Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

 

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

2018 жылдың 12 қантардағы №31

бұйрығымен бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында сауда-саттықтарды өткізу бойынша электрондық қызметтерді көрсету туралы үлгілік шарт

 

 

Астана қ.                                                                                                                                       

2018 жылғы «__» ________  

 

 

 

Бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын _______________________  атынан Жарғының негізінде әрекет ететін директор бірінші тараптан және бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы атынан Жарғының негізінде әрекет ететін Басқарма төрағасы Оспанов Жанасыл Бегалиевич екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында сауда-саттықтарды өткізу бойынша электрондық қызметтерді көрсету туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) мына төмендегілер туралы келісімге келді:

 

1. Шарттың мәні

 

1.1. Осы шартқа сәйкес Ұйымдастырушы «Сатушылардың деректері және олар жүзеге асыратын мүліктің  электронды базасы» электрондық ақпараттық ресурсында (бұдан әрі- Ресурс) орналасқан және Ұйымдастырушының Директорлары кеңесінің шешімімен бекітілген мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату (мүліктік жалға  (жалдауға) немесе сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру) бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу регламентіне (бұдан әрі - Регламент) сәйкес мүлікті электронды сауда-саттықты Сатушыны ұйымдастырумен және сатумен (мүліктік жалға  (жалдауға) немесе сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру) байланысты қызметтерді көрсетеді.

1.2. Осы Шарт электронды сауда-саттықты ұйымдастыру мен жүргізу бойынша қарым-қатынастарды реттейді және осы шарттың әрекет ету мерзімі бойында  Сатушының шексіз лоттар санына байланысты шексіз сауда-саттықтарды өткізуге мүмкіндігін қарастырады.

1.3. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды, атап айтқанда:

1)      осы Шарт;

2)      Ұйымдастырушының Директорлары кеңесінің шешімімен бекітілген Баға көрсеткішіне сәйкес Ұйымдастырушы қызметтерінің құны (Ресурста орналасқан);

3)      Регламент (Ресурста орналасқан).

 

2. Ресурсқа және Жеке кабинетке қолжетімділік

 

2.1. Ресурстағы Сатушының Жеке кабинеті арқылы ұсынылатын торгов электронды сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу ресурсының функционалына Сатушының қолжеткізуі Сатушының осы Шарт талаптарымен келісімін растайтын Электрондық санды қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭСҚ)  қолдана отырып, қандай да бір қосымша талаптарсыз Тіркеу өтінішіне қол қойғаннан кейін және осы шарттың 4.1-тармағына сәйкес Ресурсқа қосылу үшін Сатушы біріңғай төлемді жүргізгеннен кейін www.gosreestr.kz адресі бойынша ұсынылады.

2.2. Жеке кабинетті қолдана отырып Тіркеу өтінішіне қол қойуы мынадай ретпен жүргізіледі:

2.2.1. Дербес тіркелу мына төмендегі ретте (ar.gosreestr.kz парағында) жүзеге асырылады:

- Сатушы ретінде (заңды тұлға): заңды тұлғаға берілген ЭСҚ және «Заңды тұлға қызметкерінің, оның ішінде: мемлекеттік мүлік тізілімінде және/немесе қаржылық есептілік депозитарийінде тіркелген жұмыс орнын» қолданумен;

- Сатушы ретінде (жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер): заңды тұлғаға берілген ЭСҚ және «Жеке тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркелген жұмыс орнын» қолданумен;

2.2.2. Жеке кабинетте Сатушымен мынадай мәліметтерді енгізу жүзеге асырылады:

-  жеке тұлға үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

- заңды тұлға үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

- сатып алушының сатылым бағасын төлеуге және Ұйымдастырушымен өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған екінші деңгейлі банктегі банктік шоттың деректемелері;

- байланыс мәліметтері (пошталық адресі, телефон, факс, e-mail);

2.2.3. Сатушы «Мүлікті сатушы» бөліміне кіріп:

- немесе «электрондық үкімет» төлем шлюзін (бұдан әрі – ЭҮТШ) қолдана отырып on-line төлемдерді жүзеге асыру үшін «Бір жолғы төлем төлеу» батырмасын басады, ол мұндай төлемнің Ұйымдастырушының есеп-шотына 1-2 минут ішінде түсуіне кепілдік береді. ЭҮТШ қолдана отырып ақшаны аударғаннан кейін Ресурс Сатушы ЭСҚ қолдана отырып қол қоятын автоматты түрде тіркеу өтінішін қалыптастырады;

