Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ы

Директорлар кеңесінің

2018 жылғы 24 қазандағы

шешімімен бекітілген (Хаттама №100)

 

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне толықтыру

 

1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен (Хаттама №66) бекітілген, Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу регламентіне келесі толықтыру енгізілсін:


35-тармақ келесі мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

«Егер бұл форс-мажорлық жағдайлар қорытындысы, соның ішінде Қоғамның банк-серіктесі өзіне қабылдаған кепілдік жарналарын аудару мен кері қайтару бойынша міндеттемелерін орындамау болса, Қоғам өз активтерімен кепілдік жарналарын сатушылар мен сауда-саттыққа қатысушыларға аудару мен кері қайтару бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапта болмайды.

Форс-мажорлық жағдайлар пайда болған жағдайда, Қоғам осындай жағдайлар мен олардың себептері туралы хабарламасын сауда-саттыққа қатысушы мен сатушының электрондық мекенжайына дереу жолдайды, сондай-ақ міндеттемелерін орындау баламалы тәсілдерін іздестіру мен орындалуын жүзеге асырады.».

2. Осы Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, Регламентіне енгізілетін толықтыру, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста болады.

Generated in 22ms