Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

                                                           «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 27

желтоқсандағы шешімімен

(№ 94 хаттамасы) бекітілген

 

 

Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу регламенті

 (10.04.2019ж. дейін өзгеріс енгізгенге дейінгі басылым)

Осы Мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық сауда-саттықтарын мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында өткізу регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес әзірленген және объектіні тендер нысанында электрондық сауда-саттықта сенімгерлік басқаруға беру тәртібін анықтайды.  

 

 

1.     Жалпы ережелер

 

1.              Осы Регламентте Қазақстан Республикасының заңнамасында қолданылатын негізгі ұғымдар, сондай-ақ Регламентте көрсетілген анықтамалар, қысқартулар пайдаланылады:

1)   мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) - Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сатушылар және олармен сатылатын мемлекеттік меншік, квазимемлекеттік секторы объектілері мен мемлекеттік емес мүліктің электрондық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

2)   баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасы орнатқан тәртібінде, объектіге тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

3)             кепілдік жарна - 30000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес, тендерге қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға төлеген, объектінің бастапқы бағасынан 15 % мөлшеріндегі ақшалай сома;

4)   бастапқы баға - Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын, объектіні кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда тендерлік комиссия белгілейтін объектінің құны;

5)   жабық тендер - қатысушылардың шектеулi тобы қатысатын тендер;

6)   ұйымдастырушы -  тізілімнің веб-порталында сауда-саттықтарды өткізу бойынша электрондық қызмет көрсету туралы шартын сенімгерлік басқару құрылтайшысымен жасасқан «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы;

7)   сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – ұйымдастырушымен жасасқан, тізілімнің веб-порталында сауда-саттықты өткізу бойынша электрондық қызмет туралы шартында орнатылған, тәртібінде тіркелген жеке немесе заңды тұлға (объектінің иесі және/немесе ол уәкілеттік берген тұлға);

8)   кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқарудың объектісі (бұдан әрі - объект) – құрылтайшының жеке меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар);

9)   объектінің нарықтық құны - мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет еткен жағдайда, бәсекелестік жағдайындағы мәміле негізінде ол бойынша сенімгерлік басқару объектісі кейіннен сатып алу құқығымен иеліктен шығарылуы мүмкін болатын есептік ақшалай сома;

10)           сенімгерлік басқарушы - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

11)           тендер - бұл құрылтайшы үшін ең үздік шарт талаптарын ұсынған тендерге қатысушылардың бірімен оның ұсынған бастапқы шарттарының негізінде құрылтайшы шарт жасасуға міндеттенетін, электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

12)           тендер жеңімпазы - объект үшін ең жоғары баға ұсынған тендерге немесе жабық тендерге қатысушы;

13)           тендерге қатысушы - тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

14)           шарт - құрылтайшы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты;

15)           электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

16)           электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

 

 

2. Сенімгерлік басқарушы

 

2.   Құрылтайшының функциялары:

1)    тізілімнің веб-порталын пайдаланушылары ұйымдастырушымен электрондық қызметтер көрсету шартын жасасу;

2)   сауда-саттықты дайындықты жүзеге асыру;

3)   әлеуетті қатысушылардың объектіні қарау үшін қол жеткізуді ұйымдастыру;

4)   сауда-саттыққа қойылған объекті туралы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету;

5)   сенімгерлік басқарушының сауда-саттық жеңімпазымен шартты жасасу және оның орындалуын бақылау;

6)   сауда-саттықты өткізу рәсімдері мен оның қорытындыларына орай есеп-айырысуды ұйымдастырушымен және жеңімпазбен жүзеге асыру;

7)   тендер талаптары туралы шешімін қабылдау және оның қатысушыларына қойылатын талаптарын орнату;

8)   сауда-саттықты өткізгенге дейін үш жұмыс күннен кешіктірмей, объектіні сауда-саттықтан алу туралы шешімін қабылдау;

9)   объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттықты өткізу үшін басқа іс-шараларын өткізу болып табылады.

