Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

2016 жылдың 13 қаңтарындағы

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

директорлар Кеңесі шешімімен

бекітілген (Хаттама 77)

 

 

Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізудің Реттемесіне өзгертулер мен толықтырулар

 

 

1. 2014 жылдың 23 мамырындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесі шешімімен (№ 66 Хаттама) бекітілген мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Реттеме сөз басы келесі басылымда мазмұндалсын:

«Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойыныша электрондық сауда-саттықтарды өткізудің осы Реттемесі Қазақстан Республикасының заңдылықтарына, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Жарғысына сәйкес әзірленді және аукцион, тендер, жабық тендер және конкурс түріндегі электрондық сауда-саттықтарында жеке және заңды тұлғалардың мүліктерін сату тәртібін айқындайды.»;

2) 1 тармақтың 4),7),8),9),15),18),21),22) тармақшалары жаңа басылымда мазмұндалсын:

«4) бағаның арттырылуына байланысты сауда-саттықтардың әдісі – бастапқы баға алдын-ала жарияланған қадаммен артып отыратын әдіс;

7) бағаның төмендетілуіне байланысты сауда-саттықтар әдісі – бастапқы баға жарияланған қадаммен төмендетілетін әдіс;

8) электрондық конкурс (бұдан әрі - конкурс) – бағаның арттырылуына байланысты аукционында конкурс жағдайларына сәйкес келетін қатысушыларға өздерінің бағалық ұсыныстарын ұлғайтуға мүмкіндік беретін ұлттық басқарушы холдингілер, ұлттық холдингілер және ұлттық басқарушы холдингілері бақылайтын басқа да заңды тұлғалардың мүліктерін тізілім веб-порталында сату бойынша сауда-саттықтары;

9) конкурстық өтінім – конкурс қатысушыларына бағаның арттырылуына байланысты аукционына қатысуға рұқсат беру туралы комиссия шешімін қабылдау үшін сауда-саттықтар туралы хабарламасына және сатушының басқа да құжаттарына сәйкес жасалған конкурсқа қатысуға берілген өтінім құрамындағы қатысушымен жасалған ұсынысы;

15) жеңімпаз – сатылу объектісіне ең жоғары баға усынған және сауда-саттықтар нәтижесі туралы хаттамасына қол қойған аукцион қатысушысы; тендерлік шарттармен келіскен және сауда-саттықтар нәтижесі туралы хаттамасына қол қойған тендер (жабық тендер) қатысушысы; бағаның арттырылуы аукционында сатылу объектісіне ең жоғары баға ұсынған және конкурс нәтижелері туралы хаттамасына қол қойған, конкурс шарттарына сәйкес келетін қатысушы;

18) бастапқы баға – әрбір сатылу объектісі бойынша сауда-саттықтары басталатын баға;

21) жабық тендер – қатысушылардың шектеулі тобы қатысатын тендер;

22) тендер – арнайы бөлінген тізілімнің веб-парақшасында жабық электрондық конвертіне қатысушылар өздерінің бағалық ұсыныстарын жүктеп мәлімдейтін сауда-саттықтар нысаны;»;

3) 4 тармақтың 8) және 9) тармақшалары келесі басылымда мазмұндалсын:

8) тендердің (жабық тендер), конкурстың шарттары туралы шешімді қабылдау және оған қатысушыларға және/немесе мүлікті сатып алушыларға талапарт орнату;

9) сауда-саттықтарды өткізуге кемінде үш күн қалғанда сатылу объектісін сауда-саттықтардан алып тастау туралы шешім қабылдау;»;

4) 6 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«6. Тендерді (жабық тендерді) ұйымдастыру және сатушымен (заңды тұлғамен) конкурсті өткізу үшін 5 адам санынан кем емес конкурстық комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) қалыптастырылуы мүмкін. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

Қатысушының қонкурсқа қатысуына рұқсат беру туралы комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің дауыс беруінің жалпы санынан көпшілігімен қабылданады.

Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауысы шешуші болып табылады.»;

5) 7 тармақтың 2) тармақшасы келесі басылымды мазмұндалсын:

«2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін қатысушылар құжаттарын қарайды»;

6) 14 тармақтың 1) және 2) тармақшалары келесі басылымда мазмұндалсын:

«1) сатылу объектісі бойынша қажетті құжаттарды жинақтау жүргізіледі;

2) сатылу объектісінің құнын бағалау есептілігін есепке ала отырып сатылу объектісінің алғашқы, бастапқы және ең төмен /минималды/ бағалары анықталады;»;

7) 15 тармақтың екінші бөлігі келесі басылыдма мазмұндалсын:

«Енгізілген ақпаратқа сатушы дерекқорға қосымша келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін қосылуын қамтамасыз етеді:

1) «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына немесе халықаралық бағалау стандарттары бойынша жасалған бағалау стандарттарына сәйкес сатылу объектісінің бағалануы туралы есептілігі;

2) сатылу объектісі бойынша құқық белгілейтін құжаттар;

3) сатылу объектісінің техникалық жағдайы туралы көріністерін қамтитын саны 5 данадан кем емес фотосуреттері (тек қана жылыжымайтын мүлікке, көлікке, жабдықтарға және басқа да материалдық мүліктерге).»;

8) 17 тармақтың 4) және 9) тармақшалары келесі басылымда мазмұндалсын:

«4) сатылу объектісінің бастапқы бағасы, ал бағаның төмендетіліуіне байланысты аукционды өткізу кезінде – сатыл объектісінің ең төмен бағасы;

9) тендер (жабық тендер), конкурс шарттары сондай-ақ, тендер (жабық тендер), конкурс қатысушысына және/немесе мүлікті сатып алушысына қойылатын қосымша талаптар;»;

9) 20 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«20. Сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламасы сауда-саттықтардың өткізілуіне кемінде 15 күнтізбелік күн қалғанда тізілімнің веб-порталында орналастырылады.

Сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламасы сатушымен өзгертілген жағдайда сауда-саттықтардың өткізілу күні кемінде он бес күнтізбелік күніне ауыстырылады.

Егер тендер (жабық тендер), конкурс қатысушысына сатылу объектісін сатып алу үшін заңдылықтарға және басқа да жағдайларға сәйкес қажетті рұқсаттар мен келісімдерді алу мақсатында қосымша уақыт қажет болған жағдайда сатушымен  Реттеменің осы тармағымен белгіленген сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламасын жариялау мерзімдері ұзартылуы мүмкін.

Сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарлама жарияланғаннан кейін ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталында орналастырылған  сатылу объектісі бойынша ақпаратына барлық ниет білдірушілерге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сатушы сатылу объектісіне барлық ниет білдірушілерге еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.»;

10) 23 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«23. Сауда-саттықтардың қатысушы ретінде тіркелуі үшін қатысушының ЭЦҚ расталған осы Ережелердің қосымша нысанына сәйкес сауда-саттықтарға қатысу үшін берілетін өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Дерекқордың арнайы бөлінген веб-парақшасындағы келесі құжаттардың (сканерленген) электрондық көшірмелерін қоса отырып жабық электрондық конвертіне жүктелетін тендер (жабық тендер), конкурс қатысушылары тендер шарттарымен (конкурстың шарттары) және тендер (жабық тендер),  конкурс қатысушысының бағалық ұсыныстарымен келісім туралы өтінімдерін тіркейді:

1) алып тасталсын;

2) конкурстық өтінімі (конкурсқа қатысушылары үшін);

3) сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламасында көрсетілген мүлікті сатып алушылар және/немесе  сауда-саттықтарға қатысушылардың қосымша және ерекше жағдайларына сәйкестігін дәлелдейтін.

Шетелдік заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған жарғылық құжаттарының қазақ және/немесе орыс тілдеріне аударылған нотариалды кәуландырылған аудармалары көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік мемлекеттік органдары немесе ұйымдары берген құжаттарды ұсынған жағдайда және егер Қазақстан Республикасы заңдылығында және халықаралық шарттары мен тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып саналатын келісімдерінде қарастырылмаған болса бұндай құжаттар белгіленген тәртіппен заңдастырылған немесе апостилделген болуы қажет.»;

11) 34 тармақтың 1) тармақшасы келесі басылымда мазмұндалсын:

«1) Сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабараламасында көрсетілген тендерге (жабық тендер) қатысушысыларына және/немесе мүлікті сатып алушысына қойылатын қосымша талаптарына сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;»;

12) 38 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«38. Аукцион сауда-саттықтардың екі әдістерімен жүргізіледі: бағаның арттырылуына және бағаның төмендетіліуіне байланысты.

Аукцион өткізілген кезде сатылу объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең.»;

13) 39 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«39. Сатылу объектісі бірінші рет бағаның арттырылуына байланысты аукционына шығарылады.

