Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
19.07.2021

Мемлекеттік заңды тұлғалар үшін мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты ұсыну үшін шаблонның порталдық нұсқасы туралы ақпараттық хабарлама



«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінің 3 тармағына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар үшін мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты ұсыну үшін «Активтерді түгендеу, соның ішінде үй-жай және автомобильдер (2021.07.21 бастап)» (далее – Шаблон) шаблонның порталдық нұсқасын енгізу туралы хабарлайды.
Көрсетілген Шаблонның көмегімен мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты ұсыну үшін пайдаланушы мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында (бұдан әрі – Портал) «Заңды тұлға» жеке кабинетінде, заңды тұлғаға берілген ЭЦҚ пайдаланып дербес тіркелуі қажет.
Порталда тіркелгеннен кейін көрсетілген шаблон «Жеке кабинет > Заңды тұлға > Ұйымның электрондық есептері» бөлімінде толтыруға болады.
Сонымен бірге, «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі (ЕТБЖ)» бағдарламалық қамтамасыз ету жасақтамасына енгізілген «Активтерді түгендеу, соның ішінде үй-жай және автомобильдер (2014.11.10 бастап)» шаблонының (ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 277 бұйрығына нысандардың өзгеруне байланысты) пайдаланудан шығарылуы туралы хабарлаймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, видео оқулықты көріңіз немесе мына мекенжайлар және телефондармен байланысуыңызды сұраймыз.
Generated in 32ms