Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
25.09.2015 Сауда-саттықтарға қатысушылар назарына - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 16 наурызындағы № 178 бұйрығымен бекітілген борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізудің жаңа қағидалары жарияланды

«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы 2015 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 28 тамызындағы № 685 қаулысына сәйкес – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 8 шілдесіндегі №777 қаулысымен бекітілген Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары күшін жойды деп танылды.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылдың 16 наурызындағы № 178 бұйрығымен (бұдан әрі - №178 Бұйрық) бекітілген Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысының жекелеген нормалары өзгертілді.
Атап айтқанда, №178 Бұйрығымен:
1) сауда-саттықтарға қатысу үшін ұсынылатын кепілдік жарнаның шекті мөлшері 30000 еселенген айлық есепік көрсеткіші мөлшерінде белгіленеді;
2) Лоттың ең төменгі бағасының шекті мөлшері - кредиторлар жиналысы лоттың төменгі бағасын белгілеген жағдайда, лоттың әуелгі бағасының елу пайызынан кем болмайтындай болып шектеледі;
3) Мүліктің (активтің) электронды аукционға екінші мәрте түсуінде сатушы несие берушілірдің келісімімен лоттың бастапқы бағасын алғашқы сатылым бағасынан 15 пайыздан аспайтын мөлшерде түсіруге рұқсат етіледі. Бұл орайда, бастапқы бағаның төмендетілуі тек бір рет жүргізіледі;
4) Аукцион нәтижелері туралы хаттамаға мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында (бұдан әрі - Портал) ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы мен жеңімпаз электрондық аукцион өткізілген күнінде қол қояды.
Жоғарыда көрсетілгендерді негізге ала отырып, 2015 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Порталда №178 Бұйрығына сәйкес Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукциондарды өткізуге мүмкіндік беретін функционалы енгізілетіндігін ақпараттандырамыз.
Generated in 152ms