Осы Реттеменің 39-1 тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа сауда-саттықтардың екінші және келесі аукциондары сатушымен белгіленеді.»;

14) келесі басылымдағы 39-1 тармағымен толықтырылсын:

«39-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на (бұдан әрі - Қор) және елу пайыз дауыс беру акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама меншік құқығында Қорға тиесілі ұйымдарындағы акционерлік қоғамдар акциялары және жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктеріндегі қатысу үлестері:

1)    екінші сауда-саттықтарға бағаның төмендетілуіне байланысты әдісін қолдана отырып алғашқы бағадан елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен бағасы белгіленуімен аукционға шығарылады;

2)    сатылу объектісінің үшінші және одан кейіңгі келесі сауда-саттықтарына ең төмеңгі бағаны белгілеусіз бағаның төмендетіліуне байланысты әдісін қолдана отырып аукционға шығарылады.

Әрбір келесі сауда-саттықтары келесі жиырма күннен кейін жүзеге асырылады.»;

15) 41 тармақтың екінші және үшінші бөліктері келесі басылымда мазмұндалсын:

«Егер бағаның арттырылуына байланысты әдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда сатылу объектісін сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз деп танылады және осы объекті бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер бағаның төмендетілуіне байланысты әдісін қолдана отырып өткізілген аукцион аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы объекті бойынша аукцион өтпеді деп танылады.»;

16) 43 тармақ жаңа басылымда мазмұндалсын:

«43. Бағаның өзгертілу қадамы келесіде болып белгіленеді:

1) бағаның арттырылуына байланысты аукционында сатылу объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде және бағаның төмендетіліуіне байланысты аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

2) бағаның арттырылуына байланысты аукционында сатылу объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 000 еселенгеннен бастап 50 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезінде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде және бағаның төмендетілуіне байланысты аукционында 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

3) сатылу объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 000 еселенгеннен бастап 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi;

4) сатылу объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 250 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаның арттырылуына байланысты аукционы бойынша 2,5 пайыз мөлшерінде және бағаның төмендетілуіне байланысты аукционы бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

5) сатылу объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 250 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы бағаның арттырылуына байланысты аукционы бойынша 1 пайыз мөлшерінде және бағаның төмендетілуіне байланысты аукционы бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді;

6) сатылу объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаның арттырылуына байланысты аукционы бойынша 0,5 пайыз мөлшерінде және бағаның төмендетілуіне байланысты аукционы бойынша 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

Аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі.»;

17) 44 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«44. Бағаның арттырылуына байланысты аукционы:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Реттеменің 43 тармағына сәйкес белгіленген қадамға сатылу объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен сатылу объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы сатылу объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Реттеменің 43 тармағына сәйкес белгіленген қадамға сатылу объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен сатылу объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сатылу объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен сатылу объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда сатылу объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы сатылу объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Сатылу объектісі бойынша бағанын арттырылуына байланысты әдісі бойынша аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Сатылу объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана сатылу объектісі бойынша бағаның арттырылуына байланысты әдісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.»;

18) 45 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«45. Бағаның төмендетілуіне байланысты аукционы:

1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда сатылу объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, сатылу объектісінің бастапқы бағасы осы Реттеменің 43-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі сатылу объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, сатылу объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.  Жарияланған баға бойынша сатылу объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаның төмендетілуіне байланысты аукционы бойынша жеңімпаз болып танылады және осы сатылу объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер сатылу объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі сатылу объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады.»;

19) 46 тармақ жаңа басылымда мазмұндалсын:

«46. Осы Реттеменің 41 тармағының үшінші бөлігінде, 42 тармақта, 44 тармақтың 1) тармақшасында және 45 тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, сауда-саттықтарды өткізу туралы хабарламасында көрсетілген сауда-саттықтардың уақыты өткеннен кейін 24 сағат ішінде сатушымен тізілім веб-порталында қалыптастырылатын өткізілмеген сауда-саттықтар туралы актісіне ЭЦҚ қолдану арқылы қол қойылады.»;

20) 7 тараудың атауы келесі басылымда мазмұндалсын:

«7. Тендер, жабық тендер және конкурс»;

21) 47 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«47. Тендер ашық болуы қажет. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортаны қорғауды, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған ерекше жағдайларда тендер жабық өткiзiлуi мүмкiн.

Жабық тендерге сатушы немесе оның комиссиясы айқындайтын қатысушылардың шектеулi тобы қатысады.

