Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Сауда-саттықтар регламенті (реттемесі)
Деректерді жүктеу...

                                                           «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ

Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 27

желтоқсандағы шешімімен

(№ 94 хаттамасы) бекітілген

 

 

Мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында өткізу регламенті

 (10.04.2019ж. дейін толықтырулар енгізгенге дейінгі басылым)

 

Осы Мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында өткізу регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес әзірленген және жеке мен заңды тұлғалардың мүліктік жалдау (жалға алу) объектісін тендер нысанында электрондық сауда-саттықта беру тәртібін анықтайды.

 

 

1.     Жалпы ережелер

 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 1 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

1. Осы Регламентте Қазақстан Республикасының заңнамасында қолданылатын келесі негізгі ұғымдар, сондай-ақ Регламентте көрсетілген анықтамалар, қысқартулар қолданылады:

1) мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) - Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сатушылар және олармен сатылатын мемлекеттік меншік, квазимемлекеттік секторы объектілері мен мемлекеттік емес мүліктің электрондық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

2) баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасы орнатқан тәртібінде, жалдау немесе қосалқы жалдау объектісіне тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

3) кепілдік жарна – тендерге қатысу үшін жеке немесе заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;

4) жалға алу шарты - мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты;

5) жер учаскесін қосалқы жалдау шарты - жалға берушімен бекітілген, көшедегі сауда объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін ұсыну Ережесінің (бұдан әрі – қосалқы жалдау Ережесі) талаптарына сәйкес, жалға беруші мен жалға алушының арасында жасалатын келісім;

6) жалға беруші - ұйымдастырушымен жасасқан, тізілімнің веб-порталында сауда-саттықты өткізу бойынша электрондық қызмет көрсету туралы шартында орнатылған, тәртібінде тіркелген жеке немесе заңды тұлға (мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің иесі және/немесе ол

уәкілеттік берген тұлға);

7) жалдаушы (жалға алушы) - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше немесе жалға берушінің ішкі процедураларымен көзделмесе жеке және заңды тұлғалар;

8) мүлiктiк жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – жалдау объектісі) – жалға берушінің меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар);

9) қосалқы жалдау объектісі - қосалқы жалдау Ережесіне сәйкес, көшедегі сауда объектілерін орналастыру үшін арналған және жалға берушіден жалдап алынған жер учаскелері;

10) ұйымдастырушы - тізілімнің веб-порталында сауда-саттықтарды өткізу бойынша электрондық қызмет көрсету туралы шартын жалға берушімен жасасқан «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы;

11) жеңімпаз – сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қойған, сауда-саттық туралы хабарламасын қамтитын, барлық талаптарға жауап беретін және объект үшін жалдау ақысының неғұрлым сомасын немесе тендер заты үшін неғұрлым бағасын ұсынған тендерге қатысушы;

12) тендер заты - қосалқы жалдау Ережесіне сәйкес, көшедегі сауда объектілерін орналастыру үшін жер учаскесін/жер учаскелерін қосалқы жалдауға беру құқығы;

13) тендер - бұл жалға беруші үшін ең үздік шарт талаптарын ұсынған тендерге қатысушылардың бірімен оның ұсынған бастапқы шарттарының негізінде жалға беруші шарт жасасуға міндеттенетін, электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, объектіні

мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

14) қатысушы – тендерге қатысу үшін орнатқан тәртібінде тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

15) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

2.    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалға берушіге меншік құқығы тіркелмеген, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жол берілмейді. 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 3 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

3. Жалға беруші сауда-саттықта берілетін мүлікті қорғау мен бақылауын қамтамасыз етеді және жалдау объектісін немесе қосалқы жалдау объектісін жалға алушыға бергенге дейін мүлік бойынша мәліметтерінің сақталуы мен дұрыстығына жауап береді.

 

 

2. Жалға беруші

 

4.    Жалға берушінің функциялары:

1)    тізілімнің веб-порталын пайдаланушылары ұйымдастырушымен электрондық қызметтер көрсету шартын жасасу;

2)   сауда-саттықты дайындықты жүзеге асыру;

3)   әлеуетті қатысушылардың жалдау объектісін қарау үшін қол жеткізуді ұйымдастыру;

4)   сауда-саттыққа қойылған жалдау объектісі туралы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету;

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 4-тармақтың 5) тармақшасы келесі басылымда баяндалсын.

5) сауда-саттық жеңімпазымен жалдау шартын немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартын жасасу және оның орындалуын бақылау;

6)   сауда-саттықты өткізу рәсімдері мен оның қорытындыларына орай есеп-айырысуды ұйымдастырушымен және жеңімпазбен жүзеге асыру;

7)   тендер талаптары туралы шешімін қабылдау және оның қатысушыларына қойылатын талаптарын орнату;

8)   сауда-саттықты өткізгенге дейін үш жұмыс күннен кешіктірмей, объектіні сауда-саттықтан алу туралы шешімін қабылдау;

9)   мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша сауда-саттықты өткізу үшін басқа іс-шараларын өткізу болып табылады.

5.              Жалға беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген, жағдайларын қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткізу кезеңі ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жария етуге құқылы емес.    

