Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің

2018 жылғы 15 тамыздағы шешімімен 

бекітілді (№ 99 хаттамасы) 

 

 
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында
мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

 

1.«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен бекітілген (№ 66 хаттамасы), Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламентіне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 24-тармақ келесі басылымдағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«24. Кепілдік жарнаны енгізу кезінде төлем құжатында, төлем міндетінде қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) көрсету қажет.»;

2)   25-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«25. Сауда-саттыққа қатысушылардың кез-келген кепілдік жарналарының санын төлеуіне жол беріледі.»;

3)   29-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«29. Егер дерекқорда ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның келіп түсуі туралы мәліметтер бар болса, онда тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдайды және мүлікті сату бойынша сауда-саттықтың қорытындыларын анықтауға дейін шоттағы кепілдік жарнаның сомасына қаражатқа блок қояды, бұл кепілдік жарнаның төленгендігін білдіреді, сондай-ақ қатысушының сауда-саттыққа қатысуға жол беріледі. Ұйымдастырушының шотында кепілдік жарнаның келіп түсуі туралы мәліметтері дерекқорда жоқ болса, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.»;

4)    38-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«38. Аукцион екі сауда-саттықтың тәсілімен: бағаны көтеру және бағаны төмендету өткізіледі. Бағаны көтеру үшін аукционды өткізген жағдайында, сатылу объектісінің алғашқы бағасы бастапқы бағаға тең болады, егер бағаны төмендету үшін аукцион өткізілсе, онда алғашқы баға бастапқы бағаны 3 есеге көбейткіш коэффициентке көбейту жолымен анықталады.»;

5)   68-тармақ келесі басылымдағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«Сатушы мен сатып алушы келісетін нысан бойынша жазбаша түрде сатып алу-сату шартын жасасуға болады.»;

6) 2-қосымшада:

2-тармақ келесі басылымда баяндалсын:

«Бірыңғай оператордың шотындағы мүлік бойынша кепілдік жарнасы мөлшерінде, менің ақша қаражатыма сауда-саттықтың қорытындыларын анықтағанға дейін блок қоюды сұраймыз:

 

р/т

Мүліктің атауы

Мүлік үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1

 

 

2

 

 

 

Барлығы

 

»;

3-тармақ алынып тасталсын;

6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары келесі басылымда баяндалсын:

«1) сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймағанда;

  2) белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартқа қол қоймағанда;».

2. Осы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің  шешімімен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар, 2018 жылдың 20 қазанынан бастап енгізіледі.

Generated in 50ms