осы астық қолхатын сату бойынша тендер өткізілмеді деп есептеледі және ұйымдастырушы ЭЦҚ қолдану арқылы тізілімнің веб-порталымен жасақталатын, өткізілмеген тендер туралы актісіне қол қояды.  

51-3. Астық қолхатын сату бойынша тендерді өткізген кезінде астық қолхатын ұстаушысы АҚҰМЭТ бекіткен, сатылу бағасына тең, сатып алу бағасымен электрондық өтінімін бірінші болып берген қатысушысы жеңімпаз болып танылады.  

51-4. Астық қолхатын сату бойынша тендердің жеңімпазы сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қою үшін электрондық почта бойынша сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабардар етіледі.

Сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасы тізілімнің веб-порталымен жасақталады, астық қолхатын сату бойынша тендердің ұйымдастырушысы және жеңімпазы ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық өтінімін берген күнінен бастап жиырма төрт сағат ішінде қол қояды.»;

 

9) 68-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«68. Сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасы:

-      аукционның немесе тендердің (жабық тендердің), конкурстың және жеңімпаз бен сатушының сатылу бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату шартқа қол қою міндеттеменің;

-      астық қолхатын сату бойынша тендердің және жеңімпаздың осы Реттеменің 72-1 тармағына сәйкес сатып алынған астық қолхаты бойынша өзара есеп-айырысу өткізу міндеттемесінің қорытындыларын тіркейтін құжат болып табылады.   

Жеңімпаз сатып алу-сату шартына:

1)   тараптармен келісілген тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтың қорытындыларын шығару күнінен бастап алпыс күннен аспайтын мерзімінде жеңімпаз сатып алу-сату шартына қол қоятын, конкурсты;

1-1)  ұйымдастырушы астық қолхатын неғұрлым жоғары баға ұсыну әдісімен аукционға немесе астық қолхатын сату бойынша тендерге қою жағдайын;

2)          сатылу объектісін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан бастап ғана иеліктен шығаруға болатын жағдайын қоспағанда, тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтың қорытындыларын шығару күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімінде қол қояды. Мұндай жағдайларда сатушымен және жеңімпазбен келісілген мерзімінде сатып алу-сату шартына қол қойылады.»;

 

10) 2 қосымшадағы:

1-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«1. Жарияланған мүлікті сату бойынша хабарламасын қарастыра отырып және Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесімен таныса отырып, ________  

____________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болуы кезінде) немесе заңды тұлғаның атауы)

 

мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы «__» __ сағат ___ болатын, (аукционға/тендерге/конкурсқа/астық қолхатын сату бойынша тендерге) қатысу ықыласын білдіреді.»;

5-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«5. Егер мен (біз) сауда-саттықтың жеңімпазы (-дары) анықталатын жағдайында, онда сауда-саттықты өткізу күні (астық қолхатын сату бойынша тендерін қоспағанда, оның қорытындылары туралы хаттамасына электрондық өтінімін берген күнінен бастап 24 сағат ішінде қол қойылады) сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қоюға және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы сауда-саттықтың қорытындыларын шығару күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюға өз міндеттімізге қабылдаймын (-мыз).»;

9-тармақ 5-бөлімімен толықтырылсын және келесі басылымда жазылсын:

«Астық қолхатын сату бойынша тендерге қатысушының баға ұсынымы, тг.: ___________ (сауда-саттыққа қатысушымен толтырылады және оны тізілімнің веб-порталы ашқан соң электрондық өтінімде көрсетіледі).».

 

2.   Осы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар, 2017 жылдың 9 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Generated in 61ms