- немесе Шарттың 8-бөлімінде көрсетілген төлем шотын алу үшін және кейіннен Ұйымдастырушының есеп-шотына төлем жасау үшін, «Төлем шотын алу» батырмасын басады. Төлем жасалғаннан соң 2-3 күннен кейін Сатушы «Тіркеу өтінішіне қол қою» батырмасын басады және Ресурстың мәліметтер базасында (Банктің төлем жүйесімен кіріктірілген) төлемді іздеуді жүзеге асырады. Сатушы Ресурстың деректер базасында қуыным төлемін көрсеткеннен кейін (төлем Ұйымдастырушының шотына қаражат түскеннен соң қол жетімді болады), Сатушы ЭСҚ қолдана отырып қол қоя алатын тіркеу өтінімді Ресурс автоматты түрде қалыптастырады;

2.2.4. ЭСҚ қолдана отырып Сатушы Тіркеу өтінішіне қол қою кезінде Жеке кабинетте осы Шартқа Тараптармен автоматты түрде қол қойылып, күшіне енеді және Ұйымдастырушының орналасқан орны бойынша Сатушымен қағаз тасымалдағыш түрінде алынуы мүмкін.

2.3. Тіркеу өтінішіне қол қойылған  кейін Сатушы (заңды тұлға) Жеке кабинетте:

- Сатушының (заңды тұлғаның) атынан және тапсырмасы бойынша Ресурста және Жеке кабинетте жұмыс істеуге уәкілетті, сенімді тұлғалардың;

- Сатушымен жарияланған конкурсқа. қатысты электрондық хаттамаларға қол қоюға уәкілетті конкурстық комиссия мүшелерінің тізімін көрсетеді.

2.4. Ресурста және Жеке кабинетте жұмыс істеу кезінде:

- Сатушының (заңды тұлғаның) сенімді өкілдері заңды тұлғаға (Сатушыға) берілген ЭСҚ;

- Сатушының (заңды тұлғаның) конкурстық комиссия мүшелері жеке тұлғаға берілген ЭСҚ қолдануы қажет.

 

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Сатушы:

3.1.1. осы Шартпен көзделген мерзімде және ретте өзінің Ресурсты пайдалану құқығын толық көлемде іске асыруға;

3.1.2. Ұйымдастырушыға Ресурс жұмысының технологиялық ерекшеліктеріне, ЭСҚ құралдарын қолдану және Ресурста жұмыс істеумен байланысты өзге де сұрақтарға қатысты консультациялық кеңес алу үшін ауызша және жазбаша нысанда өтініш жасауға;

3.1.3. Ресурстың «Құжатты тексеру» функционалын (Ресурста Сатушының авторизациядан өтуін қажет етпейтін) қолдана отырып, өзінің электронды адресінде алынған Ұйымдастырушының басылып шығарылған құжаттарын Сатушының ЖСН/БСН және Ресурста Ұйымдастырушының барлық құжаттарымен (Шарт, көрсетілген қызметтер актісі, сауда нәтижесі туралы электронды хаттаманың төлем шоты, Тіркеу өтініш, Қосылу өтініші) тудырылған бірегей құжат нөмірімен салыстыруды жүзеге асыруға;

3.1.4. осы Шарттың 2.2.2-тармағына сәйкес Жеке кабинетке енгізілген мәліметтерді тегін өзгертуге құқылы.

3.2. Сатушы:

3.2.1. осы Шарттың 4-бөлімімен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ұйымдастырушының қызметін қабылдайды және  төлем жүргізеді;

3.2.2. мүлікті сату кезінде Электрондық сауда-саттықты өткізу регламентін, Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентін, Мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентін басшылыққа алуға;

3.2.3. Жеке кабинетте өзінің сенімді өкілдері мен конкурстық комиссия мүшелері туралы ақпаратты енгізуге (жеке тұлғалардың сатушысын және жеке кәсіпкерлердің сатушыларын есепке алмағанда);

3.2.4. ЭСҚ қолдана отырып Жеке кабинетте:

1) конкурсқа қатысушылар арасындағы аукционды, тендерді немесе аукционды өткізу күніне - сауда-саттықтың нәтижелері туралы электрондық хаттамаға;

2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда-саттықтың күні мен уақытынан кейін 24 сағат ішінде - өткізілмеген сауда-саттық туралы актіге;

3) сауда саттық аяқталған кейін 24 сағат ішінде - сауда-саттық нәтижелерін жою туралы актіге (егер сауда-саттық жеңімпазы Регламентпен белгіленген мерзімде сауда-саттық нәтижелері туралы электронды хаттамаға қол қоюдан бас тартса);

4) есепті айдан кейінгі айдың 10 жұлдызына кешіктірмей (өткен күнтізбелік ай) есепті кезеңдегі көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.