 

 

3. Ұйымдастырушы

 

3.   Ұйымдастырушының функциялары:

1)   сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдап алу мен кері қайтару және сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын құрылтайшыға аудару;

2)   құрылтайшының деректер базасына қол жеткізуін қамтамасыз ету;

3)   консультациялық көмекті құрылтайшыға тізілімнің веб-порталын (пайдаланушыларға) көрсету, соның ішінде облыстық орталықтар мен республикалық маңызы бар қалаларында орналасқан аумақтық бөлімшелері арқылы;

4)   деректер базасын толтыруға орай басқа функциялар болып табылады.

4.       Құрылтайшымен сауда-саттыққа қойылған объект туралы ақпаратқа, және тізілімнің веб-порталы қызметін реттейтін ақпаратқа бөгетсіз қол жеткізуді ұйымдастырушы қамтамасыз етеді.  

5.       Ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысу үшін электрондық өтінімдер (бұдан әрі - өтінім) мен оларға қоса берілген электрондық құжаттардың сақталуына, сондай-ақ олардың құпиялылығына жауап береді.

6.   Ұйымдастырушы:

1)   Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қарастырған, жағдайларын қоспағанда, сауда-саттыққа дайындық және оны өткізу барлық кезеңі ішінде, сауда-саттыққа қатысушыларға қатысты ақпаратты жариялауға;

2)      осы Регламенттің 18-тармағының екінші абзацында санамаланғандарды қоспағанда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қосымша құжаттарды ұсынуға талап етуге құқылы.  

7. Тендерді өткізген күні тендерді өткізуге кедергі жасайтын техникалық іркіліс пайда болу кезінде, қатысушы кідірмей телефон немесе электрондық хабарлама арқылы ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша осы туралы хабар береді.

Ұйымдастырушы техникалық іркіліс бар болу фактісін тіркейді және тізілімнің веб-порталы тарапындағы техникалық іркіліс бар болуы кезінде ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыру арқылы барлық тендерге қатысушыларына хабар береді.

Тендерге қатысушылардың компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтың техникалық іркілісі кезінде тендер өткізіле береді.

8. Тендерді өткізуге кедергі жасайтын тізілімнің веб-порталы техникалық іркілісі фактісі бар болу кезінде, ұйымдастырушы бұл туралы құрылтайшыға хабар береді және тізілімнің веб-порталында көрсетілген, қатысушының электрондық мекенжайына жөнелту мен ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыру арқылы осы тендерді жалғастыру күні мен уақыты туралы тендерге қатысқан қатысушыларын міндетті алдын ала хабарламамен, ұйымдастырушы техникалық іркілісті түзеткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерді жалғастыруын ұйымдастырады.

 

 

4. Тендер өткізуге дайындық  

 

9. Тендер өткізуге дайындық құрылтайшының ішкі рәсімдері мен осы Регламентке сәйкес келесі тәртібінде жүзеге асырылады:

1) объект бойынша қажетті материалдар жиналады;

2) тендер өткізу мерзімдері мен оның талаптары анықталады;

3) бастапқы баға анықталады;

4) кепілдік жарнаның мөлшері анықталады;

5) тендер өткізу туралы хабарламасы тізілімнің веб-порталында жарияланады;

6) кепілдік жарналар қабылдап алынады;

7) қатысушылар тіркеледі;

8) сенімгерлік басқару шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.

10. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламасын жарияланғанға дейін құрылтайшы әрбір лот бойынша келесі ақпаратты тізілімнің веб-порталында деректер базасына енгізуді қамтамасыз етеді:

1) нысаналы мақсатын көрсетумен объект бойынша мәліметтерін;

2) объектінің орналасқан жерін;

3) объектінің (пошталық мекенжай, телефон, факс, е-mail) меншік иесі (баланс ұстаушы) туралы мәліметтер;

4) жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (объектілер – акционерлік қоғамдар үшін);

5) алдындағы есепті кезеңге үш жыл үшін бухгалтерлік теңгерімі қосымшаларымен бірге (объектілер – заңды тұлғалар үшін);

6) құрылтайшының шешімі бойынша қосымша ақпарат.  