Жабық тендердің барлық шарттарымен қоса жабық тендерге қатысуға шақыруды сатушы таратады. Жабық тендерге қатысуға шақыру жiберiлген және қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақырылу жiберiлген күннен бастап тізілім веб-порталында жүргiзiледi және жабық тендердiң өткiзiлуiне екі сағат  қалғанда аяқталады.

Тізілім веб-порталында тендер немесе жабық тендер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында өтеді.

Тендер немесе жабық тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.»;

22) келесі басылымдағы 47-1 тармағымен толықтырылсын:

«47-1. Объектiнi бiрiншi тендерге (жабық тендер) шығарған кезде сатылу объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағасына тең болады, ал екінші және кейінгі сауда-саттыққа шығару кезінде сатушымен анықталады.»;

23) 48 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«48. Конкурс шарттары төмендегідей болуы мүмкін:

1) сатылу объектiсiне тартылатын инвестициялардың көлемi, түрi және мерзiмi бойынша мiндеттемелер;

2) өндiрiс көлемiнiң, шығарылатын өнiмдер номенклатураларының немесе көрсетiлетiн қызметтердiң белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз ету;

3) бағаны белгілеу шарттары, оның iшiнде бағаның шектi деңгейi бойынша шектеу;

4) табиғатты қорғау іс-шараларын жүргiзу;

5) қызмет бейінінің сақталуы;

6) жұмыс орындарын сақтау немесе жаңа жұмыс орындарын құру;

7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң қолданыстағы тәртiбi мен пайдалану шарттарын сақтау;

8) кредиторлық берешектердi белгiленген мерзiмiнде өтеу;

9) жалақы төлемдерi бойынша берешектердi өтеу;

10) мәмiлелердi жасауды шектеу (қайта сату, кепiлге, сенiмдi басқаруға беру және т.б.) және/немесе сатылу объектiсiне қатысты белгiлi бiр уақыт iшiнде белгiлi бiр iс-қимылдарға тыйым салу;

11) сатушының қалауы бойынша басқа да шарттар.»;

24) жаңа басылымдағы 48-1 тармағымен толықтырылсын:

«48-1. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендер ретінде, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (қатысу үлесі) сатылған жағдайда жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакетін (қатысу үлесі) сатушыға тиесілі болады, тендер (жабық тендер) шарты бойынша қызмет бейінін сақтау болып табылады.

Жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті сатушыға тиесілі (қатысу үлесі) мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды.»;

25) 49 тармақ жаңа басылмда мазмұндалсын:

«49. Тендер (жабық тендер), конкурс шарттарын, сондай-ақ, сатылу объектiсiнің бастапқы бағасын, Комиссияның шешімі негізінде сатушы айқындайды. Комиссия жоқ болған жағдайда, осы Реттемемен қарастырылған комиссияның қызметтерін және уәкілеттіктерін сатушы жүзеге асырады.

Сатушымен тізілім веб-порталында конкурстың өткізілуі туралы хабарламасы веб-порталда жарияланғаннан кейін тендердің (жабық тендердің), конкурстың шарттарын өзгертуге жол берілмейді.»;

26) 50 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«50. Тізілім веб-порталымен тендерге (жабық тендер), конкурсқа қатысушыларынан қабылданған өтінімдер немесе аукционға қатысуға конкурс комиссиясымен жіберілген қатысушылар саны екеуден кем болған жағдайда, немесе сатылу объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда тендер (жабық тендер), конкурсқа сатушымен жіберілген қатысушылар саны екеуден кем болса, онда тендер (жабық тендер), конкурс өтпеген болып жарияланады.

Егер тендер (жабық тендер), конкурс өтпеген деп жарияланса, онда осы сауда-саттықтарға қатысуға берілген өтінімдердің ашылуы жүргізілмейді және сауда-саттықтардың өткізіулі туралы хабарламасында көрсетілген 24 сағат ішінде сатушымен ЭЦҚ қолдана отырып тізілім веб-порталымен қалыптастырылатын откізілмеген сауда-саттықтар туралы актісіне қол қойылады.»;

27) 51 тармақ жаңа басылымда мазмұндалсын:

«51. Тендерге (жабық тендер), конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың басталуы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.»;

28) 9 тараудың аталуы жаңа басылымда мазмұндалсын:

«9.  Тендердің (жабық тендер) өткізілуі»;

29) 62 тармақ жаңа басылымда мазмұндалсын:

