Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
22.01.2018
Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы барысында туындаған кемшіліктер туралы

Құрметтті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 924 қаулысымен («Казахстанская правда» жалпыұлттық күнделікті басылымында 2018 жылғы 11 қаңтарында №7 жарияланды), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен  бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, атап айтқанда:
1) мемлекеттік мүлік сатушыларына аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкім аппараты қосымша жатады (Қағидалардың 2 тармағының 17) тармақшасы);
2) ауыртпалығы бар объектіні жекешелендіру берілмейді, бұл сәйкес құжатпен расталу қажет (Қағидалардың 9 тармағы);
3) егер кепілдік жарнаның сомасы сату бағасынан жоғары болған кезде, тізілімнің веб-порталында сатушы және сатып алушымен сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап бірыңғай оператормен үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға айырмасы қайтарылады (Қағидалардың 22 тармағы);
4) сатып алу-сату шарты тізілімнің веб-порталында электронды түрде жасалады және сатып алушы мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап, күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қояды. Бұл ретте, сатушы сатып алушыға қол қою үшін сатып алу-сату шартының жобасын сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде ұсынады (Қағидалардың 50 және 68 тармақтары);
5) жеңімпаз аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде, сатушымен сауда-саттықтың күшін жою кезінде жекешелендіру объектісі сауда-саттықтың күшін жою туралы шарттармен сауда-саттыққа тағы да шығарылады (Қағидалардың 51 және 69 тармақтары);
6) сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасы бірыңғай оператормен сатушының шотына емес, бірден Ұлттық қорға немесе сатушының сәйкес бюджеттік сыныптама кодының жергілікті бюджетіне аударылады (Қағидалардың 52 тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасы және 96 тармағы);
7) мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару мерзімі ішінде нарықтық құн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесіне сәйкес индекстеуге жатады (Қағидалардың 86 тармағы);
8) аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушының шартты бiржақты тәртiппен бұзылады және мүлік сауда-саттықтың күшін жою туралы шарттармен сауда-саттыққа тағы да шығарылады (Қағидалардың 90 тармағы);
9) жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы сауда-саттықтың күшін жояды және мүлік қайтадан сауда-саттыққа шығарылады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде көрсетілген ҚР Үкіметінің қаулысы, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетінін есепке ала отырып, 2018 жылғы 22 қаңтардан бастап тізілімнің веб-порталында жетілдірілген қызмет пайдалануға берілетінін хабарлаймыз.

Generated in 14ms