Деректерді жүктеу...
Деректерді жүктеу...
Call-орталығы:+7 (7172) 552981
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА АЛАҢЫ
БАҚта жариялануы
Деректерді жүктеу...
21.12.2020

23 желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш рет мұнай-газ кен орындарында барлау мен өндіру құқығына арналған онлайн аукциондар өтеді



Кез келген адам аукционның барысын бақылай алады – оператор бұл үшін жеке оонлайн аукцион залын құрды.
Онлайн аукциондар сервисі 2020 жылғы 1 қыркүйекте www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі порталында іске қосылды. Оның көмегімен ҚР Энергетика министрлігі инвесторларға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге ниетті. Бүгінде 82 учаске туралы ақпаратты қамтитын интерактивті карта барлығына қолжетімді. Нысандардың әрқайсысы бойынша аукционға бастамашылық жасау үшін әлеуетті инвестордың өтінімді онлайн бергені жеткілікті, содан кейін кен орнын барлау және/немесе игеру құқығын аукционға шығару процесі басталады.
Барлығы 10 учаске қойылды, бірақ 23 желтоқсанда тек 7 учаске бойынша аукцион өткізіледі. Қалған үшеуі бойынша аукционға қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты өткізілмейді.
Жаңа тетік нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократияны азайтады және бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай азайтады.
Ақпараттық жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау есебінен алдын ала бағалау жүргізіп, қажет болған жағдайда қатысушылардың өтінімдер жіберуіне шектеу қояды. Мысалы, егер өтініш берушінің салықтық қарыздары болса.
Сауда-саттық барысын онлайн режимінде барлығы көре алады.
Generated in 14ms