3.2.5. Регламентпен белгіленген мерзімде конкурсқа қатысты ол құрған конкурстық комиссияның электронды хаттамаларға қол қоюын қамтамасыз етуге;

3.2.6. үшінші тұлғаларға (сенімді өкілдер мен тендерге қатысушыларды немесе конкурстық комиссияны қоспағанда) ЭСҚ мен Жеке кабинетке қол жеткізетін құпия сөзді  бермеуге;

3.2.7. Ресурста, оның ішінде Жеке кабинетте іс-әрекетті жүзеге асыру үшін Регламентпен және қазақстан республикасының заңнамасымен қарастырылған өзі және сату (мүліктік жалға  (жалдауға) немесе сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру) объектісі бойынша сенімді құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;

3.2.8. осы Шарттың 2.2.2-тармағында көрсетілген Жеке кабинеттегі деректерді нақты өзгерткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде деректерді өзгертуге;

3.2.9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сәйкес өзге де міндеттерді көтеруге міндеттенеді.

3.3. Ұйымдастырушы:

3.3.1. осы Шарттың 4-бөлімінде белгіленген мерзімдерде Сатушы Ұйымдастырушының қызметі үшін төлем жүргізбеген кезде, сондай-ақ осы Шарттың 3.2-тармағымен белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда Сатушының Ресурстағы қолжетімділігін тоқтатуға;

3.3.2. Сатушыға осы Шарттың 4.3-тармағына сәйкес Ұйымдастырушы алдындағы қарызды және қосылу шоттарына төлем жүргізгеннен кейін Ресурсқа қол жеткізуді қайта бастайды;

3.3.3. Жалпыға белгілі тәсілмен бұл туралы Сатушыны хабарландыру арқылы Регламентке, Баға көрсеткішіне және осы Шартқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу. Жоғарыда аталған құжаттарға өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы Сатушыны хабардар еткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күн бойында Ұйымдастырушы осындай өзгерістерді (толықтыруларды) қабылдаудан жазбаша бас тарту алмаса Регламентке, Баға көрсеткішіне және осы Шартқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу Сатушымен қабылданған болып саналады.

3.3.4. Көрсетілетін қызметтердің тізімі мен шарттарын дербес анықтауға және олар үшін сәйкесінше төлем алуға құқылы.

3.4. Ұйымдастырушы:

3.4.1. Ресурстың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етуге;

3.4.2. осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шарттың талаптарына сәйкес Сатушының Ресурсқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге;

3.4.3. Ресурста Сатушымен тіркелген сату (мүліктік жалға  (жалдауға) немесе сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру) және сауда-саттық объектілері бойынша бұйрықтарды орындауға немесе Регламентте белгіленген тәртіпте және мерзімде осындай бұйрықтарды орындаудан алуға; 

3.4.4. сауда-саттық қатысушыларынан кепілдік жарналарды қабылдау мен қайтаруды және Регламентпен белгіленген мерзімдерде сауда саттықта жеңімпаз болған қатысушының кепілдік жарнасын сатушыға аударуға;

3.4.5. облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұйымдастырушының аймақтық бөлімшелері немесе Форум (forum.gosreestr.kz адресі бойынша орналасқан) арқылы Ресурс жұмысының техникалық ерекшеліктеріне қатысты Сатушыға консультациялық көмек көрсетуге міндеттенеді.

 

4. Есеп айырысу тәртібі

 

4.1. Сатушыны Ресурсқа қосы үшін алынатын Біржолғы төлем осы Шарттың 2.2-тармағында көрсетілген Сатушымен Жеке кабинетте қалыптасатын Тіркеу өтініші негізінде Ұйымдастырушымен қалыптасқан ұсынылған (Ресурспен қалыптасқан) төлем шоты негізінде жүргізіледі.

Ресурске Сатушыны қосу үшін ұйымдастырушы ЭЦҚ пайдалана отырып электрондық түрде қол қойылған көрсетілген қызметтер актісі (бұдан әрі – электрондық акт), as.gosreestr.kz веб-сайтында Ресурсты пайдалану арқылы Сатушы Жеке кабинетінде тіркелу үшін сұранымға қол қойған күннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушымен ұсынылады.

Көрсетілген электрондық акт Жеке кабинетте ЭЦҚ колдана отырып, орналасқан сәттен бастап, 5 жұмыс күні ішінде Сатушымен қол қойылады.

Ресурсқа Сатушыны қосу үшін шот-фактура электрондық түрде Ұйымдастырушымен беріледі және esf.gov.kz веб-сайтында шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша Ақпараттық жүйе арқылы ұсынылады (бұдан әрі – электрондық шот-фактура).

