Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
07.06.2017
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектілерінің нарықтық құнын бағалау және/немесе оларды сату бойынша мәмілелерді сүйемелдеу үшін тәуелсіз консультанттарды тарту туралы хабарлайды ("Ұлттық ғылыми медициналықорталық" АҚ және "КазМедТех" АҚ)

Тәуелсіз консультанттарды тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мынадай ұсыныстар сұратуларын жариялайды:

1. Екі кезеңді рәсімдер арқылы консурста «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының акцияларының мемлекеттік пакетінің нарықтық құнын бағалау және сату бойынша мәмілелерді сүйемелдеу үшін әлеуетті тәуелсіз консультантқа (консультанттарға) ұсыныстарды сұрату.
2. «ҚазМедТех» акционерлік қоғамының акцияларының мемлекеттік пакетінің нарықтық құнын бағалау үшін әлеуетті тәуелсіз консультантқа (консультанттарға) ұсыныстарды сұрату.
Әлеуетті тәуелсіз консультант не болмаса заңды тұлғалардың бірлестігі (консорциум) өтінімді мөр басылған конвертте 2017 жылғы 11 шілдеде 10:00 сағатқа дейін ұсынады. Өтінім тігілген, беттері не болмаса парақтары нөмірленген, соңғы беті не болмаса парақтарына мөр басылуы тиіс және уәкілетті тұлғаның қолтаңбасы қойылуы тиіс.
Әлеуетті тәуелсіз консультанттың не болмаса заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) өтінімі мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.
Әлеуетті тәуелсіз консультант не болмаса заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) қажет болған жағдайда өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өтінімдерін өзгертеді немесе кері қайтарып алады. Ұсынылған өтінімге өзгерістер және/немесе толықтыруларды енгізу бұдан бұрын үсынылған өтінімді алмастыру арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдерді ашу 2017 жылғы 12 шілдеде 10:00 сағатта Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Generated in 25ms