 

 

3. Ұйымдастырушы

 

6.   Ұйымдастырушының функциялары:

1)   сауда-саттыққа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдап алу мен кері қайтару және сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын жалға берушіге аудару;

2)   жалға берушінің деректер базасына қол жеткізуін қамтамасыз ету;

3)   консультациялық көмекті жалға берушіге тізілімнің веб-порталын (пайдаланушыларға) көрсету, соның ішінде облыстық орталықтар мен республикалық маңызы бар қалаларында орналасқан аумақтық бөлімшелері арқылы;

4)   деректер базасын толтыруға орай басқа функциялар болып табылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 7 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

7. Жалға берушімен сауда-саттыққа қойылған жалдау объектісі немесе қосалқы жалдау объектісі туралы ақпаратқа, және тізілімнің веб-порталы қызметін реттейтін ақпаратқа бөгетсіз қол жеткізуді ұйымдастырушы қамтамасыз етеді.

8.       Ұйымдастырушы сауда-саттыққа қатысу үшін электрондық өтінімдер (бұдан әрі – электрондық өтінім) мен оларға қоса берілген электрондық құжаттардың сақталуына, сондай-ақ олардың құпиялылығына жауап береді.

9.   Ұйымдастырушы:

1)   Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қарастырған, жағдайларын қоспағанда, сауда-саттыққа дайындық және оны өткізу барлық кезеңі ішінде, сауда-саттыққа қатысушыларға қатысты ақпаратты жариялауға;

2)      осы Регламенттің 21-тармағының екінші абзацында санамаланғандарды қоспағанда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қосымша құжаттарды ұсынуға талап етуге құқылы.  

10. Тендерді өткізген күні тендерді өткізуге кедергі жасайтын техникалық іркіліс пайда болу кезінде, қатысушы кідірмей телефон немесе электрондық хабарлама арқылы ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша осы туралы хабар береді.

Ұйымдастырушы техникалық іркіліс бар болу фактісін тіркейді және тізілімнің веб-порталы тарапындағы техникалық іркіліс бар болуы кезінде ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыру арқылы барлық тендерге қатысушыларына хабар береді.

Тендерге қатысушылардың компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдықтың техникалық іркілісі кезінде тендер өткізіле береді.

11. Тендерді өткізуге кедергі жасайтын тізілімнің веб-порталы техникалық іркілісі фактісі бар болу кезінде, ұйымдастырушы бұл туралы жалға берушіге хабар береді және тізілімнің веб-порталында көрсетілген, қатысушының электрондық мекенжайына жөнелту мен ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыру арқылы осы тендерді жалғастыру күні мен уақыты туралы тендерге қатысқан қатысушыларын міндетті алдын ала хабарламамен, ұйымдастырушы техникалық іркілісті түзеткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тендерді жалғастыруын ұйымдастырады.

 

 

4. Тендер өткізуге дайындық  

 

12. Тендер өткізуге дайындық жалға берушінің ішкі рәсімдері мен осы Регламентіне сәйкес келесі тәртібінде жүзеге асырылады:

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 12-тармақтың 1) тармақшасы келесі басылымда баяндалсын.

1) жалдау немесе қосалқы жалдау объектісі бойынша қажетті материалдар жиналады;

2) тендер өткізу мерзімдері мен оның талаптары анықталады;

3) бастапқы жалдау мөлшерлемесі анықталады;

4) кепілдік жарнаның мөлшері анықталады;

5) тендер өткізу туралы хабарламасы тізілімнің веб-порталында жарияланады;

6) кепілдік жарналар қабылдап алынады;

7) қатысушылар тіркеледі;

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 12-тармақтың 8) тармақшасы келесі басылымда баяндалсын.

8) мүліктік жалдау (жалға алу) шартының немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 13 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

 13. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламасын жарияланғанға дейін жалға беруші әрбір лот бойынша келесі ақпаратты тізілімнің веб-порталында деректер базасына енгізуді қамтамасыз етеді:

1) нысаналы мақсатын көрсетумен жалдау немесе қосалқы жалдау объектісі бойынша мәліметтерін;

2) жалдау объектісі немесе қосалқы жалдау объектісі орналасқан жерін;

3) жалдау немесе қосалқы жалдау объектісінің (пошталық мекенжай, телефон, факс, е-mail) меншік иесі (баланс ұстаушы) туралы мәліметтер;

4) жалға берушінің шешімі бойынша қосымша ақпарат.

Енгізілген ақпаратқа қоса 5 данадан аспайтын жалдау немесе қосалқы жалдау объектісінің қалпы туралы ұсынуын қамтамасыз ететін, жалға беруші жалдау немесе қосалқы жалдау объектісінің фотосуреттер деректер базасына қосылуын қамтамасыз етеді.

14. Ұйымдастырушы мәліметтерді деректер базасына енгізгеннен бастап бір жұмыс күн ішінде осы Регламентпен орнатылған, талаптарға сәйкестігі мен қателер бар болуы тексерілуін ұйымдастырушы жүзеге асырады.  

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 15 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

15. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламасын тізілімнің веб-порталында жариялау үшін, жалға беруші қоса әрбір жалдау немесе қосалқы жалдау объектісі бойынша қазақ және орыс тілдерінде келесі мәліметтерін енгізеді:

1) сауда-саттықтың күні мен уақыты;

2) жалдау немесе қосалқы жалдау объектісінің атауы;

3) мүліктік жалдаудың (жалға алудың) мерзімі, мерзімділік, төлем мерзімі мен жалдау төлемі бастапқы мөлшерлемесінің мөлшері;

4) кепілдік жарнаның мөлшері (тиындар көрсетусіз);

5) кепілдік жарнаны аудару үшін ұйымдастырушының банктік деректемелері;

6) тендердің талаптары, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушыға қойылатын қосымша талаптар;

7) тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;

8) өтінімдер қабылдап алу мерзімдері;

9) ұйымдастырушының телефоны мен мекенжайы;

10) жалға берушінің телефоны мен мекенжайы;

11) жалға берушінің шешімі бойынша қосымша ақпарат.

16. Хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялағанға дейін, ұйымдастырушы бір жұмыс күн ішінде онда қателер бар болуын және осы Регламенттің 13 және 15-тармақтарымен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді.

17. Деректер базасына енгізілген мәліметтерді тексеру қорытындылары бойынша, ұйымдастырушы сауда-саттықты тізілімнің веб-порталында өткізу хабарламасын жариялайды не ұйымдастырушы тауып алған қателерін жалға беруші түзетпеген жағдайында оны жариялаудан бас тартады.   

18. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламасы сауда-саттық өткізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей тізілімнің веб-порталында жарияланады. Жалға беруші сауда-саттық өткізу туралы хабарламасын өзгерткен жағдайында, сауда-саттық өткізу күні күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ауыстырылады.

 

 

5.   Қатысушыларды тіркеу және сауда-саттыққа қатысу талаптары

 

19. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

20. Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

21. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған, осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша өтінімді тіркеу қажет.

Тендер өткізу хабарламасында көрсетілген, қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылған талаптардың сәйкестігін растайтын, құжаттардың электрондық (сканирленген) көшірмелерін қоса салумен, тендерлік талаптармен келісуін қамтитын, өтінімін қатысушылар тіркейді. 

Шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар шетелге шығу құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 22 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

22. Қатысушы өтінімді бергенге дейін, сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, ұйымдастырушының есеп-айырысу шотына кепілдік жарнаны аударады.

Тендерге қатысу үшін кепілдік жарнаны жалға беруші:

1) жалдау объектісі үшін бір айлық жалдау ақысы мөлшерінде;

2) тендер заты үшін қосалқы жалдау Ережесімен белгіленген мөлшерінде орнатады.

23. Сауда-саттыққа қатысушылары кепілдік жарнаның кез келген санын төлеуге болады, бұл ретте бір кепілдік жарнасы осы кепілдік жарнасы төленген сауда-саттыққа қатысу үшін құқығын береді.  

Кепілдік жарна қатысушымен не қатысушының атынан кез келген жеке және заңды тұлғамен төленеді.

24. Қатысушы сауда-саттыққа қатысу үшін өз өтінімін, тізілімнің веб-порталын қолдану арқылы, енгізген кепілдік жарнасын қайтару құқығын жоғалтпай, сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді ұсыну соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта кері қайтарып алуға болады.  

25. Өтінімдер мен оған қоса берілген сауда-саттыққа қатысушылардың электрондық (сканирленген) көшірмелері деректер базасында сақталады және сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, уақыты мен күніне дейін қарау және жүктеу үшін қолжетімсіз болады.  

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 26 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

26. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді тіркеген соң, тізілімнің веб-порталы өтінім берілген жалдау объектісі немесе тендер заты бойынша кепілдік жарнаның келіп түскендігі туралы мәліметтердің деректер базасында болуы туралы автоматты түрде тексеру жүргізіледі.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 27 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

27. Кепілдік жарнаның ұйымдастырушының шотына келіп түсуі туралы мәліметтер деректер базасында бар болуы жағдайында, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдап алады және объект немесе тендер заты бойынша сауда-саттық қорытындыларын анықтауға дейін кепілдік жарна сомасына блок қояды, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушыға рұқсат береді. Кепілдік жарнаның ұйымдастырушының шотына келіп түсуі туралы мәліметтер деректер базасында жоқ болуы кезінде, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімінен бас тартады.

28. Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдап алудан бас тарту үшін негізі болып осы Регламенттің 20-тармағында және 21-тармақтың бірінші абзацында көрсетілген, талаптардың қатысушының сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаның келіп түспеуі табылады.

29. Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру қорытындылары бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген, қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламасын жөнелтеді.

30. Сауда-саттыққа қатысу үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі, соның ішінде осы Регламентпен анықталған тәртібінде тіркелген шетелдік заңды тұлғалар.  

31. Қатысушы ретінде сауда-саттыққа:

1) сауда-саттық өткізу туралы хабарламасында көрсетілген тендерге қатысушыларға қоса қойылған талаптарға сәйкес келмейтін заңды (жеке) тұлға;

2) ұйымдастырушы;

3) жалға беруші қатыспайды.

 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 32 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

32. Сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасы кепілдік жарнаны аудару үшін өтінішке ЭЦҚ-сын жалға беруші тізілімнің веб-порталында қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жалға берушінің шотына ұйымдастырушы аударады және жалдау объектісін жасалған шарт бойынша пайдалғаны үшін есебіне немесе қосалқы жалдау Ережесіне сәйкес тендер затын сатып алу құнының есебіне есептеледі.

Осы тармақпен көзделмеген қалған жағдайларда кепілдік жарналар тізілімнің веб-порталы қалыптастырылған, қатысушының ЭЦҚ қолдану арқылы қол қойылған кепілдік жарнаны кері қайтару үшін өтініші негізінде, сауда-саттықты өткізу күніне дейін үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы қатысушыларға кері қайтарады.