4.2. Сатушы жеке кабинетте төлем шотын қалыптастырған күннен бастап күнтізбелік он күн бойында төленетін төлем шоты құралып, төлемнің алдын ала төлем жасалуы қарастырылады.

Есептілік айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей, Ұйымдастырушы as.gosreestr.kz веб-сайтында Ресурсты пайдалана отырып электрондық актіні ұсынады, бұнда есептілік кезеңде көрсетілген қызметтер тізбесінен көрсетіліп тұрады (өткен күнтізбелік ай).

Көрсетілген электрондық акт Жеке кабинетте ЭЦҚ пайдалана отырып, Сатушымен есептілік айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей қол қойылады.

Электрондық шот-фактура Сатушымен Жеке кабинентте электрондық актіге қол қойған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынылады.

Сатушымен көрсетілген қызметтерге төлеу ай сайын есептілік айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырылады.

Айлық электрондық акт есептік кезеңде (өткен күнтізбелік ай) Ұйымдастырушымен көрсетілген қызметтер болмаған кезде, Ұйымдастырушымен қалыптастырылмайды және Сатушыға жолданбайды.

 4.3. Ресурсқа Сатушының қолжетімділігін қамтамасыз етудің жыл сайынғы төлемі Сатушымен Қосу туралы өтінішке қол қойған сәттен бастап мерзімін ұзарту кезінде немесе Ресурсқа қолжетімділікті қайта жаңғырту кезінде жүзеге асырылады.

Қосы туралы өтінішті Жеке кабинетте қалыптастыру:

- Ресурсқа қолжетімділікті ұзарту кезінде: Сатушымен Ресурсты қолданудың бірінші күнтізбелік жылын аяқтағанға дейін немесе аяқтаған күннен кейін;

- Ресурсқа қолжетімділікті қайта жаңғырту кезінде: Ресурсқа қолжетімділіктен Сатушыны ажыратқан күннен бастап.

ЭСҚ қолданумен қосу туралы өтінішті Сатушы рәсімдеген және қол қойғаннан кейін жыл сайынғы төлем Сатушының есептік шотында ақша қаражаты болған жағдайда автоматты түрде ұйымдастырушымен шығарылады. Сатушының есептік шотында ақша қаражаты болмаған жағдайда төлем Сатушымен Ұйымдастырушы төлем шотын (Ресурспен қалыптасқан) қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізіледі

Қосылу үшін Өтініш бойынша электрондық акт Сатушы Жеке кабинетте Өтінішке қол қойған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушымен as.gosreestr.kz  веб-сайтында Ресурсты пайдалану арқылы ұсынылады.

Электрондық шот-фактура Сатушымен Жеке кабинентте электрондық актіге қол қойған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде ұсынылады.

4.4.  Сатушымен төлем жасау:

- ЭҮТШ қолдана отырып, Жеке кабинет арқылы on-line төлем жүргізілген жағдайда Ұйымдастырушының есептік шотына 1-2 минут ішінде осындай төлемнің түскеніне кепілдік береді;

-  немесе осы Шарттың 8-бөліміне сәйкес Ұйымдастырушының есеп шотына аудару арқылы төлем жасау теңгеде, қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады

4.5. Көрсетілген қызметтер актілері және төлем шоттарды Жеке кабинетте басып шығаруға болады немесе Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша қағаз түрінде Сатушымен алынуы мүмкін.

 

5. Жауапкершілік

 

5.1. Тараптар Регламентке және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шартың талаптарын сақтау үшін жауапкершілік алады.

5.2. Ұйымдастырушы кінәсінен емес Ресурсты қолдану кезінде пайда болған келеңсіздіктерге, оның ішінде Сатушының компьютерлік техникасының кемшіліктерін немесе қатардан шығуын, Сатушы тарапынан Интернет желісіндегі ақаулықтар мен тұрақсыз қосылыстарды, Сатушының Интернет-провайдерімен енгізілген Интернет желісіне қол жеткізудегі шектеулерді, Сатушының компьютерлік техникасында қандай да бір себептерге байланысты компьютерлік зиянды бағдарламалық өнімдерді ескере отырып Ресурсты қолдану кезінде орын алған жағымсыз жағдайлар үшін (оның ішінді үшінші тұлғалардың алдында да) жауапкершілік алмайды 

5.3. Сатушы Ресурспен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (зиянды бағдарламалық қамтамасыз етумен күрес бөлігінде) жауапкершілік алады.

5.4. Сатушы сауда-саттық бойынша тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік алады, оның ішінде Регламентпен белгіленген мерзімдерді сақтау бөлігінде үшінші тұлғалардың алдында.

