Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
07.09.2018

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ коммуналдық меншік объектілерінің нарықтық құнын бағалау үшін әлеуетті тәуелсіз консультанттарды тарту туралы хабарлайды.

Тәуелсіз консультантары тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 382 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз консультантты тарту қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.



«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ келесі ұсыныстарды сұратуды жариялайды:

1. «№1 автобус паркі» АҚ акционерлік қоғамының акциялары мемлекеттік пакетінің нарықтық құнын бағалау үшін әлеуетті тәуелсіз консультантқа (консультанттарға) ұсыныстарды сұрату.
Өтінімді әлеуетті тәуелсіз консультант мөртаңба басылған конвертте 2018 жылғы 8 қазандағы сағ. 15:00-де дейін ұсынады. Өтінім тігілген, беттері немесе парақтары нөмірленген, ең соңғы беті мөрмен және уәкілетті тұлғаның қолымен расталған болуы тиіс.
Әлеуетті тәуелсіз консультант өтінімі мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.
Әлеуетті тәуелсіз консультант қажет болған жағдайда, өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өз өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады. Ұсынылған өтінімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бұдан бұрын енгізілген өтінімді алмастыру арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдерді ашу 2018 жылғы 9 қазандағы сағ. 15:00-де Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 228 кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Generated in 23ms