Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

 

 

2015 жылдың 18 мамырындағы

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның директорлар

Кеңесінің шешімімен бекітілген (№74 хаттамасы)

 

 

Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне өзгертулері (№74 Хатттамасы)

 

1. 2014 жылдың 23 мамырындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізудің Реттемесіне (№66 Хаттамасы) келесі өзгерістер енгізілсін:

1)   12 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

«12) аукцион барысында аукционға қатысуға кедергі болып табылатын техникалық ақау орын алған жағдайда, қатысушы осы жағдай бойынша тез арада телефон немесе электрондық хабарлама арқылы ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабардар етеді.

Ұйымдастырушы орын алған техникалық ақау фактісін тіркеуге алады және веб-портал тізілімі тарапынан техникалық ақау болған жағдайда барлық аукционға қатысушыларды тізілім веб-порталында тиісті ақпараттың орналастырылуы арқылы хабардар етеді.

Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығының техникалық ақауы болған жадайда аукцион жалғастырыла береді.»;

2)   60 тармақтың 5) тармақшасы келесі басылымда мазмұндалсын:

     «5)  егер ағымдағы баға ұлғайған соң жиырма минут ішінде қатысушлыардың бірде-біреуі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен сатылу объектісін сатып алуға ниет білдірмесе, онда сатылу объектісін сатып алуға ниетін  білдірген  қатысушы жеңімпаз болып саналады, ал аукцион өткізілген болып танылады.

Аукцион порталмен уақыттың шектеусіз конкурс жеңімпазы анықталған сәтке дейін жүргізіледі.»;

3)   74 тармақ келесі басылымда мазмұндалсын:

     «74. Осы Реттемеде көрсетілген мерзімдерде сауда-саттықтардың  нәтижелері туралы электрондық хаттамасына жеңімпаз тарапынан қол қойылмаған жағдайда, сатушы тарапынан тізілім веб-порталында сауда-саттықтардың нәтижелері жойылуы туралы актісіне қол қойылады.

     Осы Реттеменің 68 тармағында көрсетілген мерзімде сатып алушы тарапынан сату-сатып алу келісіміне қол қоюдан бас тарқтан жағдайда немесе осы Реттеменің 71 тармағында көрсетілген құжаттарды сатушыға ұсынбауына немесе сатып алушының сату-сатып алу келісімі бойынша міндеттемелерді  өз дәрежесінде орындамауы немесе орындамауына байланысты, сатушы тарапынан кепілдік жарна қайтарылмайды және тізілім веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттықтардың нәтижелері жойылуы туралы актісіне ЭСҚ пайдалану арқылы қол қойылады.».

2. «Ақпараттық-есептеу орталығы»  АҚ-ның директорлар Кеңесінің  шешімімен бекітілген осы өзгерістер 2015 жылдың 18 мамырынан бастап күшіне енгізіледі.

Generated in 45ms