Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
21.01.2019

Электрондық сауда-саттыққа қатысушылардың назарына – Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасына түзетулер жарияланды



«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1106 бұйрығымен (бұдан әрі - № 1106 бұйрық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасына (бұдан әрі - Қағида) түзетулер енгізілгенін хабарлайды.
Осыған орай, www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – Портал) 2019 жылғы 22 қаңтардан бастап №1106 Бұйрықтың нормаларына сәйкес, электрондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша жетілдірілген функционал пайдалануға берілді. Атап айтқанда:
1) мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін мүліктің мынадай түрлері: бағалы қағаздар, қара және түсті металдардың сынықтары, шикі мұнай, жануарлар, жануарлардан алынатын шикізаттар, алкоголь өнімдері, темекі және темекі өнімдері, сондай-ақ жойылуға жататын немесе үлестік меншіктегі мүлік ұсынылмайды (Қағиданың 4-тармағынының екінші бөлігі);
2) егер кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асатын жағдайда, бірыңғай оператор сатушы мен сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға айырмасын қайтарады (Қағиданың 26-тармағы);
3) бағаны төмендетуге арналған аукцион өткізілген жағдайда, бастапқы баға алғашқы бағаны 3-ке тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады (Қағиданың 35-тармағы);
4) жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды жәнеаталған мулік күшін жойған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады (Қағиданың 46-тармағы);
5) бірыңғай оператор сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке үш жұмыс күні ішінде аударады (Қағиданың 47-тармағының 2)тармақшасы);
6) сатушы сатып алу-сату шартын бір жақты тәртіппен бұзған жағдайда сатушы сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күшін жойған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады (Қағиданың 57-тармағы).
Generated in 34ms