 

Енгізілген ақпаратқа қоса 5 данадан аспайтын объектінің қалпы туралы ұсынуын қамтамасыз ететін, құрылтайшы объектінің фотосуреттер деректер базасына қосылуын қамтамасыз етеді.

11. Құрылтайшы мәліметтерді деректер базасына енгізгеннен бастап бір жұмыс күн ішінде осы Регламентпен орнатылған, талаптарға сәйкестігі мен қателер бар болуы тексерілуін ұйымдастырушы жүзеге асырады.  

12. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламасын тізілімнің веб-порталында жариялау үшін, құрылтайшы қоса әрбір объект бойынша қазақ және орыс тілдерінде келесі мәліметтерін енгізеді:

1) сауда-саттықтың күні мен уақыты;

2) объектінің атауы;

3) сенімгерлік басқарудың мерзімі;

4) кепілдік жарнаның мөлшері (тиындар көрсетусіз);

5) кепілдік жарнаны аудару үшін ұйымдастырушының банктік деректемелері;

6) тендердің талаптары, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушыға қойылатын қосымша талаптар;

7) тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

8) өтінімдер қабылдап алу мерзімдері;

10) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;

11) құрылтайшының телефоны мен мекенжайы;

12) құрылтайшының шешімі бойынша қосымша ақпарат.

13. Хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялағанға дейін, ұйымдастырушы бір жұмыс күн ішінде онда қателер бар болуын және осы Регламенттің 10 және 12-тармақтарымен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді.

14. Деректер базасына енгізілген мәліметтерді тексеру қорытындылары бойынша, ұйымдастырушы сауда-саттықты тізілімнің веб-порталында өткізу хабарламасын жариялайды не ұйымдастырушы тауып алған қателерін құрылтайшы түзетпеген жағдайында оны жариялаудан бас тартады.   

15. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламасы сауда-саттық өткізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей тізілімнің веб-порталында жарияланады. Құрылтайшы сауда-саттық өткізу туралы хабарламасын өзгерткен жағдайында, сауда-саттық өткізу күні күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ауыстырылады.

 

 

5. Қатысушыларды тіркеу және сауда-саттыққа қатысу талаптары

 

16. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

17. Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

18. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған, осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша өтінімді тіркеу қажет.

Тендер өткізу хабарламасында көрсетілген, қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылған талаптардың сәйкестігін растайтын, құжаттардың электрондық (сканирленген) көшірмелерін қоса салумен, тендерлік талаптармен келісуін қамтитын, өтінімін қатысушылар тіркейді.  

Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар шетелге шығу құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.

19. Қатысушы өтінімді бергенге дейін, сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, ұйымдастырушының есеп-айырысу шотына кепілдік жарнаны аударады.  

20. Сауда-саттыққа қатысушылары кепілдік жарнаның кез келген санын төлеуге болады, бұл ретте бір кепілдік жарнасы осы кепілдік жарнасы төленген сауда-саттыққа қатысу үшін құқығын береді.   

Кепілдік жарна қатысушымен не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлғамен төленеді.

Кепілдік жарнаны төлеген кезінде, төлемнің тағайындалуында қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) көрсету қажет.  

21. Қатысушы төлеген кепілдік жарнасын кері қайтару құқығын жоғалтпай, өтінімдерді ұсыну соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта тізілімнің веб-порталын қолданумен өз өтінімін кері қайтарып алуға болады.

22. Өтінімдер мен оған қоса берілген сауда-саттыққа қатысушылардың электрондық (сканирленген) көшірмелері деректер базасында сақталады және сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, уақыты мен күніне дейін қарау және жүктеу үшін қолжетімсіз болады.

