Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
Хабарландырулар
Деректерді жүктеу...
11.01.2016
Сауда-саттықтарға қатысушылардың назарына – (2015 жылдың 31 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1174 қаулысымен енгізілген өзгертулері есебімен) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамызындағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы жаңа басылымда жарияланды

«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 4 желтоқсанындағы № 435-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - заң), 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілгендігін хабарлайды.
Осы заңды жүзеге асыруында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы қаулысын ресми түрде жариялаудың бірінші күнінен бастап күшіне енгізілетін (жаңа басылымдағы 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1174 қаулысының қосымшасына сәйкес) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы әзірленді.
Осы орайда, мемлекеттік мүліктің тізілімі www.gosreestr.kz веб порталында (бұдан әрі - Портал) жекешелендіру объектілерін сату бойынша (бағаның арттырылуына немесе төмендетілуіне аукцион, тендер және жабық тендер) заңмен анықталған электрондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша жетілдірілген функционал іске қосылды. Атап айтқанда:
1) объектіні нарықтық құны бойынша, оның ішінде теңгерімдік құнынан төмен сату;
2) АҚ акцияларын және ЖШС қатысу үлестерін сату кезінде мәліметтерін жариялау мерзімдерін 30-дан – 15 күнтізбелік күніне дейін қысқарту;
3) аукционды өткізудің екі әдістерін орнату: бағаның арттырылуына немесе бағаның төмендетілуіне (бұрын сауда-саттықтардың ағылшын және голланд әдістері);
4) келесі аукциондардың өткізілу мерзімдерін орнату (объектіні сату бойынша әрбір келесі сауда-саттық келесі жиырма жұмыс күнінен кейін өткізілуге тиісті);
5) ұйымның қызмет түрінің сақталуын ұйымдастыру тендердің шартын анықталуымен АҚ акцияларын және ЖШС қатысу үлестерін сату кезінде тендерлік шарттарды болдырмау;
6) жабық тендерді Порталда электрондық пішімінде өткізу;
7) Порталда тендер немесе жабық тендерді өткізу уақытын орнату (Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден – 13:00-ге дейіңгі мерзімінде сейсенбіден жұмаға дейін Қазақстан Республикасы заңдылығымен қарастырылған мерекелік және демалыс күндерін қоспағанда);
8) тендер немесе жабық тендерге қатысуға берілген өтінімді сатушымен қарауға (бұрын өтінімдер комиссиямен қаралатын);
9) бірінші, екінші және үшінші сауда-саттықтарында объектілердің бастапқы бағаларын анықтау тәртібінің өзгеруіне;
10) бағаның төмендетілуіне аукционын өткізілу кезінде бастапқы бағаны анықтау үшін арттыру коэффициентін болдырмау;
11) бағаның төмендетілуі аукционын өткізу кезінде объектінің ағымдағы немесе бастапқы бағасынан 5% мөлшеріндегі баға өзгерілуінің бірыңғай қадамын орнату;
12) объектіні сауда-саттықтарға шығару саны бойынша шектеу орнату (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурызындағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 97 бабының 5 тармағы және 98 бабының 4 тармағына сәйкес егер өткізілген үш сауда-саттық нәтижесі бойынша мемлекеттік кәсіпорын мүліктік кешен ретінде өткізілмесе, сондай-ақ, мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайтын акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілмеген болса, бұл заңды тұлғалар таратылуға жатады);
13) Сату объектісін бөліп-бөліп төлеуге беру рәсімін жетілдіру.
Generated in 50ms