Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

2019 жылғы 10 сәуірдегі (№103 Хаттама)

Директорлар кеңесінің шешімімен

Бекітілді



Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламентіне өзгерістер және толықтырулар



1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (Хаттама №66) мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Регламентіне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

1 ) 1 тармақтың 17) тармақшасы алынып тасталсын;

2) 14 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сатушының ішкі рәсімдеріне және осы Регламентке сәйкес сауда-саттықтарды өткізуге дайындық келесі тәртіпте жүргізіледі:»;

3) 15 тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

1) «Сатушыда сату объектісіне меншік құқығын растайтын құжат;»;

4) 16 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Ұйымдастырушы дерекқорға сатушы мәліметтерді енгізген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Регламентпен белгіленген талаптарға сәйкестігін және қателердің (грамматика, пунктуация, орфография) бар болуына тексеру жүргізуді жүзеге асырады.»;

5) 18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Тізілімнің веб-порталында жарияланғанға дейін сатушы дайындаған хабарлама жобасы осы Регламенттің 15 және 17 тармақтарымен белгіленген қателердің бар болуы мен талаптар сәйкестігіне ұйымдастырушымен бір жұмыс күні ішінде тексеріледі.»;

6) 30 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының осы Қағиданың 23 тармағының бірінші абзацында және 22-тармақта көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ кепілдік жарнаның сауда-саттық басталуына 2 сағат қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына түспеуі негіз болып табылады.»;

7) 35 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын :

«Сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатады және сатушы тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-мен кепілдік жарнаны аудару өтініміне қол қойған күнінен бастап ұйымдастырушы үш жұмыс күні ішінде сатушының шотына аударады.»;

8) 40 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыты бойынша басталады.»;

9) 41 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын :

«Аукцион залында аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте аукцион Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады.»;

10) 47 тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын :

«Тізілім веб-порталында тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында өтеді. Тендер немесе жабық тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.»;

11) 68 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«68. Сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасы:

- аукционның немесе тендердің (жабық тендердің), конкурстың және жеңімпаз бен сатушының сатылу бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату шартқа қол қою міндеттеменің;

- астық қолхатын сату бойынша тендердің және жеңімпаздың осы Регламенттің 72-1 тармағына сәйкес сатып алынған астық қолхаты бойынша өзара есеп-айырысу өткізу міндеттемесінің қорытындыларын тіркейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электрондық түрде жасалады және сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қойған күнінен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімінде ЭЦҚ қолдану арқылы сатушы мен сатып алушы қол қояды.

Бұл ретте, сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімінде сатушы сатып алу-сату шартының жобасын сатып алушыға:

1) тараптармен келісілген тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтың қорытындыларын шығару күнінен бастап алпыс күннен аспайтын мерзімінде жеңімпаз сатып алу-сату шартына қол қоятын, конкурсты;

1-1) ұйымдастырушы астық қолхатын неғұрлым жоғары баға ұсыну әдісімен аукционға немесе астық қолхатын сату бойынша тендерге қою жағдайын;

2) сатылу объектісін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан бастап ғана иеліктен шығаруға болатын жағдайларды қоспағанда ұсынады. Мұндай жағдайларда сатушымен және жеңімпазбен келісілген мерзімінде сатып алу-сату шартына қол қойылады.

Сатушы мен сатып алушы келісетін нысан бойынша жазбаша түрде сатып алу-сату шартын жасауға болады.».


2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген осы өзгерістер мен толықтырулар, 2019 жылғы 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Generated in 56ms