33. Өтінімдер бермеген тұлғалардың кепілдік жарналары тізілімнің веб-порталы қалыптастырылған, осы тұлғаның ЭЦҚ қолдану арқылы кепілдік жарнаны кері қайтару үшін өтінішке қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұйымдастырушымен кері қайтарылады.   

 

 

6. Тендер өткізу тәртібі

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 10 сәуірдегі шешімімен бекітілген (№103 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне Өзгеріске сәйкес 34 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

34. Тендер демалыс және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі-жұма аралығында тізілімнің веб-порталында өткізіледі. Тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 35-тармақтың бірінші абзацы келесі басылымда баяндалсын.

35. Жалға беруші тендердің талаптарын, сондай-ақ комиссия шешімі негізінде жалдау объектісінің бастапқы жалдау мөлшерлемесін немесе тендер затының бастапқы бағасын анықтайды. Комиссия жоқ болуы кезінде жалға беруші осы Регламентіне көзделген, комиссия функциялары мен өкілеттігін жүзеге асырады.

Жалға беруші тендер өткізу туралы хабарламасын тізілімнің веб-порталында жариялаған соң тендер талаптары мен кепілдік жарнаның мөлшерін өзгертуге болмайды.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 36-тармақтың бірінші абзацы келесі басылымда баяндалсын.

36. Жалдау объектісін немесе тендер затын жалғыз тендерге қатысушыға беру рұқсат беріледі. Егер тізілімнің веб-порталы қатысушылардың бірде-бір өтінімін қабылдамаса, онда тендер өткізілмеді деп танылады.

Егер тендер өткізілмеді деп жарияланса, онда жалға беруші тізілімнің веб-порталы қалыптастырылатын, өткізілмеген тендер туралы актісіне ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген, тендер күні мен уақыттан соң жиырма төрт сағат ішінде қол қойылады.      

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 37-тармақтың бірінші абзацы келесі басылымда баяндалсын.

37. Тендерге қатысушылар баға ұсыныстарын ұсыну арқылы, және қатысушылардың біреуі барынша ұсынған бағасына дейін өткізіледі. Баға ұсынысы аукциондық залға кіру кезінде көрсетіледі және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесінен немесе тендер затының бастапқы бағасынан төмен болмауы тиіс.

Тендер кезінде бағаны өзгерту қадамы келесі түрде орнатылады:

1)      20 еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріне дейін мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде орнатылады;

2)      20-50 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 7 пайыз мөлшерінде орнатылады;

3)      50-100 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде орнатылады;

4)      100-250 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 2,5 пайыз мөлшерінде орнатылады;

5)      250-500 дейін еселенген айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде орнатылады;

6)      500 және одан жоғары еселенген айлық есептік көрсеткіші  мөлшеріндегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 0,5 пайыз мөлшерінде орнатылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 38 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

38. Тендер келесі түрде өткізіледі:

1) тендер басталған кезде аукциондық залға кіру кезінде көрсетілген, қатысушылардың баға ұсыныстары аукциондық залда көрсетіледі, бұлар тендер талаптарын ұстанумен объектіні жалдауға немесе тендер затын сатып алуға олардың келісімін білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады;

2) тендер басталған кезінен бастап басқа қатысушының осы Регламенттің 37-тармағына сәйкес орнатылған, қадамын барынша ағымдағы бағасын көтеруге қатысушыға мүмкіндік ұсынылады;

3) егер тендер басталғаннан жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде біреуі барынша ағымдағы бағасын көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы объект бойынша тендер өткізілді деп саналады;

4) егер тендер басталғаннан жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі аукциондық залда осы Регламенттің 37-тармағына сәйкес орнатылған, қадамға басқа қатысушының барынша ағымдағы бағасын көтеру арқылы объектіні жалдауға немесе тендер затын сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға орнатылған қадамға көтеріледі;

5) егер ағымдағы бағаны көтерген соң жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде біреуі ағымдағы бағаны көтеру арқылы объектіні жалдауға немесе тендер затын сатып алуға өз ниетін растамаса, онда объектіні жалдауға немесе тендер затын сатып алуға өз ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы жалдау объектісі немесе тендер заты бойынша тендер өткізілді деп саналады;

6) егер тендер аяқталған кезіне дейін сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда объектіні жалдауға немесе тендер затын сатып алуға өз ниетін соңғы растаған, қатысушы жеңімпаз деп танылады, ал осы жалдау объектісі немесе тендер заты бойынша тендер өткізілді деп саналады.

Егер тендер басталған кезінен бастап аукциондық залда бір қатысушының баға ұсынысы көрсетілген жағдайында, онда тендер өткізілді деп саналады, ал осы қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 39 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

39. Объект үшін жалдау ақысының ең жоғарғы сомасын немесе тендер заты үшін ең жоғарғы бағасын ұсынған және тендер өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, барлық талаптарға жауап беретін қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 40 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

40. Егер тендер басталу кезіне екі және одан көп қатысушылардың баға ұсыныстарының жалдау объектісі үшін немесе тендер заты үшін бірдей ең жоғарғы бағасын қамтыған және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде көтерілмеген жағдайында, онда осы қатысушылардың арасындағы тендер жеңімпазы болып бірдей ең жоғарғы бағасын қамтитын, бұрын басқа қатысушылардың баға ұсынымдарынан аукциондық залда тіркелген қатысушының баға ұсынысы саналады.

