Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
11.12.2015 Сауда-саттыққа қатысушылардың назарына – ҚР-сы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидалары (ҚР-сы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 679 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын есепке алумен) жарияланған

Осымен «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы ҚР-сы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 679 бұйрығына сәйкес, ҚР-сы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) өзгерістер мен толықтырулар 2015 жылдың 18 желтоқсанынан бастап енгізілетіндігін хабарлайды.
Осыған орай, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша электрондық тендерлерін мемлекеттік мүліктің тізілімі веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) ұйымдастыру және өткізу бойынша жетілдірілген функционалы 2015 жылдың 18 желтоқсанынан бастап пайдалану үшін іске қосылады. Атап айтқанда:
1) объектіні тендерді өткізусіз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін электрондық өтінімін беру (Қағидалардың 10, 12-тармақтарына сәйкес);
2) тендерге қатысушылардың кепілдік жарналарын мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына қабылдау, сондай-ақ тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын жалға берушінің шотына аудару және тендерге қатысу үшін өтінімде көрсетілген, деректемелерге басқа қатысушылардың кепілдік жарнасын қайтару (Қағидалардың 20-1, 31-тармақтарына сәйкес);
3) тендерге қатысушылардың веб-порталда тіркелу рәсімін оңтайландыру (Қағидалардың 21, 23, 24, 25, 27, 28, 29-тармақтарына сәйкес);
4) веб-порталдың өткізілмеген тендер туралы актісін жасақтауы (Қағидалардың 35-тармақшасына сәйкес);
5) қатысушылардың веб-порталмен қабылдап алынған, тендерге қатысу үшін өтінімдерін тендерлік комиссия мүшелері қарастыру (Қағидалардың 36, 37, 40-тармақтарына сәйкес).
Generated in 24ms