23. Өтінімді тіркеген соң, өтінім берілген объект бойынша кепілдік жарнаның келіп түсуі туралы мәліметтердің деректер базасында бар болуына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

24. Кепілдік жарнаның ұйымдастырушының шотына келіп түсуі туралы мәліметтер деректер базасында бар болуы жағдайында, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдап алады және объект бойынша сауда-саттық қорытындыларын анықтауға дейін кепілдік жарна сомасына блок қояды, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушыға рұқсат береді. Кепілдік жарнаның ұйымдастырушының шотына келіп түсуі туралы мәліметтер деректер базасында жоқ болуы кезінде, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімінен бас тартады.

25. Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдап алудан бас тарту үшін негізі болып осы Регламенттің 17-тармағында және 18-тармақтың бірінші абзацында көрсетілген, талаптардың қатысушының сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның келіп түспеуі табылады.

26. Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру қорытындылары бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген, қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламасын жөнелтеді.

27. Сауда-саттыққа қатысу үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі, соның ішінде осы Регламентпен анықталған тәртібінде тіркелген шетелдік заңды тұлғалар.   

28. Қатысушы ретінде сауда-саттыққа:

1) сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген тендерге қатысушыларға қоса қойылған талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

2) ұйымдастырушы;

3) құрылтайшы қатыспайды

29. Кепілдік жарна келесі қатысушының міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілі ретінде енгізіледі:

1) тендер немесе жабық тендер қорытындылары туралы хаттамасына қол қою;

2) құрылтайшымен шарт жасасу.

30. Сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасы кепілдік жарнаны аудару үшін өтінішке ЭЦҚ-сын құрылтайшы тізілімнің веб-порталында қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшының шотына ұйымдастырушы аударады және объектіні сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі аванстық төлемнің шотына есепке алынады.

Осы тармақпен көзделмеген қалған жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталы қалыптастырылған, қатысушының ЭЦҚ қолдану арқылы қол қойылған кепілдік жарнаны кері қайтару үшін өтініші негізінде, сауда-саттықты өткізу күніне дейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы қатысушыларға кері қайтарады.

30. Өтінімдер бермеген тұлғалардың кепілдік жарналары тізілімнің веб-порталы қалыптастырылған, осы тұлғаның ЭЦҚ қолдану арқылы кепілдік жарнаны кері қайтару үшін өтінішке қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушымен кері қайтарылады.    

 

7.     Тендер өткізу тәртібі

 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 10 сәуірдегі шешімімен бекітілген (№103 Хаттамасы) мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізу Регламентіне Өзгеріске сәйкес 31 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

31. Тендер демалыс және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі-жұма аралығында тізілімнің веб-порталында өткізіледі. Тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

32. Құрылтайшы тендердің талаптарын, сондай-ақ комиссия шешімі негізінде объектінің бастапқы бағасын анықтайды. Комиссия жоқ болуы кезінде құрылтайшы осы Регламентпен көзделген, комиссия функциялары мен өкілеттігін жүзеге асырады.

Құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламасын тізілімнің веб-порталында жариялаған соң тендер талаптары мен кепілдік жарнаның мөлшерін өзгертуге болмайды.

33. Объектіні тендерге жалғыз қатысушыға беруге болады.

Егер тізілімнің веб-порталы қатысушылардың бір өтінімін қабылдамасы, онда тендер өткізілмеді деп саналады. Егер тендер өткізілмеді деп жарияланса, онда құрылтайшы оны өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, тендердің уақыты мен күнінен соң жиырма төрт сағат ішінде, тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын, өткізілмеген тендер туралы актісіне ЭЦҚ қолдану арқылы қол қойылады.

34. Тендерге қатысушылар баға ұсыныстарын ұсыну арқылы, және бағаны көтеру үшін сауда-саттық үстінде қатысушылардың біреуі барынша ұсынған бағасына дейін өткізіледі. Баға ұсынысы аукциондық залға кіру кезінде көрсетіледі және бастапқы бағадан төмен болмауы тиіс.  