41. Тендер жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қою үшін электрондық пошта бойынша сауда-саттық қорытындылары туралы хабар беріледі.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасы тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылады, сауда-саттық өткізілген күні жалға беруші мен мен жеңімпаз ЭЦҚ қолдану арқылы қол қояды.

 

 

7. Сауда-саттық өткізу қорытындылары

 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 42 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

42. Тендер қорытындылары туралы хаттамасы тендер қорытындылары бойынша талаптарында жалдау шартына немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартына жеңімпаз бен жалға беруші қол қою міндеттемелерін және тендер қорытындыларын тіркейтін құжат болып табылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 43 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

43. Тендер қорытындылары туралы хаттамасы негізінде:

1) осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес, үлгілік мүліктік жалдау (жалға алу) шартына сәйкес, жеңімпаздың ұсыныстарына жауап беретін, талаптарында шартқа;

2) жер учаскесін қосалқы жалдау шартқа жеңімпазбен қол қойылады.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей ЭЦҚ қолдану арқылы жалға беруші мен жеңімпаз жалдау шартқа тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Жалға беруші жалдау шартын қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей жеңімпазға келісу үшін жөнелтіледі.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 44 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

44. Сауда-саттықты өткізу күні жеңімпаз оның қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайында, жалға беруші тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын сауда-саттық қорытындыларын болдырмау туралы актісіне қол қояды, және осы жалдау объектісі немесе тендер заты жалға берушінің шешімі бойынша сауда-саттыққа қайталап қойылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 45 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

45. Жеңімпаз орнатылған мерзімінде жалдау шартына немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартына қол қоймаған жағдайында, жалға беруші тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын сауда-саттық қорытындыларын болдырмау туралы актісіне қол қояды, және осы жалдау объектісі немесе тендер заты жалға берушінің шешімі бойынша сауда-саттыққа қайталап қойылады.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 46 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

46. Төленген кепілдік жарнаның сомасы жеңімпазға жасалған жалдау шарты бойынша жалдау объектісін пайдаланғаны үшін есебіне не жер учаскесін қосалқы жалдау шартын жасағанға дейін тендер затын сатып алу құнының есебіне есептеледі.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 47 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

47. Жалға беруші кепілдік жарнаны келесі жағдайларда:

1) тендер жеңімпазы ұсыныстарына жауап беретін, талаптарында жалдау шартын немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартын жасасудан бас тарту кезінде жеңімпазға;

2) тендер қорытындылары туралы хаттамасына қол қоймаған жағдайында жеңімпазға;

3) қосалқы жалдау Ережесімен белгіленген өзге жағдайларда кері қайтармайды.

 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 8-бөлімнің атауы келесі басылымда баяндалсын.

 

8. Жалдау объектісін қабылдап алу-тапсырып беру актісі бойынша беру

 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 48 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

48. Жалдау объектісін жалдау шартына қол қойылған соң үш жұмыс күні ішінде баланс ұстаушы (жалға беруші) объектіні, жалға берушімен бекітілетін қабылдап алу-тапсырып беру актісі бойынша жалдаушыға береді.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 49 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

 49. Қабылдап алу-тапсырып беру актісінде келесілер көрсетіледі:

1) акт жасалған орны мен күні;

2) құжаттардың атауы және деректемелері, оларға сәйкес өкілдері тараптардың мүдделерін ұсынуға уәкілетті;

3) жалдау шартының нөмірі мен күні, оған сәйкес объектіні жалдауға беру жүзеге асырылады;

4) берілетін жалдау объектісінің атауы, оның орналасқан жері, техникалық сипаттамалары және айқындалған ақауларының тізбесіне сәйкес қалпы.

50. Қабылдап алу-тапсырып беру актісіне тараптардың өкілдері қол қояды және мөрлерімен расталады. 

51. Қабылдап алу-тапсырып беру актісі үш данада жасалады, олардың біреуі баланс ұстаушыда сақталады және екіншісі жалдаушыға беріледі.

 

 

9. Қорытынды ережелер

 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 52 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

52. Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамасына сілтемесін көрсете отырып, жалдау шарты немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартына жалға беруші және жалдаушы арасында жасалады.

Жеңімпаз тендерге қатысу үшін өтінімге тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын жалдау шартына қол қою кезінде, сондай-ақ келесі құжаттар салыстырып тексеру үшін жалға берушіге ұсынады:

1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігі, жарғысы;

2) жеке тұлғалар үшін: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не уақытша жеке куәлігі, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (жеке кәсіпкер үшін);

3) заңды тұлғаның өкілі үшін - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және заңды тұлғаның өкілі уәкілеттіктерін куәландыратын құжат.

53. Мүліктік жалдау (жалға алу) үшін ақысына коммуналдық қызмет үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеу үшін төлемдер, жалдау объектісіне қызмет көрсету үшін төлемдер қосылмайды.    

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 54 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

54. Жалдау шарты шартта белгіленген мерзімі өткеннен кейін тоқтатылды деп саналады.

 

 

 


 

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 1-қосымшасында: қосымшаның атауы келесі басылымда баяндалсын.

                                                                                                  Мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға)

                                                                                                  беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды

                                                                         мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында өткізу

                                                                                                  регламентіне 1-қосымша

 

 

нысан

 

Жалдау шарты шартта белгіленген мерзімі өткеннен кейін тоқтатылды деп саналады.

