Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
11.03.2019

Сауда-саттыққа қатысушылардың назарына – Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар жарияланды



Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ы (бұдан әрі - Қоғам) «Astana» ӘКК» АҚ жалға беруіндегі көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін қосалқы жалдауға беру бойынша электрондық сауда-саттықтарын өткізу бөлігінде, Қоғамның Директорлар кеңесінің 27.12.2018ж. № 94 шешімімен бекітілген, Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу Регламентіне (жалға алу Регламенті) түзетулері, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 102 шешімімен енгізілгендігін хабарлайды.
2019 жылдың 1 наурызынан қолданысқа енгізілген жоғарыда көрсетілген түзетулерге сәйкес, сауда-саттыққа қатысушылардың мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Портал) тіркелуі хабарламаны Порталда жариялаған күнінен бастап басталады және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат аяқталады.
Сауда-саттыққа қатысушысы ретінде тіркелу үшін Порталда алдын ала тіркелу қажет, сондай-ақ бұл арқылы қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімін бере алады.
Қатысушы өтінімді бергенге дейін кепілдік жарнасын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламасында көрсетілген, ұйымдастырушының есеп-айырысу шотына төлейді. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы көше саудасын орналастыру үшін жер учаскелерін «Astana» ӘКК» АҚ ұсыну Ережелеріне сәйкес, мөлшерінде жалға берушімен белгіленген және 50 АЕК (айлық есептік көрсеткішін) құрайды.
Generated in 56ms