Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің

2019 жылғы 14 тамыздағы шешімімен

(№ 106 хаттамасы) бекітілген

М үлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу регламентіне өзгерістер


1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№ 66 хаттамасы) бекітілген, мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу Регламентіне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 69-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«Сауда-саттықта жеңген қатысушы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда немесе осы Регламенттің 72-1 тармағын бұзған жағдайда, астық қолхатын сатушысы / ұстаушысы (кепіл ұстаушысы) кепілдік жарнасын кері қайтармайды.»;

2) 74 -тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«Егер жеңімпаз осы Регламентте көрсетілген мерзімде электрондық сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда немесе осы Регламенттің 72-1 тармағын бұзған жағдайда, онда сатушы \ ұйымдастырушы тізілімнің веб-порталымен жасақталатын, сауда-саттық қорытындыларын жою туралы актісіне сатушы \ ұйымдастырушы қол қояды.

Сатып алушы осы Регламенттің 68-тармағында көрсетілген, мерзімде сатып алу-сату шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда не сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда не осы Регламенттің 71-тармағында көрсетілген, құжаттарын сатушыға ұсынбаған жағдайда, сатушы кепілдік жарнасын кері қайтармайды және ЭЦҚ қолдану арқылы тізілімнің веб-порталымен жасақталатын, сауда-саттық қорытындыларын жою туралы актісіне қол қояды.».

2. Осы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген өзгерістер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Generated in 23ms