Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 6

наурыздағы шешімімен (№102

Хаттамасы) бекітілген



Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу Реттемесіне өзгеріс


1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№66 Хаттамасы) бекітілген, мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу Реттемесіне келесі өзгеріс енгізілсін:

2-тармақ келесі басылымда баяндалсын:

«2.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатушы меншік құқығын тіркемеген немесе ауыртпалық келтірілген мүлікті сатуға жол берілмейді.

Осы тармақтың талаптары заңнамада белгіленген тәртіппен «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына және/ немесе «KAZKOM Realty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тіркелген және ауыртпалық салынған мүліктің сатушысы болуға құқығы бар «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына және «KAZKOM Realty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қолданылмайды.».

2. Осы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген өзгеріс, 2019 жылдың 11 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Generated in 29ms