Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...
Untitled Document

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің

2018 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен

(№ 95 хаттамасы) бекітілді 

 

 

Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламентіне өзгерістер

 

 

1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (№ 66 хаттамасы) бекітілген, Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламентіне келесі өзгерістер енгізілсін:


1) 35-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«35. Ұйымдастырушы сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын сауда-саттықтың жеңімпазы анықталғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде сатушының шотына аударады және сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

Осы тармақта көзделмеген басқа жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталымен қалыптасқан қатысушының ЭЦҚ қойылған кепілдік жарнаны қайтаруға өтінімі негізінде сауда-саттық өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде  ұйымдастырушымен қайтарылады.

Егер кепілдік жарнаның сомасы сатылу бағасынан асатын болса, онда сатушы мен сатып алушы тізілімнің веб-порталында сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей мерзімінде ұйымдастырушы айырманы жеңімпазға қайтарады.»;


2) 68-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«68. Сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасы:

- аукционның немесе тендердің (жабық тендердің), конкурстың және жеңімпаз бен сатушының сатылу бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату шартқа қол қою міндеттеменің;

- астық қолхатын сату бойынша тендердің және жеңімпаздың осы Регламенттің 72-1 тармағына сәйкес сатып алынған астық қолхаты бойынша өзара есеп-айырысу өткізу міндеттемесінің қорытындыларын тіркейтін құжат болып табылады.

Ұйымдастырушы Атқарушы органының бұйрығымен бекітілетін, үлгілік нысан бойынша сатып алу-сату шартына:

1) тараптармен келісілген тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтың қорытындыларын шығару күнінен бастап алпыс күннен аспайтын мерзімінде жеңімпаз сатып алу-сату шартына қол қоятын, конкурсты;

1-1) ұйымдастырушы астық қолхатын неғұрлым жоғары баға ұсыну әдісімен аукционға немесе астық қолхатын сату бойынша тендерге қою жағдайын;

2) сатылу объектісін уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатын алғаннан бастап ғана иеліктен шығаруға болатын жағдайларын қоспағанда, сауда-саттықтың қорытындылары туралы хаттамасына қол қойған күнінен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімінде ЭЦҚ қолдану арқылы сатушы мен сатып алушы қол қояды және тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасасылады. Мұндай жағдайларда сатушымен және жеңімпазбен келісілген мерзімінде сатып алу-сату шартына қол қойылады.

Бұл ретте, сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімінде сатушы сатып алу-сату шартын шартының жобасын сатып алушыға ұсынады.»;


3)  71-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«71. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына қол қойған соң сатушыға салыстыру үшін түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін міндетті түрде көрсете отырып, келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатын:

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігін немесе анықтаманы;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжатын, сондай-ақ, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжатын.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі.

Тендер (жабық тендер), конкурс жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды расталған көшірмелерін сатушыға ұсынады.»;


4)  73-тармақ келесі басылымда жазылсын:

«73. Осы Регламенттің 77 тармағында көрсетілген жағдайын қоспағанда, акционерлік қоғамдардың акцияларын қоспағанда, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлегеннен кейін объектіні сатып алушыға беру жүзеге асырылады.

Сатылған объектінің иесін өзгерту туралы мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін қол қойылған қабылдап алу-тапсырып беру актісі негіз болады.

Жеңімпаз қабылдап алу-тапсырып беру актісіне белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайдатізілімнің веб-порталымен қалыптастырылған, сатушы сауда-саттық қорытындыларын болдырмау туралы актісіне қол қояды.».


2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, Регламентке осы өзгерістер 2018 жылдың 22 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.  

Generated in 39ms