Тендер кезінде бағаны өзгерту қадамы келесі түрде орнатылады:

1)      20 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріне дейін мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде орнатылады;

2)      20-50 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде орнатылады;

3)      50-100 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде орнатылады;

4)      100-250 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде орнатылады;

5)      250-500 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде орнатылады;

6)      500 және одан жоғары еселенген айлық есептік көрсеткіші  мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде орнатылады.

35. Тендер келесі түрде өткізіледі:

1) тендер басталған кезде аукциондық залға кіру кезінде көрсетілген, қатысушылардың баға ұсыныстары аукциондық залда көрсетіледі, бұлар тендер талаптарын ұстанумен объектіні сатып алуға олардың келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады;

2) тендер басталған кезінен бастап басқа қатысушының осы Регламенттің 34-тармағына сәйкес орнатылған, қадамын барынша ағымдағы бағасын көтеруге қатысушыға мүмкіндік ұсынылады;

3) егер тендер басталғаннан жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде біреуі барынша ағымдағы бағасын көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы объект бойынша тендер өткізілді деп саналады;

4) егер тендер басталғаннан жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі аукциондық залда осы Регламенттің 34-тармағына сәйкес орнатылған, қадамға басқа қатысушының барынша ағымдағы бағасын көтеру арқылы объектіні сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға орнатылған қадамға көтеріледі;

5) егер ағымдағы бағаны көтерген соң жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде біреуі ағымдағы бағаны көтеру арқылы объектіні сатып алуға өз ниетін растамаса, онда объектіні сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы объект бойынша тендер өткізілді деп саналады;

6) егер тендер аяқталған кезіне дейін сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда объектіні сатып алуға өз ниетін соңғы растаған, қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы объект бойынша тендер өткізілді деп саналады.  

Егер тендер басталған кезінен бастап аукциондық залда бір қатысушының баға ұсынысы көрсетілген жағдайында, онда тендер өткізілді деп саналады, ал осы қатысушы жеңімпаз деп танылады.

36. Объект үшін ең жоғарғы бағаны ұсынған және тендер өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, барлық талаптарға жауап беретін қатысушы жеңімпаз деп танылады.  

37. Егер тендер басталу кезіне екі және одан көп қатысушылардың баға ұсыныстарының объект үшін бірдей ең жоғарғы бағасын қамтыған және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде көтерілмеген жағдайында, онда осы қатысушылардың арасындағы тендер жеңімпазы болып бірдей ең жоғарғы бағасын қамтитын, бұрын басқа қатысушылардың баға ұсынымдарынан аукциондық залда тіркелген қатысушының баға ұсынысы саналады.

 38. Тендер жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қою үшін электрондық пошта бойынша сауда-саттық қорытындылары туралы хабар беріледі.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасы тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылады, сауда-саттық өткізілген күні құрылтайшы мен мен жеңімпаз ЭЦҚ қолдану арқылы қол қояды.

 

 

7. Сауда-саттық өткізу қорытындылары

 

39. Тендер қорытындылары туралы хаттамасы негізінде осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес, үлгілік сенімгерлік басқарудың шартына (бұдан әрі - шарт) сәйкес, жеңімпаздың ұсыныстарына жауап беретін, талаптарында шартқа жеңімпазбен қол қойылады.  

40. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей ЭЦҚ қолдану арқылы құрылтайшы мен жеңімпаз шартқа тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Құрылтайшы шартты қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей жеңімпазға келісу үшін жөнелтіледі.

41. Сауда-саттықты өткізу күні жеңімпаз оның қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайында, құрылтайшы тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын сауда-саттық қорытындыларын болдырмау туралы актісіне қол қояды, және осы объект құрылтайшының шешімі бойынша болдырмаған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайталап қойылады.

42. Жеңімпаз орнатылған мерзімінде шартқа қол қоймаған жағдайында, құрылтайшы тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын сауда-саттық қорытындыларын болдырмау туралы актісіне қол қояды, және осы объект құрылтайшының шешімі бойынша болдырмаған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайталап қойылады.