тендерге қатысу үшін
ӨТІНІМ

 

1.   Мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) ұсыну туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында өткізу регламентімен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы

_______________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және басшының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 20__ жылғы «___» _______________ өтетін тендерге қатысуға өз ниетін білдіремін.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 2 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

2.   Біз (мен) жалдау объектісі немесе тендер заты бойынша сауда-саттық қорытындыларын анықтағанға дейін тізілімнің веб-порталы блок қоятын, тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасын енгіздім:

Жалдау объектісінің немесе тендер затының атауы

Жалдау объектісі немесе тендер заты үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1

2

Жиыны

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 3 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

3.   Біздің (менің) тендерге қатысушыға (жалға алушыға) қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), мен (біз) қол қойған тендер қорытындылары туралы хаттамасы және мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 4 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

4. Егер мен (біз) тендердің жеңімпазы (дары) болған жағдайда, өзіме (ізге) тендер қорытындылары туралы хаттамасына тендер өткізген күні қол қою және тендер қорытындылары туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, мүліктік жалдау (жалға алу) шартына немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартына қол қою міндеттемелерін қабылдаймыз.

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 5 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

5.   Мына:

1) тендерді өткізу күні тендер қорытындылары туралы хаттамаға қол қоймаған;

2) белгіленген мерзімде мүліктік жалдау (жалға алу) шартына немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартына қол қоймаған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынымен және жалға берушіде қалатынымен келісемін (міз).

Нұсқама. «Ақпараттық есептеу-орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің 2019 жылдың 6 наурыздағы шешімімен бекітілген (№102 Хаттамасы) мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтары Регламентіне толықтырулар мен өзгертулеріне сәйкес 6 тармақ келесі басылымда баяндалсын.

6. Осы өтінім тендер қорытындылары туралы хаттамамен бірге мүліктік жалдау (жалға алу) шартын немесе жер учаскесін қосалқы жалдау шартына жасағанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

Заңды тұлға үшін:

Атауы ______________________________________________________________________

БСН ________________________________________________________________________

Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты

__________________________________________________________________________

Мекенжайы: _______________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

ЖСК _____________________________________________________________________

БСК ______________________________________________________________________

Банктің атауы ______________________________________________________________

Кбе ______________________________________________________________________

Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН__________________________________

Өтінімге мыналар:

1) ________________________________________________________________________

2) ________________________________________________________________________

3) ________________________________________________________________________

4) ____________________________________________ қоса беріледі.

Жеке тұлға үшін:

Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда): ______________________________________

ЖСН _____________________________________________________________________

Паспорт деректері __________________________________________________________

Мекенжайы: _______________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

ЖСК _____________________________________________________________________

БСК ______________________________________________________________________

Банктің атауы ______________________________________________________________

Кбе ______________________________________________________________________

Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН__________________________________

Өтінімге мыналар:

1) ________________________________________________________________________

2)________________________________________________________________________

3) ________________________________________________________________________

4) ________________________________________________________________________ қоса беріледі.

 

________________________________________________________________________

(қолы)         (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе заңды

тұлғаның атауы және заңды тұлға басшысының немесе сенімхат негізінде әрекет ететін

өкілінің тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

 

20__ ж. «___» ____________.

М.О.

 

Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

20__ ж. «___» ____________20__ ж. сағат «___» минутта қабылдады.

Тендерге қатысушының нөмірі ___________________________________

 

     


 

                                                                                                  Мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға)

                                                                                                  беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды

                                                                                                  мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында өткізу

                                                                                                  регламентіне 2-қосымша

 

 

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің)

үлгілік шарты

_________________________________

(объектінің атауы)

 

_____________қ.

№ ______

20___ жылғы «____»___________

 

Бұдан әрі «жалға беруші» деп аталатын _________________________________ атынан

                                                                      (жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы)

________________________________ 20 жылғы «____» _________ №____________ бекітілген

__________________________________________ туралы 20___________ жылғы

«_______» __________ №_________ Ереженің негізінде әрекет ететін басшы _______________

________________________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

бір тараптан және бұдан әрі «жалға алушы» деп аталатын ________________________ атынан

(жалдаушының (жалға алушының) атауы)

_____________________________________________ екінші тараптан, бірлесіп «тараптар» деп

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

аталатындар, төмендегі туралы осы шартты жасасты.

 

1. Шарттың нысанасы

 

1. Бұдан әрі «баланс ұстаушы» деп аталатын ____________________________________

(баланс ұстаушының атауы)

балансында тұрған, бұдан әрі «объекті» деп аталатын __________________________________

(объектінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы)

мекенжайында орналасқан _________________________________________________________

(объектінің атауы)

1) 20 «____» ____________________________ № ____________бұйрығының негізінде;

(жалға берушінің атауы)

2) 20 «____» _____________ № тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес тендер нәтижесі бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарттың мәні болып табылады.

2. ________________________________________________________________________

(объектінің белгіленуі не тендер шарттары)

мақсатында пайдалану үшін, 20___________ жылғы «__» _______________ бастап 20 жылғы «_____» аралығында объектіні жалға беруші мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді, ал жалға алушы қабылдап алады.

Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін аталған шарттың әрекет етуі тоқтатылады.