«62.  Тендерге және жабық тендерге қатысуға берілген өтінімдер сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламасында көрсетілген мүлікті сатып алушысының және/немесе сауда-саттықтарға қатысушысының қосымша және ерекше талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында сатушымен тізілім веб-порталында қарастырылады.»;

30) 63 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«63. Сатылу объектiсi үшiн ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Егер тендерде немесе жабық тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын және тендер (жабық тендер) шарттарын қанағаттандыратын болса, онда осы қатысушылардың арасында ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.»;

31) 64 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«64. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамасында мыналар көрсетіледі:

1) қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын талаптарын қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі, себептерін көрсете отырып;

 2) тендер (жабық тендеріне) қатысушыларының бағалық ұсыныстарын веб-порталмен автоматты түрде салыстыру  жүргізілетін қатысушыларға (стаып алушыға) қойылатын талаптарға қанағаттандыратын қатысушылар тізімі;

3) сатылу объектісіне ең жоғары баға ұсынған жеңімпаз.»;

32) 65 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«65. Тендер (жабық тендер) жеңімпазы сауда-саттықтардың  нәтижелері туралы хаттамасына қол қою үшін электрондық пошта бойынша сауда-саттықтардың нәтижесі туралы тендер (жабық тендер) жеңімпазы хабарландырылады.

Сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамасы тізілім веб-порталымен қалыптастырылады, тендер (жабық тендер) жеңімпазы және сатушымен ЭЦҚ қолдана отырып сауда-саттықтар өткізілген күні қол қойылады.»;

33) 66 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«66. Аукцион және әрбір сатылған объектісі бойынша конкурс нәтижелері сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамасымен рәсімделіп, аукцион өткізілген күні сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ қолдана отырып тізілім веб-порталында қол қойылады.»;

34) 67 тармақ алынып тасталсын;

35) 68 тармақ келесі басылымда мазұндалсын:

«68.  Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендердiң (жабық тендер), конкурс нәтижесi болып табылатын шарттармен сатылу объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады.

Төмендегіні есепке алмағанда жеңімпазбен жасалған сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi тізілім веб-порталымен шығарылған күннен бастап  күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады:

1)    тізілім веб-порталымен сауда-саттықтардың нәтижелерін шығарукүнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын тараптармен келісілген мерзімінде жеңімпазбен сатып алу-сату шратына қол қойылатын конкурсты;

2)    уәкілетті мемлекеттік органның сатылу объектісінің иеліктен шығаруға рұқсатын алғаннан кейін ғана мүмкін болатын жағдайды. Осындай жағдайларда, сатушы мен жеңімпаздың келісілген мерзімінде  сатып алу-сату шартына қол қойылады.»;

36) 69 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«69. Сауда-саттықтарында жеңімпаз болған қатысушы сауда-саттықтар нәтижесі туралы хаттамасына қол қоймаған жағдайда сатушымен кепілдік жарна қайтарылмайды.»;

37) 70 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«70. Сатып алу-сату шартын жасасудың  негізі ретінде сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамасына сілтемесі көрсетіле отырып  сатушы мен сатып алушының арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

Сатып алушы сатылу объектісіне төлемін толығымен төлегеннен кейін меншік құқығына ие болатындығын сатушы сатып алу-сату шартында көрсетеді.»;

38) 71 тармақтың үшінші бөлігі келесі басылымда мазмұндалсын:

«Тендер (жабық тендер), конкурс жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды расталған көшірмелерін сатушыға ұсынады.»;

39) 72 тармақтың үшінші бөлігі келесі басылымда мазмұндалсын:

«Түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға жол беріледі. Түпкілікті төлем кешіктірілуіне байланысты шарт бұзылған жағдайда аванстық төлем қайтарылмайды.»;

40) 73 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«73. Осы Реттеменің 77 тармағында көрсетілген жағдайлардан бөлек, акционерлік қоғамдардың акцияларын қоспағанда, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейін объектіні сатып алушыға беру жүзеге асырылады.

