Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

2017 жылдың 25 қаңтарындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
Директорлар кеңесінің шешімімен Бекітілген (№85 Хаттама)

 

 

Мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізудің Реттемесіне (Регламент) өзгерістер мен толықтырулары

 

 

1. 2014 жылдың 23 мамырындағы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесімен бектілген мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Реттемесіне (Регламент) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1)  1 тармағында:

14) тармақша келесі басылымда мазмұндалсын:

«14) ұйымдастырушы – астық қолхаттарын тіркеушісі; тізілім веб-порталында сатушымен электрондық қызметтерді көрсету бойынша сауда-сатықтарды өткізу туралы шартын жасақан «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы;»;

келесі басылымдағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалырмен толықтырылсын:

«22-1) астық қолхат – астықтың белгілі көлеміне меншік құқығын растайтын эмиссиялық емес құжатсыз бағалы қағаздың түріндегі қойма куәлігі;

22-2) астық қолхат ұстаушысы – астық қолхаттары бойынша құқықтарына ие астық қолхаттары ұстаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімінде (АҚҰМЭТ) тіркелген тұлға;

22-3) АҚК рейтингісі – астық қолхатын шығарған астық қабылдау кәсіпорынның және астық қолхатының сенімділігін білдіретін астық қолхаттарын тіркеушісімен тағайындалатын, астық қолхаттарына әлеуетті инвесторлар мен сауда-саттықтарға қатысушылары үшін көрсеткіш;»;

25) тармақша алынып тасталсын;

 

2)    4 тармақтың 1) тармақшасы келесі басылымда мазмұндалсын:

«1) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес сауда-саттықтарда сатылатын мүліктің құнына бағалауды ұйымдастыру (астық қолхатарын қоспағанда)»;»

 

3)  8 тармақта:

3-1) тармақша келесі басылымда мазмұндалсын:

«3-1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 28 шілдесіндегі №4-1699 бұйрығымен бекітілген АҚҰМЭТ қалыптастыру және жүргізу Қағидаларына сәйкес, астық қолхаттарының www.minagro.kz ақпараттық жүйесі веб-порталында астық қолхаты иесінің ЭЦҚ қол қойылған, электрондық бұйрығына сәйкес астық қолхатын сату бойынша тендер немесе бағаны арттыру әдісімен аукционына астық қолхатын шығару;»;

3-2) тармақшасын келесі басылымда толықтырылсын:

«3-2) астық қолхатына  инвестициялау үшін қауіпті болып саналатын төмен рейтингісі бар АҚК жасалатын астық қолхаттары туралы сауда-саттықтарға қатысушыларын хабардар ету немесе/және тізілім веб-порталында сатуға  шектеулер қоюға (астық қолхаттары тіркеушісінің атқарушы органымен бекітілген астық қабылдау кәсіпорындарын рейтингісін анықтау мен тағайындау Әдіснамасына сәйкес);»;

 

4) 15 тармақ 1) тармақшасының екінші бөлігі келесі басылымда мазмұндалсын:

«1) 2015 жылдың 25 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» №115 бұйрығына сәйкес бағалау стандарттарына сәйкес жасалған сату объектісін бағалау туралы есептілігі (астық қолхаттарын сауда-саттықтарға шығару жағдайларын қоспағанда);».

 

2.   «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген осы өзгерістер мен толықтырулар 2017 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Generated in 58ms