Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
09.03.2017
Астық нарығына қатысушылардың назарына! Астық қолхатын сату бойынша тендерін өткізу бөлігінде «Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу реттемесі»-не өзгерістер және толықтырулар жарияланды

Осымен «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 87 шешімімен «Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу реттемесі»-не (бұдан әрі - Реттеме) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы өсімдік шаруашылығы (астық және майлы) өнімін сатушылары мен электрондық сауда-саттыққа қатысушыларын хабардар етеміз.
Осыған орай, 2017 жылдың 9 наурызынан бастап астық қолхатын сату бойынша тендерін ұйымдастыру және өткізу бойынша жетілдірген функционалын мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Портал) пайдалануға болады.
Атап айтқанда, осы Реттемеге енгізілетін түзетулер сату/сатып алудың «осы жерде және қазір» қағидасы бойынша күнтізбелік он бес күнін күтпей-ақ, астық қолхатын ұстаушылары астық қолхатын сатуға мүмкіндік береді.
Осы сауда-саттықтың әдісін сатушы таңдап алған кезінде, астық қолхатын ұстаушысымен белгіленген сату бағасына тең, сатып алу бағасымен электрондық өтінімін бірінші болып берген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Бұдан басқа, сатушы электрондық бұйрықты астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеу арқылы, сауда-саттыққа қатысушының өтінімі келіп түскенге дейін сату бағасын өзгерте алады.
Сатып алынған астық қолхатының меншік құқығын қайта ресімдеу үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығымен бекітілген, Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 23-тармағына сәйкес, электрондық сауда-саттықтың жеңімпазы www.minagro.kz астық қолхаттарының ақпараттық жүйесінің веб-порталында дербес шотын ашуы және «Астық қолхатын есепке алу/есептен шығару» операциясын өткізуі қажетті.
Generated in 32ms