Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212
бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 6 - тармағымен мүліктік жалдау/жалға алу шартының (бұдан әрі-Шарт) қолданылу мерзімін ұзарту бойынша рәсімдер реттелгендігін хабарлайды. Атап айтқанда, шарттың қолданылу мерзімі жалға алушының өтініші және Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – Портал) электрондық форматта жасалатын және жалға беруші мен жалға алушы қол қоятын ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қол қоятын шартқа қосымша келісім негізінде 3 жылға дейінгі мерзімге ұзартылатындығын.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта Порталда шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 4-тен 30 жұмыс күніне дейін ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтінішті жалға алушының беруі үшін функционалы іске асырылды.
Осы ретте, Ереженің 12 және 38-тармақтарын ескере отырып, жалдаушымен шарт электрондық форматта жасалатыны және шарттың сәйкестендіргішін көрсете отырып, порталда тіркелгендігі туралы көрсетілген өтінішті порталда тек электрондық шарттарға қатысты ғана беруге болады.
1) шарт сәйкестендіргішін көрсете отырып, жалға алушының қағаз тасымалдағашындағы
шарттын электрондық форматқа аударуға және оны Порталда тіркеуге электрондық ұсынысын беру арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 211
бұйрығымен белгіленген тараптардың қосымша келісім жасасуы типтік нысаны бойынша жалға беруші мен жалға алушы араларында шарттың мәтіні жаңа басылымда баяндалады
(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі №67 бұйрығымен енгізілген түзетулерді ескере отырып).