 

                             

2. Жалпы шарттар

 

3. Объектіні жалдауға беру жалға алушының, баланс ұстаушының өкілдері қол қоятын және жалға беруші бекітетін қабылдау-тапсыру актісі бойынша (беру сәтінде объектінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) жүзеге асырылады және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

4. Жалға берушінің шартқа қол қоюымен және баланс ұстаушының жазбаша келісімімен тапсырылатын объектінің беру сәтінде кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және шартқа қатысы жоқ үшінші тұлғалармен шарттың әрекет етуі ішінде талап етілмейтіндігін куәландырады.

5. Кемінде бір жыл мерзімге жасалған жылжымайтын мүлікті мүліктік жалға алу шарты «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. Шартты мемлекеттік тіркеу Жалға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6. Жалға алушы өрт пен электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жалдап отырған үй-жайлардағы техникалық құралдар мен инженерлік жабдықты дұрыс пайдалануға, сондай-ақ осы тармақта көзделген шарттардың тиісті түрде орындалмауының салдарына толық жауап береді.

 

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

7. Жалға берушінің:

1) баланс ұстаушымен келісім бойынша объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жалға алушыға жазбаша рұқсат беруге;

2) жалдау ақысын аударудың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыруға;

3) жалдау ақысын уақытылы енгізбегені үшін өсімпұл есептеуге;

4) тараптардың келісімі бойынша шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;

5) объектінің мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.                 

8. Жалға алушының:

1) жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге;

2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат үшін жалға берушіге өтініш жасауға;

3) жалға берушіге шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

9. Жалға беруші:

1) шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға баланс ұстаушының объектіні беруін қамтамасыз етуге және оны бекітуге;

2) шартта белгіленген тәртіппен жалға алушының объектіні иелену және пайдалануына кедергі келтірмеуге;

3) шарт талаптарын немесе жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай бұрын жалға алушыға хабарлауға;

4) жалға алушыға жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге міндетті;

5) осы шарт бойынша мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) үш күн мерзім ішінде енгізуді қамтамасыз ету.    

10. Жалға алушы:

1)_____________________________________________________ кешіктірмей ай сайын

                       (жалдау ақысын төлеу мерзімдері)

жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да жалдау төлемдерін (айыппұлдарды, өсімақыларды) төлеуге;

2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) енгізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің) көшірмелерін бере отырып, тоқсан сайын жалға берушімен есеп айырысуға салыстыруды жүргізуге;

3) қабылданған объектіні шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;

4) объектіні тиісті тәртіпте ұстауға, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді жасамауға;

5) объектіні дұрыс жағдайда ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізуге және мүлікті ұстау бойынша шығыстарды көтеруге, сондай-ақ тараптармен келісілген мерзімдерде күрделі жөндеу жүргізуге;

6) жалға алушының кінәсінен және табиғи тозуға байланысты объектінің жекелеген элементтері істен шыққан жағдайда, өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

7) жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;

8) объектіге және объект орналасқан жер учаскесіне жалға берушінің, санитариялық қадағалау қызметі және Қазақстан Республикасы заңнамасының және объектіні пайдалану мен қолдану тәртібіне қатысты өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;

9) шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;

10) шартты бұзған немесе шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, жалға алушы мен баланс ұстаушы қолдарын қойған және жалға беруші бекіткен қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға күнтізбелік он күн ішінде объектіні қайтаруды қамтамасыз етуге;

11) шарттың мерзімі өткеннен кейін немесе бұзған кезде объектіні жалдаушы мен баланс ұстаушы қол қойылған және жалға беруші бекіткен, қабылдап алу-тапсырып беру актісі бойынша баланс ұстаушыға күнтізбелік он күн ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге;    

12) жалға алушының кінәсі бойынша объекті пайдалануға жарамсыз жағдайға келтірілген жағдайда, өз қаражатының есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға;

13) объектіні жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге міндетті.

14) тендер талаптарын орындау: _____________________.

                                                          тендерден көрсетіледі

 

4. Жалдау ақысы мен есеп айырысу тәртібі

 

11. Объектіні мүліктік жалдау үшін жалдау (жалға алу) ақысының мөлшері айына ________ теңгені құрайды.

12. Мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған аударымдарды, объектіге көрсетілген қызметтер және қорғау үшін төлемдерді қамтымайды.

13. Ай сайынғы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдерді (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) жалға алушы жалға берушінің шотына: бенефициар ________ БСК, бенефициар ____________ ЖСК, бенефициар _______________ банкі, ағымдамғы айдың 25 күнінен кешіктірмей аударады.

  14. Жалға берушінің талабы бойынша жалдау ақысының мөлшері қайта қаралуы мүмкін, бұл туралы жалға беруші жалға алушыға жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жалдау ақысының өзгергендігі туралы жазбаша хабарлайды.

15. Жалға алушы Шарттың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалдау ақысын төлеудің мерзімін бұзған жағдайда, жалға алушы әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген сомадан 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.

16. Осы шартта көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу жалға алушыны орындалмаған міндеттемелерін тиісінше орындаудан босатпайды.

17. Жалға алушының бастамасы бойынша шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, аванспен төленген жалдау ақысы қайтарылмайды.