5.5. Егер Ұйымдастырушы осы Шарттың, Регламенттің талаптарын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын  бұзған жағдайда Сатушының өз міндетін орындай алмаған жағдайда  Ұйымдастырушының жауапкершілігі туындайды.

5.6. Осы шартты орындау кезінде пайда болған барлық келіспеушілікті және одан туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу арқылы шешілуге тиісті, ал келісімге келмеген жағдайда даулар соттық тәртіппен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде Ұйымдастырушының орналасқан мекен - жайына байланысты Астана қалалық экономикалық соты және Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты арқылы шешіледі.

 

6. Форс-мажор

 

6.1. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Ұйымдастырушы мен Сатушының қате есептеуімен және ұқыпсыздығымен байланысты емес Ұйымдастырушы мен Сатушы тарапынан бақылауға бағынбайтын және күтпеген сипатқа ие оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар Ұйымдастырушыға қатысты қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерін, әскери іс-қимылдарды, табиғи немесе зілзала апаттарын, індет, карантин және қызметтерді көрсетудегі эмбарго сияқты оқиғаларды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

6.2. Осы Шарт бойынша Тараптар өз міндеттемелерін толық немесе жартылай орындауына кедергі келтіретін Тараптардың еркі мен күш-жігеріне байланысты емес атап айтқанда: табиғи апаттар немесе соғыс, кез келген сипаттағы әскери іс-қимыл, оқшаулау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен шығарылған нормативтік құқықтық актілер салдарлар болса, Тараптар осы Шарт бойынша жауапкершілікті орындамағаны және/немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

6.3. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Ұйымдастырушы осындай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарламаны Сатушыға дер жолдауы тиіс. Егер Сатушыдан ешқандай жазбаша нұсқаулық түспесе, Ұйымдастырушы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің мақсатқа сәйкестігіне қарай орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға байланысты емес Шартты орындаудың балама тәсілдерін іздеуді жалғастырады.

6.4. Ұйымдастырушы және Сатушы  тұрақсыздық айыппұлын төлеу үшін немесе егер Шартты орындаумен байланысты кедергі форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып, оның талаптарын орындамаумен байланысты осы Шартты бұзғаны үшін жауапкершілік алмайды.

6.5. Егер форс-мажор жағдайы күнтізбелік 20 (жиырма) күнінен артық созылатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Шарт бойынша міндеттерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысы екінші Тарапқа келтірілген шығынының орнын толтыруға құқылы.

 

7. Өзге де жағдайлар

 

7.1    Осы Шарт жария оферта болып, Ұйымдастырушымен еркін қолжетімді Ресурста орналастырылады.

7.2    Сатушы осы Шартты бір жақты тәртіпте (бір жақты бас тарту) кез келген уақытта бұзуға құқылы. Осы шартты бұзу туралы өтініш Сатушымен жазбаша түрде Ұйымдастырушыға ұсынылуы тиіс. Ұйымдастырушымен қызмет көрсетуді нақты тоқтату Сатушының жазбаша өтінішінде көрсетілген күннен бастап жүргізіледі.

7.3. Сатушы осы Шарттың немесе Регламенттің талаптарын бұзғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де жағдайларда  Ұйымдастырушы Жеке кабинетте көрсетілген Сатушының электронды адресіне Ресурсқа қолжеткізуді тоқтату, оның ішінде қатысушы ретінде сауда-саттыққа қатысу туралы электронды хабарламаны жолдау арқылы біржақты тәртіпте (бір жақты бас тарту) осы Шарттың әрекетін тоқтатуға құқылы.

7.4. Осы Шарттың немесе Регламентпен талаптарымен реттелмеген барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

7.5. Осы Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында қарама-қайшылықтар    туындаған кезде, орыс тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады.

 

 

 

8. Тараптардың деректемелері мен қолдары

 

Сатушы:                                                                                              Ұйымдастырушы:

«Ақпараттық-есептеу  орталығы»

                                                                                              акционерлік қоғамы

                                                                                              010000, Астана қ., Республика даңғылы, 29-үй

                                                                                              Тел. (7172) 55-29-81, iac@gosreestr.kz

 

Банктік деректемелері:                                                                       Банктік деректемелері:

БСН                                                                                                          БСН 050540004455

БСК                                                                                                          БСК HSBKKZKX

ЖСК                                                                                                         ЖСК KZ946017111000000330

Банк:                                                                                                        «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

 

Директор                                                                                                Басқарма төрағасы

 

___________________                                                                                        _________________ Ж. Оспанов

М.О.                                                                                         М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

Generated in 115ms