Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
22.01.2021

Мемлекеттік мекемелер үшін жылдық қаржылық есептілік шаблонның порталдық нұсқасы туралы ақпараттық хабарлама



«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы мемлекеттік мекемелерге жылдық қаржылық есептілікпен электронды есеп құруға арналған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен белгіленген нысандарға сәйкес «468 - мемлекеттік мекемелерге (2021.01.01. бастап)» шаблонының (бұдан әрі – 468-шаблон) портал нұсқасын енгізу туралы хабарлайды.
Көрсетілген 468-шаблон көмегімен электрондық есепті жасау үшін пайдаланушы мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында (бұдан әрі – Портал) «Заңды тұлға» жеке кабинетінде, заңды тұлғаға берілген ЭЦҚ пайдаланып дербес тіркелуі қажет.
Порталда тіркелгеннен кейін көрсетілген 468-шаблон «Жеке кабинет > Заңды тұлға > Ұйымның электрондық есептері» бөлімінде толтыруға болады.
Сонымен бірге, «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі (ЕТБЖ)» бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамасына енгізілген «468 - мемлекеттік мекемелерге» шаблонының (ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 632 бұйрығына нысандардың өзгеруне байланысты) пайдаланудан шығарылуы туралы хабарлаймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, видео оқулықты көріңіз немесе мына мекенжайлар және телефондармен байланысуыңызды сұраймыз.
Generated in 40ms