 

 

5. Шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары

 

18. Жалға алушы шартты бұзғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бұл туралы жалға берушіні жазбаша ескерте отырып, шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

19. Жалға берушінің талабы бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шарты бұзылуы мүмкін және объект жалға берушіге мынадай:

1) егер жалға берушінің жасаған жазбаша ескертуіне қарамастан, жалға алушы объектіні шарттың талаптарын немесе объектінің мақсатын елеулі бұза отырып пайдаланған;

2) егер жалға алушы шарт бойынша берілген объектіні нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;

3) егер жалға алушы қасақана немесе байқаусызда объектіні елеулі нашарлатқан;

4) егер жалға алушы шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін екі реттен астам объектіні пайдаланғаны үшін жалдау ақысын енгізбеген;

5) егер жалға алушы шартта белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеттемесі жалға алушыға жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзімдерде объектіге күрделі жөндеу жүргізбесе, жалға беруші жалға алушыға өз міндеттемелерін ақылға қонымды мерзімде орындау мүмкіндігін бергеннен кейін ғана шартты мерзімнен бұрын жоюды талап етуге құқылы;

6) жалға алушыға басқа объектіні оның жазбаша келісімінен кейін берген;

7) жалға беруші объектіні алып қою туралы шешім қабылдаған;

8) жалға берушінің атына баланс ұстаушы жазбаша өтініш жазған жағдайларда қайтарылады.

Шарт жалға алушының талабы бойынша мерзімінен бұрын мынадай:

1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе объектінің мәніне сәйкес жалға алушының пайдалануына объектіні бермеген не объектіні пайдалануға кедергі жасаған;

2) объектінің баланс ұстаушысы шартпен белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған жағдайда - ақылға қонымды мерзімдерде оған салынған объектіні күрделі жөндеу міндеттемелерін орындамаған;

3) жалға алушыға берілген объектілердің оны пайдалануға кедергі жасайтын, олар шарт жасасқан кезде жалға берушімен келісілмеген ақаулары болған және шартты жасасқан кезде объектіні қараған және оның жұмыс істейтінін тексеру уақытында анықталуы мүмкін болмаған;

4) егер объекті жалға алушының жауап беруі мүмкін емес жағдаяттар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылды.

20. Шартты мерзімінен бұрын бір тарапты бұзу сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін. Сот шешімі күшіне енгенге дейін объекті жалға алушыда сақталады, ол шартқа сәйкес жалдау ақысын төлеуді жалғастырады.

 

 

6.Форс-мажор

 

21. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер ол еңсерілмейтін күш жағдайлары салдарынан болса (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді басып шығару, міндеттемелерді орындауға қандай да бір басқа жолмен кедергі келтіретін немесе тыйым салатын), бұл жағдайда, осы міндеттемелерді орындау Тараптардың еркінен тәуелді емес және осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін тараптардың кез келгені орындай алмауы болғанда.       

22. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлармен туындаған салдардан болған шамалас уақытқа жылжып отырады.      

23. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде міндетті күнтізбелік 30 күн ішінде осы жағдайлардың туындағаны туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлауға міндетті.

24. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау міндеттемелерді орындамағаны үшін босатылатын негізі ретінде кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға Тараптың сілтеме жасау құқығынан айырады.   

25. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы күнтізбелік 2 айдан асатын болса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

    

 

7. Ерекше жағдайлар

 

26. Осы электрондық шарт бірдей заңды күші бар, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Электрондық шарттың өзекті нұсқасы мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында басып шығарылады.   

27. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың қосымша келісімге қол қоюы арқылы енгізіледі. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар осыған уәкілеттік берген тұлғалар жасағанда күші бар.   

Барлық қосымшалар мен қосымша келісімдер осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

28. Егер жалдаушы өз қаражаты есебінен және баланс ұстаушының келісімімен және жалға берушінің жазбаша рұқсатымен, объект үшін зиянсыз ажырамас жақсартулар жасағанда, онда жалға алушының шарт тоқтатылғаннан кейін баланс ұстаушыдан осы жақсартулардың құнын өтеу құқығы бар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгелер көзделмесе.       

Жалға алушы жасаған объектінің ажыратылатын жақсартулары, оның меншігі болып табылады.

Жалға беруші мен баланс ұстаушының келісімінсіз жалға алушы жасаған ажырамайтын жақсартулар құны өтеуге жатпайды, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгелер көзделмесе.      

29.  Мүліктік жалдауға (жалға алуға) тапсырғаны үшін жалдау ақысын есептеу объектіні қабылдап алу-тапсырып беру актісі бойынша объектіні баланс ұстаушыға қайтарғанға дейін есептеледі. Жалдаушы мен баланс ұстаушы қол қойған және жалға беруші бекіткен, қабылдап алу-тапсырып беру актісі мүліктік жалдау (жалға алу) шарты аяқталу мен оны бұзу фактісін растайтын құжат болып табылады.      

 

 

8. Дауларды қарау тәртібі

 

30. Осы шарттан немесе оған байланысты тараптар арасында туындауы мүмкін даулар келіссөздер жолымен, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда - сот тәртібімен шешіледі.

 

9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік деректемелері

 

ЖАЛҒА БЕРУШІ: Басшы __________________________________

(жалға берушінің атауы)

__________________________________
__________________________________
          (орналасқан жері)


__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінде бар болған жағдайда)
__________________________________
            (қолы)

 

ЖАЛҒА АЛУШЫ: ____________________________________
____________________________________
    
(жалға алушының атауы мен орналасқан жері)

____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке куәлігінде бар болған жағдайда
_______________________________
           (
қолы)

 

Generated in 307ms