43. Төленген кепілдік жарнаның сомасы жеңімпазға сатып алу-сату шарты бойынша объектіні сатып алу үшін төлеу есебіне есептеледі.

44. Құрылтайшы кепілдік жарнаны келесі жағдайларда:

1) тендер жеңімпазы ұсыныстарына жауап беретін, талаптарында шартты жасасудан бас тарту кезінде жеңімпазға;

2) тендер қорытындылары туралы хаттамасына қол қоймаған жағдайында жеңімпазға;

3) объектіні сатып алу құқығынан сенімгерлік басқарушы бас тартуда кері қайтармайды.  

 

 

8.     Объектіні қабылдап алу-тапсырып беру актісі бойынша беру

 

45. Шартқа қол қойылған соң үш жұмыс күні ішінде кұрылтайшы объектіні қабылдап алу-тапсырып беру актісі бойынша сенімгерлік басқарушыға береді.  

46. Қабылдап алу-тапсырып беру актісінде келесілер көрсетіледі:

1) акт жасалған орны мен күні;

2) құжаттардың атауы және деректемелері, оларға сәйкес өкілдері тараптардың мүдделерін ұсынуға уәкілетті;  

3) шарттың нөмірі мен күні, оған сәйкес объектіні сенімгерлік басқаруға беру жүзеге асырылады;

4) берілетін объектінің атауы, оның орналасқан жері, техникалық сипаттамалары және айқындалған ақауларының тізбесіне сәйкес, жағдайы.

47. Қабылдап алу-тапсырып беру актісіне тараптардың өкілдері қол қояды және мөрлерімен расталады.  

48. Қабылдап алу-тапсырып беру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі құрылтайшыда сақталады және екіншісі сенімгерлік басқарушыға беріледі.

 

 

9.     Қорытынды ережелер

 

49. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына сілтемесін көрсете отырып шарт құрылтайшы және сенімгерлік басқарушы арасында жасалады.

50. Жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқару шарты мемлекеттік тіркелуге жатады. Шартты мемлекеттік тіркеу сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

_______________________

 


 

                                                                                               Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен

                                                                                               сенімгерлік басқаруға беру бойынша

                                                                                               электрондық сауда-саттықтарын өткізу регламентіне

                                                                                               1-қосымша

 

 

Нысан

 

Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі

тендерге қатысуға

ӨТІНІМ

 

1.              Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында электрондық сауда-саттықтарын өткізу регламентімен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы

_______________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және басшының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы «___» _______________ өтетін тендерге қатысуға өз ниетін білдіремін.

2.   Біз (мен) сенімгерлік басқару объектісі бойынша сауда-саттық қорытындыларын анықтауға дейін тізілімнің веб-порталы блок қоятын, тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасын енгіздім.

Сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Сенімгерлік басқару объектісі үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1

2

Жиыны

 

3.   Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.

4.   Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге Тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қою және Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін қабылдаймыз.

5.   Мына:

1)   тендерді өткізу күні тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған;

2)   белгіленген мерзімде сенімгерлік басқару шартқа қол қоймаған;

3)   сенімгерлік басқару объектісін сатып алудан бас тартқан жағдайларда, енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін (міз).

6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

Заңды тұлға үшін:

Атауы ______________________________________________________________________

БСН ________________________________________________________________________

Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты

____________________________________________________________________________

Мекенжайы: _________________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________________

Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

ЖСК ________________________________________________________________________

БСК ________________________________________________________________________

Банктің атауы ________________________________________________________________

Кбе _________________________________________________________________________

Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_____________________________________

Өтінімге мыналар:

1) __________________________________________________________________________

2) __________________________________________________________________________

3) __________________________________________________________________________

4) _____________________________________________ қоса беріледі.