Сатылған объектінің иесін өзгерту туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін қол қойылған алыс-беріс актісі негіз болады.»;

41) 74 тармақтың бірінші бөлігі келесі басылымда мазмұндалсын:

«74. Егер жеңімпаз сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамаға осы Реттемеде көрсетілген мерзімдерде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тізілім веб-порталымен қалыптастырылатын сатушы сауда-саттықтар нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.»;

42) келесі басылымдағы 75 тармағымен толықтырылсын:

«75. Бөлiп-бөлiп төлеудiң ықтимал шарты сауда-саттыққа қатысушыларының назарына алдын-ала жеткiзiлген жағдайда ғана бөлiп-бөлiп төлеуге жол беріледi. Бұл ретте бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының 15 пайызынан кем болуы мүмкін емес, ал бөлiп-бөлiп төлеу кезеңi үш жылдан аспауға тиiс.»;

43) келесі басылымда 76 тармағымен толықтырылсын:

«76. Бастапқы жарнаны сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде енгiзеді. Одан кейiнгi соманы енгiзген кезде, әлi енгiзiлмеген сомаға сатушы пайыздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қайта қаржыландырылатын ресми ставкаға сүйене отырып есептейдi.

Одан кейінгі сомаларды енгізу кемінде тоқсанда бір рет жүргізілуі қажет.

Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудің өзге тәсілі көзделмеген болса, төлемдердiң уақтылы өтелуiнің қамтылуы сатып алушы сатып алған мүлкіне сатушының кепiл құқығы болуы мүмкін.»;

44) 77 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«77. Егер, сатып алу-сату шартымен қамтамасыз етудің басқа әдісі қарастырылмаған болса, объектіні бөліп сатуға беру кезінде сатылу объектісіне жасалған алыс-беріс актісіне қол қою жолымен бастапқы жарнаны төлегеннен кейін тіркелуге жататын кепілдік шартын бір мезгілде жасай отырып жүзеге асырады.

Тіркелуге жататын кепілдік шартын бір мезгілде жасай отырып бастапқы жарнаны төлегеннен кейін бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрығына қол қою жолымен беру акционерлік қоғамдардың акцияларын бөліп сатуға беру кезінде жүзеге асырылады.»;

45) 2 қосымшасында:

4 тармақтың 1) тармақшасы келесі басылымда мазмұндалсын:

«1) сауда-саттықтардың өткізілуі туралы хабарламасында көрсетілген мүлікті сатып алушыға және/немесе тендер (жабық тендер), конкурс қатысушыларына қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;»;

4-1 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«4-1. Менің (біздің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіндігім (із) анықталған жағдайда мен (біз) сауда-саттықтарға қатысу құқығынан айыралытындығыма (мызға) келісемін (міз) менің (біздің) тарапымыздан сауда-саттықтар нәтижелері туралы қол қойылған хаттамасы және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп саналады.»;

5 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«5. Егер мен (біз) сауда-саттықтардың жеңімпазы(дары) болып анықталған жағдайда, сауда-саттықтардің өткізілу күні сауда-саттықтар нәтижелері туралы хаттамасына қол қоюды және тізілім веб-порталымен сауда-саттықтар нітижелерін шығарған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюды өзімнің (біздің) міндетіме(ізге) аламын(ыз).»;

 6 тармақтың 1), 4) және 5) тармақшалары келесі басылымда мазмұндалсын:

«1) сауда-саттықтар туралы нәтижелері туралы хаттамасына қол қоюдан баст тарту;

4) тендер (жабық тендер) немесе (мүлікті сатып алушы) конкурсының қатысушыларына қойылатын талаптарына менің (біздің) сәйкес келмейтіндігімді (мізді) анықтағанда;

5) мүлікті сатып алушысына немесе тендерге (жабық тендер), конкурсқа қатысушыларының қосымша талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын  құжаттардың сатушыға ұсынылмауы.»;

7 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«7. Сауда-саттықтардың нәтижелері туралы хаттамасы осы өтініммен бірге сатып алу-сату шартын жасасуға дейін әрекет ететін шарт күшіне ие болады.»;

8 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«8. Конкурста белгіленген бағаның өзгертілуі қадамымен келісемін(із) және бағаның арттырылуына байланысты аукционын өткізу барысында (конкурсқа қатысушысымен толтырылады) қалыптасқан ең жоғары бағасы немесе мен (біз) ұсынған баға бойынша сатылып алу объектісін сатып алуға келісетіндігім (із) туралы ақпараттандырамын.»;

9 тармақтың төртінші бөлігі келесі басылымда мазмұндалсын:

«Тендерге (жабық тендерге), конкурсқа қатысушысының бағалар ұсынысы:________ теңге (сауда-саттықтарға қатысушысымен толтырылады және тендер, жабық тендер немесе конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасына сатушымен немесе комиссиямен қол қойғаннан кейін өтінімде көрініс алады).».

2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен осы өзгертулер мен толықтырулар 2016 жылдың 18 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Generated in 122ms