Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
10.03.2015 Сауда саттықтарға қатысушылар назарына – Жекешелендіру объектілерін сату Қағидасына енгізілген –өзгерістер мен толықтырулар жарияланды

Құрметті сауда-саттықтарға әлеуетті қатысушылары! «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ы (бұдан әрі-Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидасына 2015 жылдың 10 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 46 қаулысымен (бұдан әрі - №46 Қаулы) түзетулер енгізілгендігін хабарлайды, атап айтқанда:
1) Сауда-саттықтарға қатысу үшін кепілдік жарнаның шекті мөлшері 30000-еселенген айлық есептік көрсеткішімен шектеледі (2015 жылы – 59460 мың теңге);
2) Бұрындары сатушының есеп шоттына аударылатын кепілдік жарна (Қоғамның) мемлекеттік мүлікті есептеу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне /реквизиттеріне/ аударылады;
3) Сауда-саттықтарда жеңімпаз болып табылған қатысушының кепілдік жарнасы бірыңғай оператормен сатушының есеп шотына аударылады және мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталындағы (бұдан әрі - Портал) сауда-саттықтарға қатысушыдың немесе сатушының ЭЦҚ-мен расталған электрондық өтінімі негізінде сауда-саттықтардың басқа қатысушыларына қайтарылады;
4) Сауда-саттықтарға қатысушыларды тіркеу аукцион немесе тендердің басталуына екі сағат қалғанда аяқталады, ал бұрындары электрондық сауда-саттықтарына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау сауда-саттықттардың басталуына жиырма төрт сағат қалғанда аяқталатын;
5) Сауда-саттық басталуына екі сағат уақыт қалғанда кепілдік жарнаның Бірыңғай оператордың есеп шотына түспеуі Порталмен сауда-саттықтарға қатысуға берілген өтінімді қайтаруға негіз болады, бұрындары сауда-саттық басталуына жетпіс екі сағат қалғанында сатушылардың есеп шотына кепілдік жарналардың түспеуі өтінімді қабылдамауға негіз болатын;
6) Сауда-саттықтардың голланд тәсілі бойынша аукционды өткізген кезде бағаның өзгертілу уақыты бестен екі минутқа дейін азайтылды, ал бағаның өзгертілу қадамы жекешелендіру объектісінің ағымдағы немесе бастапқы бағасынан бес пайыз көлемінде бекітілген (АЕК 100 000-еселенген көлемінде және одан жоғары). №46 Қаулы 2015 жылдың 5 наурызында «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық күнделікті басылымында жарияланды №43 (27919) (http://www.egemen.kz/2015/03/05/51777 сілтемесі бойынша қараңыз) және осы орайда 2015 жылдың 16 наурызынан бастап күшіне енеді.
Generated in 50ms