Жеке тұлға үшін:

Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):

__________________________________________________________________________

ЖСН _______________________________________________________________________

Паспорт деректері ____________________________________________________________

Мекенжайы: _________________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: _________________________________________________________

Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

ЖСК ________________________________________________________________________

БСК ________________________________________________________________________

Банктің атауы ________________________________________________________________

Кбе _________________________________________________________________________

Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН_____________________________________

Өтінімге мыналар:

1) ________________________________________________________________________

2)________________________________________________________________________

3) ________________________________________________________________________

4) ________________________________________________________________________ қоса беріледі.

 

________________________________________________________________________

   (қолы) (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

басшының тегі, аты, әкесiнiң аты

 

20__ ж. «___»____________.

М.О.

 

Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

20__ ж. «___»____________20__ ж. сағат «___» минутта қабылдады.

Тендерге қатысушының нөмірі___________________________________

 


 

                                                                                               Мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен

                                                                                               сенімгерлік басқаруға беру бойынша

                                                                                               электрондық сауда-саттықтарын өткізу регламентіне

                                                                                               2-қосымша

 

Нысан

 

Сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

 _______________________________________________________________________________

(объектінің атауы)

_____________ қ.                                            № _____                            20__ жылғы «___» __________________

 

Бұдан әрі «Құрылтайшы» деп аталатын, ____________________________________________________________ атынан, 20___ жылғы

(сенімгерлік басқару құрылтайшының атауы)

«____» ________ №_______ бекітілген, 20__ жылғы «__» ___ №_______ _____ негізінде әрекет ететін, басшы ________________________ бір тараптан және бұдан әрі

                             (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«Сенімгерлік басқарушы» деп аталатын _________________________ атынан,                              

                                                                                 (сенімгерлік басқарушының атауы (Т.А.Ә (болған жағдайда)

_________________________ екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

 

1. Шарттың нысанасы

 

1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға, бұдан әрі «Объект» деп аталатын

____________________________________________________________________

                                                                 (мүліктің атауы)

сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы осы Шарт бойынша пайда алушы болатын Құрылтайшының мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлік басқарушы жылжымалы мүлікке билік етуге құқылы.

4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

1) кепілде тұрмағанын;

2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;

3) сатуға қойылмағанын растайды.

6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

2. Тараптардың құқықтары

 

8. Құрылтайшының:

1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі сенімгерлік басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

9. Сенімгерлік басқарушының:

1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

2) Мемлекеттік меншікті сенімгерлік басқару шартымен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шеңберінде осы Шартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша Актіні ұсынған жағдайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі шығарған қажетті шығыстарды өтеуге; Шағындарды өтеу актісі тек тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген, ағымдағы бюджеттік бағдарлама болған жағдайда ұсынылады.

3) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартта көзделген болса, сыйақы алуға;

4) өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.

 

3. Тараптардың міндеттері

 

10. Құрылтайшы:

1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

11. Сенімгерлік басқарушы:

1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

6) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге;

7) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

8) Құрылтайшыға _____________________ өз қызметі туралы жазбаша (ұсыну мерзімдері) түрде есеп беруге;

9) Осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

10) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге;

11) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті;

12) тендер талаптарын орындау: __________тендерден көрсетіледі___________.

 

4. Тараптардың жауапкершілігі

 

12. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

5. Форс-мажор

 

14. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

15. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

16. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.

17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

18. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

 

6. Құпиялылық

 

19. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

20. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

 

 

7. Дауларды шешу

 

21. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

22. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуы тиіс.

 

8. Шарттың қолданылу мерзімі

 

23. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

 

9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

 

24. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.

Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

 

10. Өзге де талаптар

 

25. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

26. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

27. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды.

28. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

29. Осы электрондық шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Электрондық шарттың өзекті нұсқасы мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында басып шығарылады.

 

 

11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

 

Құрылтайшы

 

Сенімгерлік басқарушы

 

 

_____________________________________

_______________ ______________________

  (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

М.О.




________________________________

_______________ ______________________

(қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

М.О.


 

Generated in 273ms